Көлікті сызып кетіп, қашып кетті: не істеу керек және камера жазбалары қанша уақыт сақталады
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Егер иесі автокөлігінен зақым белгілерін анықтаса, бұл туралы дереу 102 нөмірі бойынша полицияға хабарлауы тиіс. Қызметкерлер келгенге дейін көлікті қозғамаған жөн, ал оқиға орны мен зақымдалған жерлерді фотоға түсіріп алу керек, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото мен видеоға оқиға орнының жалпы көрінісін, автокөліктің орналасуын, зақымдану сипаты мен орнын, соқтығысудан қалған ықтимал іздер мен бөлшектердің сынықтарын тіркеп алған дұрыс. Сондай-ақ бейнебақылау камераларының қайда орналасқанын белгілеп, куәгерлердің байланыс мәліметтерін жазып алу маңызды.
Егер автокөлік қозғалысқа кедергі келтірсе немесе оны басқа да шұғыл себептермен жылжыту қажет болса, бұл тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғана жасалуы тиіс.
Камера жазбаларын қалай табуға болады?Жедел басқару орталықтарының (ЖБО) бейнежазбалары орта есеппен 25–30 тәулік сақталады. Сақтау мерзімі жабдықтың техникалық мүмкіндіктері мен сақтау шарттарына байланысты болуы мүмкін, сондықтан жазбаларды сақтап қалу туралы өтінішті мүмкіндігінше тезірек беру қажет.
Полиция ЖБО камераларынан, тұрғын үйлерден, жақын маңдағы ғимараттар мен басқа да нысандардан видео сұрата алады. Зақымдалған көліктің иесі де камера иелеріне немесе операторларына жазбаны сақтап, оны құқық қорғау органдарына беру туралы өтініш білдіруге құқылы. Жазбалардың өзі құзыретті органдарға, адвокаттар мен соттарға іс жүргізу аясындағы сұрау салулар бойынша ұсынылады.
Анықтама: Жедел басқару орталығы (ЖБО) - бейнебақылау камералары арқылы жағдайды тәулік бойы қадағалайтын және оқиғаларға ден қоюды үйлестіретін полиция бөлімшесі.
Егер автокөліктің мемлекеттік нөмірі белгілі болса, полиция оның тіркелген иесін анықтап, оқиға кезінде рөлде кім болғанын тексереді. Автокөліктің белгілі бір адамға тіркелуінің өзі оның кінәсін дәлелдемейді: нақты жүргізуші қатысушылардың жауаптары, куәгерлердің айғақтары, бейнежазбалар және басқа да дәлелдемелер негізінде анықталады.
Жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізуші тоқтауға, автокөлікті және оқиғаға қатысты заттарды қозғамауға, сондай-ақ болған жайт туралы ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.
Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 611-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Баптың екінші бөлігіне сәйкес, жүргізушіге 50 АЕК (216 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы немесе бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Шешім оқиғаның мән-жайы мен жиналған дәлелдемелерді ескере отырып қабылданады.
Егер зақымдалған көліктің иесі полицияның іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне келіспесе, ол қызметкерлердің тікелей басшылығына, жоғары тұрған ішкі істер органына немесе прокуратураға жүгіне алады.
Шығынды қалай өтеуге болады?Шығын көлемін қалпына келтіру жөндеуінің құны туралы құжаттармен, маманның немесе бағалаушының қорытындысымен және басқа да дәлелдемелермен растауға болады. Зардап шегуші сақтандыру төлемін алу үшін міндетті сақтандыру туралы заңнамада белгіленген тәртіппен өзінің сақтандыру компаниясына жүгінуге құқылы. Егер шығын өтелмесе, оны сот арқылы өндіріп алуға болады.
Іс бойынша құжаттарды алу үшін зардап шегуші материалдармен танысу туралы өтініш бере алады. Көшірмелер өтініш берушінің процестік мәртебесі мен заңда қарастырылған шектеулерді ескере отырып беріледі; қажет болған жағдайда азаматтық іс үшін құжаттарды сот сұрата алады.
Тағы оқыңыздар: Көлікті қай кезде “шырша“ әдісімен қоюға болады және ереже бұзғаны үшін қандай айыппұл салынады?
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:25
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 16:39 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















