Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Көпқабатты үйдегі өрт кезінде аман қалу үшін пәтерде қандай құралдар болуы керек

Көпқабатты үйдегі өрт кезінде аман қалу үшін пәтерде қандай құралдар болуы керек

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ең алдымен, өрт сөндіргіш болғаны жөн

Өрт қауіпсіздігі ережесінде пәтерде болуы тиіс құрылғылардың міндетті тізімі жоқ. Бірақ мамандар баспанаңызды негізгі қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етуге кеңес береді. Олар – өртсөндіргіш және автономды түтін датчигі.

– Бұл бағытта қажетті құралдардың қандай да бір міндетті тізбесі жоқ. Алайда өрттің алдын-алу және сақтық мақсатында үйіңізге автономды түтін датчиктерін орнатқаныңыз артық етпейді. Өртсөндіргіш алып қойғаныңыз да жөн. Осы қадамдар арқылы өрт енді тұтанғанда анықтап, өршіп кетпей тұрғанда, өшіруге болады, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Пәтерде ұнтақты немесе көмірқышқылды өртсөндіргіштер ұстаған дұрыс. Себебі алғашқысы – әмбебап, кез-келген жерде қолдануға арналған. Ал екіншісі отқа оранған техниканы сөндіруге ыңғайлы, ешқандай із қалдырмайды. Аталған құралдардың салмағы 2-5 келі аралығындағысын алған абзал. Олардың жарамдылық мерзімі 5-10 жылға дейін жетеді. Өртсөндіргішті жылына кемінде бір рет тексеріп, ішіндегі ұнтағын уақытында ауыстырып отыру шарт. Сондай-ақ төтенше жағдайда абыржып, сасқалақтамау аса маңызды. Қызыл жалын тұтанса, өртсөндіргіштің бітемесін жұлып, бекіткішін ашып, құбыршекті отқа бағыттап, тұтқаны басу керек. Өртті 1-2 метр қашықтықтан сөндірген жөн.

Түтін датчиктерінің пайдасы қандай

Автономды түтін датчиктері тұтанған өртті байқаудың (әсіресе, түнде) ең тиімді тәсілдерінің бірі.

– Төтенше жағдайлар қызметінің тәжірибесіне жүгінсек, адам шығыны тіркелген өрттер көбіне түнде тұтанады. Өйткені, бұл уақытта шырт ұйқыда жатқан тұрғындар түтін иісін сезбейді. Ал датчик орнатылған болса, дабыл ойнап, белгі береді. Сонда азаматтар өрт енді басталған болса, сөндіреді. Ал өршіп үлгерсе, ғимараттан қашып шығады, – деп мәлімдеді ТЖМ.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Әдетте, көпқабатты үйлердің кіреберістеріне дабыл және түтінсорғыш құрылғылары орнатылады. Бірақ пәтерге датчик орнату – қосымша сақтық шарасы. Ол төтенше жағдайда тұрғындардың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Арқан не жиналмалы саты өрттен құтқара ма

Өрт кезінде көпқабатты үйдің терезесінен не балконынан түсу үшін пәтерде арқан не жиналмалы саты ұстау, бір қарасаңыз, ақылға қонымды. Әйтсе де, оның да сын-қатерлері бар. Себебі физикалық дайындығы жоқ адам қалың түтін шыққанда сасқалақтап, тепе-теңдігін жоғалтуы, құлап кетуі не күйіп қалуы ықтимал.

Фото: Kazinform

– Сертификатталған және ғимараттан эвакуациялауға арналған жиналмалы сатылар, шын мәнінде, адам өмірін сақтап қалуға себеп болуы мүмкін. Ол, әсіресе, жеке үйлер немесе 2-3-ші қабаттардағы пәтерлер үшін өте тиімді. Жағдайы жиі тексеріліп, ақауы болмаса, төтенше жағдайда дұрыс орнатылса, ғимараттан лезде шығып кетуге септігін тигізеді. Бұл құрал пәтердің іші қатты түтіндеп кеткенде не күшті өрттен есікке жету мүмкін болмағанда қолданылады, – делінген ТЖМ хабарламасында. 

Ондай мүмкіндік болса, әлбетте, есіктен шыққан анағұрлым қауіпсіз. Ал ешқандай жолмен шыға алмасаңыз, түтіннен барынша сақтанып (мұрын мен ауызды суланған матамен жабуға болады), құтқарушылардың келгенін күткен абзал.

Ал үйде эвакуациялық саты ұстаймын деп шешсеңіз, қолдан жасалғанын емес, зауыт өнімін алып, барлық нұсқаулықты орындауыңыз маңызды.

Жолды жабу – адам өміріне төнген қауіп

Сала қызметкерлерінің сөзінше, тұрғын үйлердің ауласына кіретін жолға көлік қою – жиі кездесетін жағдай. Пәтерде өртсөндіргіш пен датчик болса да, олардың алапат қызыл жалынға шамасы жетпейді. Мұндай кезде іштегі кісілерді құтқаруға мамандардың көмегі керек.

– Шлагбаумдар, тұрғындардың өз бетімен орнатқан қоршаулар, бейберекет қойылған көліктер өрт сөндірушілердің жолын бөгеп, оқиға орнына жедел жетуіне кедергі келтіреді. Бұл адамдардың өмірі мен мүлкін сақтап қалуға бөгет болады, – деп мәлімдеді ТЖМ.

Ереже бойынша, арнайы техника кіруі үшін кіреберістердің алды бос болуы тиіс. Бірақ іс жүзінде бұл талапты орындамайтындар көп. Аталған тәртіп шлагбаумдарға да қатысты. Төтенше жағдайда олар кедергі болмауы тиіс.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

– Шлагбаум орнатқанда, оның қолдан немесе автоматты түрде жедел ашылуын да қамтамасыз ету керек. Не болмаса, тәулік бойы кезекшілік ететін күзетші отырып, төтенше жағдайда ашуы қажет, – делінген хабарламада. 

Мамандардың сөзінше, өрт кезінде жоғалтқан әр минут, тіпті, әр секунд біреудің өмірін жалмауы мүмкін. Мұны жолға көлік қоятындар ескеруі тиіс.

Өрттің негізгі себептері

Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай, пәтер иелері бірқатар талапты орындап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті. Мысалы, үйде тез тұтанатын заттарды сақтауға және эвакуация жолдарын жабуға болмайды.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт шығудың негізгі себептері – электр жабдықтарын орнату және техникалық пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, пештерді пайдалану және орнату барысында ережені елемеу, сондай-ақ жалпы өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау.

– Ғимараттарды өрт қауіпсіздігі жүйелерімен жабдықтау туралы талаптар құрылыс және техникалық нормативтер арқылы бекітілген. Сонымен бірге, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде қарастырылған. Атап айтқанда, көппәтерлі тұрғын үйлерде мынадай жабдықтар болуы тиіс: өрт дабылы жүйелері, түтінді сору және түтіннен қорғау құрылғылары, эвакуациялық шығу жолдары мен баспалдақ алаңдары, өртке қарсы ішкі су құбыры, — дейді мамандар.

Айта кетейік бұған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, үш бала қаза тапқанын жазғанбыз.

Ал Ақтөбеде өрт сөндірушілер жанып жатқан құрылыстан 10 газ баллонын алып шықты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Сәуір 2026 16:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары