Конькимен жүгіруден іріктеу чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ерлер арасында 500 метр қашықтықта Евгений Кошкин 35,20 секунд нәтижесімен жеңімпаз атанды. Артур Галиев 35,39 секунд көрсеткішімен күміс медаль иеленсе, Никита Важенин 36,04 секунд нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Осы қашықтықтағы әйелдер бәсекесінде Кристина Силаева (38,28 секунд) топ жарды. Кристина Шумекова 38,822 секунд нәтижесімен екінші орын алса, Алина Дауранова (39,34 секунд) қола жүлдеге қол жеткізді.
Кристина Шумекова 3000 метр қашықтықта да алдына жан салмады. Ол бұл бәсекеде 4 минут 14,93 секунд нәтижесін тіркеп, Қазақстан чемпионы атанды. Елизавета Голубева (4:16,35) күміс жүлдеге ие болса, Диана Бачурина (4:45,04) қола медаль жеңіп алды.
Ерлер арасындағы 5000 метр қашықтықта Вадим Якубовский 6 минут 41,19 секунд нәтижесімен чемпион атанды. Андрей Зуев (6:55,56) екінші орынға тұрақтаса, Абылайхан Қайырғазы (6:58,19) үздік үштіктен көрінді.
Әйелдер арасындағы командалық спринтте Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы 1 минут 34,14 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Астана командасы (1:35,09) күміс, Павлодар облысының құрамасы (1:35,91) қола жүлде иеленді.
Ерлер арасындағы командалық спринтте Қостанай облысының конькишілері 1 минут 24,10 секунд нәтижесімен үздік шықты. Астана құрамасы (1:24,59) екінші орын алса, Алматы қаласының командасы (1:27,03) үшінші сатыға жайғасты.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 15 қазанға дейін жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша алдағы Әлем кубогы кезеңдерінде ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:68
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















