Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Көкшенің көркі көз тартады

Көкшенің көркі көз тартады

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ақмола өңірі табиғи климаттық жағдайға байланысты қысқы туризмді, спорт түрлерін, экологиялық шараларды, отбасылық демалыс­ты дамытуға, өткізуге өте ыңғайлы. Өңірге қысқы маусымда жыл сайын 300 мыңға дейін турист келеді.

Бүгінгі турист Көкшенің көркем табиғатына ғана емес, әр белесі мен төбесінің астында бұғып жатқан көне тарихқа да құштар. Аңыз шындыққа біртабан жақын. Көңілді баураған соң көркем әңгімеге бергісіз, ел есінде сақталған ғибратты шындық.

Есте жоқ ескі кезеңде Бурабай баурайын мекендейтін елде ер бала дүниеге келіп, он жасқа толғанда жалпақ жұртқа танылыпты. Ел оны Оқжетпес деп атап, аңыз етеді. Ат көтере алмаған соң, пілге мініп жүріпті. Қазақтың басынан қашан қасірет арылған? Жаулары да көп болса керек. Оқжетпес күнде ел қорғаған қырғын ұрысқа қатысып, туған жерінің төсін қорғайды. Күміс көлдің суына шомылып, Көкшенің етегіндегі ну қарағайдың ортасында дамылдап жатады. Манағы қауіп-қатер естен шыққан. Дәл осы уақытта зұлым жау айласын асырған. Әбден ұй­қыға кетті-ау деген кезде бас салады. Байлап алып қорламақшы. Қапыда қалған батыр қос қапталындағы қарағай мен қайыңды түбірімен қопара жұлып, қайрат көрсетеді. Сөйтіп, орман ішінде кәдімгі бір ауылдың қотанындай жер оталады. Аумағы атшаптырым алаңға айналады. Кейін хан осы алаңды жақсы көріп, мекендеген соң Абылай алаңы атаныпты.

Көз ұшында – Тассырғанақ. Алаңнан табан аудармастан биікке көз салсаңыз ғаламат үлкен Тассырғанақ жанарыңызға ілігеді. Табиғаттың адамзат қолынан келмес кереметі іспетті. Көктастың ені шамамен 15–20 қадамдай, табаны 150 қадам төңірегінде. Екі жағы тіп-тік, теп-тегіс. Жалпақ табанында бармақтай кедір-бұдыр жоқ. Аузы дуалы әулие бабаларымыз табиғаттың бұл ғажайыбын Тассырғанақ деп атаған. Шыңға шөккен пілді көргіңіз келсе, Бурабайдың баурайына келіңіз. Абылай алаңынан жүзіңізді Оқжетпеске қарай бұрсаңыз, әлемнің еш жерінде жоқ ғажайып менмұндалайды.

Ту сонау көк аспаннан көкшілтер – көк бұлт құйыла құлап, жұп-жұқа шымыл­дығымен етек-жеңін қымтаған Оқжетпес суға қарап сылаңдайды. Аңыз тумай қайтсін, сыры мен сымбатының өзі ертегі іспетті емес пе? Оқжетпес қожыр-қожыр жай тастар емес, толайым таза гранит текшелерден тұрады. Енді бір зер салғаныңда, әлдебір алып батыр төменде тұрып түп жағы ересен жуан, бас жағы өткір, үшкір, көкпеңбек сүңгіні жеті қат аспанның ар жағынан төніп келген кесапатқа қарсы сілтеп тұрған тәрізді. Осы бір өрлікті, тілсіз тастың тамырына сіңген ерлікті көр­ген жанның тұла бойына ғажап бір сезім ұялайды.

Табиғаты мен тамаша тағылымы үйлес­кен Бурабай өңіріне ат ізін салатындар қатары жыл сайын көбейіп келеді. 2024 жылы саф ауасымен тыныстап, құр атқа мінгендей қунап келіп-кеткендер саны бір млн адамнан асты. Оның 404,7 мыңы орналастыру орындарының қызметін пайдаланды. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында бұл көрсеткіш 530 мың адамға жетіп, 31%-ға өсті.

Енді туристердің көңілін не аулап тұр деген сауалға жауап іздейтін болсақ, ең алдымен Бурабай баурайында «Magic Burabay 2026» тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатқандығын айта кеткен жөн. Осы тұжырымдамаға сәйкес, жергілікті тұрғындар мен туристердің еркін кіруіне болатын локациялар қарастырылған. Оларды сәл ғана таратып айтатын болсақ, Бурабай кентіндегі көркі көз арбайтын ертегілер стансасы, Аютас жартасы бар. Бұл аумақтарда қысқы демалыстың сан алуан түрлері ұсынылады. Коньки, шаң­ғы тебу, сноутюбинг, қыр басынан құлдилайтын қысқы сырғанақтар, жаяу жүргіншілер маршруты, треккинг, хас­ки иттерімен серуендеу, қаласаңыз, атқа мініп те желе шоқытып, тарихи тағылымға тұнып тұрған өңірді аралап көруге болады.

Қыраулы қыста қолдың саласындай ақ қайыңдар мен мәңгі жасыл қарағай­лар көмкерген Бурабай баурайы құрқылтайдың ұясындай жып-жылы. Тау ішінде өңменіңнен өтетін суық жел соға қоймайды, есесіне отбасылық демалысқа арналған кең ауқымды қызмет түрі көп. «Discovery Borovoe», «Atyrau Avenue», «Sultan Plaza», «Grand Hotel Burabay», «Terrassa Park», «Forest Camp», «Wyndham Garden Burabay», «Rixos Borovoe» тәрізді қонақүйлерде шаңғы, коньки, қарда жүретін қыруар техника жалға беріледі. Құзар жартастың етегінен құлдилап құстай ұшатын сырғанақтарда қызықты ойын-сауық ұйымдастырылады.

Шипажайлар жыл бойы емдеу-сауық­тыру қызметтерін көрсетеді. Қыс мезгі­лінде халықтың ықыласы ауып тұратын «Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Щучинск» шипажайларында кірпияз көңілдің үдесінен шығатын қызмет көрсетіледі. «Қазақстандық Лапландия» кешені – Бурабай курортын­дағы қысқы демалысқа арналған ең танымал нысандардың бірі. Кешен хаски иттері жегілген шанамен серуендеуден бастап, көңілге қорқыныш ұялататын, ғажайып сырға толы, сезіміңді селт еткізетін бөлмелерімен танымал. Мұнда интерактивті аймақтар, жаңа жылдық фотолоказиялар, отбасылық демалысқа арналған қызықты да мазмұнды бағдарламалар ұйымдастырылады. Үйле­сімді қызмет жасқа да, жасамысқа да тартымды. Туристер курортты өңірдегі ат спорты клубтарының қызметін де көре алады. Бұл арада «Ат ауласы», «Жеті қазына» клубтарының жұмысын айта кетуге болады. Жылқы, пони, түйе, бұғылармен серуендеу тамаша әсерге бөлейді.

«Aqmaral» шаруашылығы да қысқы мезгілде көруге болатын жер. Бурабай меймандары бұл жерде тек панта емін алуға ғана емес, қысқы спорт түрлерімен шұғылдануға да келеді. Тау шаңғысы мен сноуборд әуесқойларына арналған әртүрлі күрделіліктегі жолдар бар. Бұл жолдардың бойында тау шаңғысы базалары қонақтарға қызмет етеді. Ең танымалы – «Elikti Park» тау шаңғысы кешені. Кешеннің өз қонақүйі мен мейрамханасы бар. Келушілерге түрлі жабдықтарды жалға береді. Сондай-ақ «Orman Ski» алуан түрлі қызмет көрсетуге дайын.

Бурабай баурайындағы қысқы қызықтың ыстық лебі осылай шарпып тұрса, іргедегі әсем Зерендінің де ақша қарға оранған ажары көңіл арбайтындай. Курортты аймақта қысқы туризм қызметін көрсететін бірнеше нысан орналасқан. «Зерен нұр» санаторий сауықтыру кешені тірек-қимыл аппараты, тыныс алу мүшелері, жүрек-қан тамыры, ас қорыту, қан айналымы, жүйке жүйесі сырқаттарын оңалтуға бағытталған кең ауқымды қызмет түрін ұсынады. Белсенді демалыс түрлерінен шаңғы, коньки, шана, тюбинг қарастырылған. Сондай-ақ «Аврора гарден», «Danel» демалыс аймақтарында қысқы ойын-сауық түрлері қолжетімді.

Қысқы туризм басқа аудандарда да қарқынды дамып жатыр. Мәселен, Қор­ғалжын ауданында қысқы балық аулау спорты жанданып келеді. Табиғаты тамылжыған Ақкөл ауданында да қысқы демалыс түрлері мол. Мұнда қысқы қызықты демалыс түрлері ұсынылады. «Wyndham Residences Aqkol» қонақүйі, «Sharzhum» демалыс базасы, «Лагуна Ақкөл» демалыс аймағы сияқты онға жуық орналастыру нысаны жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Sharzhum» белсенді демалыс пен спортты ұнататындар арасында танымал. Нысан алдағы уақытта мұз айдынын, сырғанақтар мен шаңғы трассасын іске қосуды жоспарлап отыр. Қыс мезгілінде мұнда балалар мен ересектерге арналған шаңғы жарыстары тұрақты өткізіледі.

Қосшы қаласындағы «TAU Park», «Jailau Resort» демалыс базалары да көпшілікке танымал. «TAU Park» базасы тау шаңғысы ылдилары, тюбинг, атпен серуендеу, пейнтбол, садақ ату, қарда жүретін техникалармен серуендеу қызметтері сияқты қысқы ойын-сауықтың бірнеше түрін ұсынады. Аршалы ауданында орналасқан «Ozero», «Beibarys» демалыс базалары да қонақтарды қабылдап, әртүрлі қысқы демалыс қызметтерін көрсетуге дайын. Целиноград ауданында «Balqaragai», «Золотой фазан» демалыс аймақтары орналасқан. Бұл нысандарда атпен серуендеу, квадроцикл, қарда жүретін техника, баггимен жүру, шана, шаңғы, коньки, тюбинг, «банан» аттракционы, пейнтбол қызметтері қолжетімді.

Табиғи ресурстардың, заманауи инфра­құрылымның, қысқы ойын-сауық­тың кең спектрінің үйлесуі арқасында өңір жыл бойы жұмыс істейтін туристік бағыт ретіндегі мәртебесін нығайтып, отандық, шетелдік туристер үшін тартымдылығын арттырып келеді.

Ақмола облысы 

Соңғы жаңалықтар

Заречный кентінің тұрғындары жаңа қонысқа көшті

Аймақтар • Бүгін, 14:25

2025 жылы қандай тұлғалармен қош айтыстық?

Тұлға • Бүгін, 14:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Besqaru зауытымен танысты

Президент • Бүгін, 13:30

Рустам Баялиев қызметінен босатылды

Президент • Бүгін, 13:16

Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?

Медицина • Бүгін, 13:00

Тайынша ауданында сабаннан сапалы жиһаз жасайтын цех ашылды

Экономика • Бүгін, 12:50

«Тағамдарға арналған дәмдеуіш»: Астанада қалтасына есірткі салып жүрген аспаз ұсталды

Оқиға • Бүгін, 12:40

Президент елордадағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесіне барды

Президент • Бүгін, 12:39

Степногорскідегі «сұрықсыз» Аяз ата: тұрғындарды шошытқан мүсіндер алаңнан алынып тасталды

Аймақтар • Бүгін, 12:30

Депутат: Шағын және шалғай аудандар қолдаусыз қалып отыр

Қоғам • Бүгін, 12:25

Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырады

Әлем • Бүгін, 12:20

Риддер тұрғыны баланы көлікпен қағып, өзі жалтарып кеткен

Қоғам • Бүгін, 12:05

Мемлекет басшысы Tausogar зауытын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:53

Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады

Қоғам • Бүгін, 11:52

«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?

Білім • Бүгін, 11:40

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 14:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see138

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see135

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see133

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see132

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see132

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see131

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see130

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see130

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see128

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see128

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see128

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see128

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see128

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see127

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see126

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see126

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see126

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see125

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see125

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары