Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Коалиция: Жаңа Конституция білім экономикасына көшу бағытын бекітеді

Коалиция: Жаңа Конституция білім экономикасына көшу бағытын бекітеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Маңғыстау облысында соңғы жылдары Президент тапсырмасымен ұзақ уақыттан бері қордаланған инфрақұрылым мәселелері шешілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Олар Кеңес заманынан бері күн тәртібінен түспей келген еді. Бүгінде өңір қарыштап дамып, әр салада ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы осы және Ата Заңның қабылдануымен жол ашылатын басқа да жаңа мүмкіндіктер туралы облыс тұрғындарымен сөйлесті.

Жұртшылықпен кездесуде Ерлан Қошанов Маңғыстаудың қуатты өнеркәсіптік әлеуетіне қарамастан, өңірде ондаған жылдар бойы тұрғындардың орынды наразылығын тудыратын мәселелер жиналып қалғанын атап өтті. Осыған орай, Мемлекет басшысы алты жыл бұрын барлық мәселені шешу туралы нақты тапсырма беріп, Өңірді кешенді дамыту жоспарын құруды міндеттеп, оның іске асырылуын жеке бақылауында ұстады. Барлық қажетті ресурстар бөлінді. Бүгінде жоспар толық орындалып, маңғыстаулықтар оның нәтижелерін көріп отыр.

– Ең бірінші және ең өзекті мәселе – ауызсу тапшылығы. Бұл мәселе Кеңес дәуірінде де, Тәуелсіздік жылдарында да толық шешілмеген еді. Ол туралы өз шығармаларында Әбіш Кекілбаев та жазған болатын. Ал өткен жылы бұл мәселе 100 пайыз шешімін тапты. Каспий су тұщыту қондырғысының қуаты артты, Түпқарағанда, Кендірлі мен Жетібайда жаңа су тұщыту қондырғылары іске қосылды. Президенттің жүйелі қолдауының арқасында биыл Маңғыстауда ауызсу мәселесі жойылды, – деді Мәжіліс Спикері.  

Сондай-ақ өңірде электр қуатының үзілуі мен ажыратылуы тоқтады. Қазір баламалы энергия көздері жүйелі дамып келеді, соның ішінде Жаңаөзендегі бірегей гибридті электр стансасы бар. Мемлекеттің қолдауымен МАЭК жаңартылып, жылу және электр желілері жөндеуден өткізілуде.

Әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері кешенді түрде шешімін табуда. Соңғы екі жылда «Келешек мектептері» жобасы аясында 13 заманауи мектеп салынды, жақын арада үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешіледі. Жаңаөзенде заманауи Оқушылар сарайы пайдалануға берілді, Ақтауда халықаралық стандарттарға толық сай келетін жаңа мұзайдын ашылды. Облыс орталығында жедел көмек көрсетуге арналған көпфункционалды орталық бой көтерді, ал Мұнайлы ауданында көпсалалы аурухана іске қосылды.

Президент тарапынан өңірлік экономиканы дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы облыстың экономикасын айтарлықтай әртараптандыратын 52 міндет жүктеген болатын, оның барлығын өзі жеке бақылауында ұстап отыр. Атап айтқанда, келесі алты жыл ішінде облыста 10 триллион теңге тұратын 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Өңдеуші өнеркәсіп, логистика, туризм және ауыл шаруашылығы саласындағы ірі жобалар шамамен 10 мың жұмыс орнын құруға жол ашады. Жаңаөзенде салынып жатқан газ өңдеу зауытының да өндірістік әлеуеті зор.

Өз кезегінде өңір тұрғындары Президентке Маңғыстау облысына ерекше көңіл бөлгені үшін, жергілікті жұртшылыққа деген қамқорлығы үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Бүгінде өңірде тұрмыс сапасы жақсарып келеді. Адамдар су, жылу, электр қуатының тоқтап қалуы сияқты келеңсіздіктерді ұмытты, облыстың әрі қарай дамуы үшін берік негіз қалыптасты.

Негізі күн тәртібіне көшкен Мәжіліс Төрағасы жаңа Ата Заң жобасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік қызметке кіріскен алғашқы күнінен бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылған жүйелі реформалардың нәтижесі екенін атап айтты. Бұл реформалардың аясында баршаға тең мүмкіндік туғызуға берік негіз қаланып, биліктің бір қолға шоғырлануы мүмкіндігі жойылды, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару процесі басталды.

– Осы қадамдардың өзегінде – әділеттілік, теңдік пен бірлік идеясы тұр. Заң мен тәртіп соның берік іргесі болып қалануда. Бұл қоғамның санасына серпіліс берген басты құндылықтарымызға, негізгі қағидаттарымызға айналды. Жаңа Ата Заң – осы жүйелі жұмыстың заңды жалғасы, түпкі түйіні. Ең негізгісі, мұның бәрі – халықтың сұранысынан туындап отыр. Сондықтан елдің болашағына бағытталған баптар, преамбулада көрініс тапқан құндылықтар, халықтың қалауынан туған қағидаттар – бәрі Президенттің жүрегінен шыққан деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа Конституцияда Мемлекет басшысының жылдар бойғы ой-толғамдары халықтың үнімен үндесіп тұр, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс Төрағасы ғаламдық тұрақсыздық күшейіп тұрған кезеңдерде Президент сыртқы саясатта сындарлы бағыт ұстануға үлкен күш жұмсап,  сол арқылы әлемнің барлық елдерімен серіктестік пен тең құқыққа негізделген қарым-қатынасты қамтамасыз етіп отырғанын ерекше атап өтті. Елге инвестициялар салынып, шет мемлекеттердің басшылары келіп, Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ниет танытуда. Бүгінде жаһанда аумалы-төкпелі ахуал белең алған тұста ішкі тұрақтылық пен қоғамның бірлігі ерекше маңызды. Тек осы арқылы Қазақстан дамып, алға жылжи береді.

Сондай-ақ кездесу барысында Ата Заң жобасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, цифрландыру және мемлекеттің әлеуметтік міндеттері мәселелері де көтерілді. Жергілікті тұрғындар жаңа Конституцияның парадигмасы өзгеріп, жерасты қазба байлықтарына емес, адам капиталын дамытуға бағытталғанын оң бағалады. Енді Қазақстан тек минералдық ресурстарға емес, интеллектуалдық ресурстарға, білім экономикасын құруға иек артады. Сондықтан құжатта ғылым, білім және инновацияларды дамыту нормалары мемлекеттің стратегиялық басымдықтары ретінде бекітіліп, ғылыми және техникалық шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.

Маңғыстау облысының өндірістік кәсіпорындарымен кездесуі әсерлі өтті. Тұз қышқылы мен кальций хлоридін шығаратын  Topan Chemical Industries  зауытының ұжымы жаңа Конституциядағы лайықты еңбек құқығы, уақытылы және әділ жалақы, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету нормаларын қолдады. Бұл ережелер мемлекеттік саясаттың айқын бағдары болып отыр. Жұмыскерлер өздері атап өткендей, бұл норма олардың өмірін, денсаулығын және кәсіби мүдделерін қорғауға берік негізін қалайды.

Өндірістің болашағы туралы Коалиция мүшелері «ӨзенМұнайГаз» мұнайшыларымен де пікір алмасты. Әңгіме Конституцияның негізгі идеясы – «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидасы аясында өрбіді. Әлеуметтік және еңбек кепілдіктері, мұнай-газ саласын дамыту, жастардың ғылыми әлеуеті, отбасына қолдау көрсету, инновациялық технологияларды енгізу, «Құқық пен тәртіп» қағидатының нығаюы сияқты мәселелер талқыланды. Осы аталғандардың барлығы Ата Заң жобасында көрініс  тапты.

Мұнайшылар өңірдегі экология ахуалына бөлек тоқталды. Ұзақ уақыттан бері жұмыс істейтін Қошқар ата қалдық қоймасы орналасқан Маңғыстау облысы үшін жаңа Конституцияда жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатты аялау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау, апаттардың, ластанулардың және қалдық төгудің алдын алу бойынша жауапкершілігін бекіту ерекше өзекті болып отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесуде Қазақстанда тұратын 130-дай этнос пен 20-ға жуық конфессияның бірлігін бекемдеу мәселесі талқыланды. Ата Заң жобасында этносаралық келісім принципі негізгі мемлекеттік бағдарлардың қатарында тұр. Бұл принцип преамбула мен бірқатар негізгі баптарда көрініс тапқан. Кемсітушілікке жол бермеу, мәдени алуандықты құрметтеу мемлекеттің стратегиялық құндылығы ретінде ерекше атап көрсетілген.

Барлық кездесу қорытындысында қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдап, оның қоғамдық бірлікті нығайту мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңыздылығына ерекше назар аударды. Ұсынылған өзгерістер Президенттің «Әділетті Қазақстан» бастамасын жүзеге асыруға, баршаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

Жалпыұлттық коалицияның баспасөз қызметі

Суретті түсірген: Жаслан Жумабеков, Талгат Таныбаев

Дайындаған: «AMANAT MEDIA GROUP» ЖШС

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

«AMANAT» партиясы» ҚБ қаражатынан төленді

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Наурыз 2026 15:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see120

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары