Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Криминалист: Кейде қылмыс орнында 6 7 сағат үздіксіз жұмыс істейміз

Криминалист: Кейде қылмыс орнында 6 7 сағат үздіксіз жұмыс істейміз

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

– Криминалистика саласын таңдауыңызға не себеп болды?

– Криминалист - қылмыс болған жердің іздерін анықтап, қылмыс жасаған тұлғаны табуға атсалысатын жауапты қызмет. Яғни, біздің жұмыс – қылмыс орнын тексеріп, саусақ іздері, трасологиялық іздер, ДНК және басқа да биологиялық айғақтарды алу, тіркеу және бекіту. Менің бұл мамандықты таңдауыма бала арманым себеп болды. Әкем Бекболат Сүлейменов ішкі істер органында қызмет еткен. Әкемнен төрт жасымда айырылдым. Сол себепті оның жолын жалғап, әке арманын орындағым келді.

– Білім жолыңыз бен қызметтегі алғашқы қадамдарыңыз туралы айтып берсеңіз?

– Мен 1994 жылы Жаңаөзен қаласында дүниеге келіп, №3 орта мектепті аяқтадым. Кейін Алматы қаласындағы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясына оқуға түстім. Оқуымды тәмамдаған соң, 2015 жылы Жаңаөзен қаласының полиция басқармасындағы жедел-криминалистика бөлімінде криминалист болып еңбек жолымды бастадым.

Фото: Ханшайым Бекболатованың жеке мұрағатынан

– Алғаш қылмыс орнына барған сәтіңіз есіңізде ме?

– Иә, алғашқы сәттер ешқашан ұмытылмайды. Алғаш қылмыс орнына келгенде қатты қобалжыдым. Іштей қорқыныш болғанымен, оны білдірмеуге тырыстым. Ол жол-көлік апаты еді, ішінде бірнеше адам қаза тапқан болатын.

Сол кезде төрт жыл бойы алған білімім мен жинаған тәжірибем маған үлкен көмек болды. Өзімді бірден қолға алып, жұмысқа кірістім. Сол сәтте криминалист мамандығы тек білімді ғана емес, ұстамдылық пен сабырлылықты талап ететінін анық түсіндім.

Фото: Ханшайым Бекболатованың жеке мұрағатынан

– Жалпы, бұл мамандықтың ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

– Қылмыс саласы әлсіз адамдарды кешірмейді. Бұл жерде мықты жүйке мен сабырлы сана қажет. Криминалист мамандығында ер немесе әйел деп бөліну болмайды. Ізді анықтау шеберлігі, байқампаздық және интуиция - тәжірибемен келетін қабілеттер. Ең бастысы - өз ісіңді шын жүректен сүю. Біздің жұмысымыздың нәтижесі - қылмыстың ашылуы.

– Жұмысыңыздың қиындықтары туралы не айтасыз?

– Қылмыс орнын зерттеу - өте күрделі әрі ұзақ процесс. Тіпті кішігірім ұрлықтың өзін анықтау - үлкен еңбек. Іздерді табу, оларды дұрыс тіркеу, дәлелдерді жинау көп уақытты қажет етеді.

Фото: Ханшайым Бекболатованың жеке мұрағатынан

Кейде қылмыс орнында 6-7 сағат бойы үздіксіз жұмыс істейтін кездеріміз болады. Ұрлық, жол-көлік апаттары, кісі өлімі сияқты түрлі жағдайларда жұмыс істейміз. Бұл салада мұқияттылық пен төзімділік аса маңызды.

– Осындай жауапты қызметпен қатар отбасылық өмірді қатар алып жүру қиын емес пе?

– Әрине, белгілі бір деңгейде қиындықтары бар. Дегенмен әйел адамның рухы мықты болса, өмірдің барлық саласын қатар алып жүруге болады деп ойлаймын. Мен өз жарымды да осы саладан таптым. Отбасылық өмір мен қызметті үйлестіруге толық мүмкіндік бар.

Фото: Ханшайым Бекболатованың жеке мұрағатынан

–Мамандық таңдауда қыздарға қандай кеңес берер едіңіз?

– Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек, соның бірі - мамандық. Қай саланы таңдасаң да жүрек қалауымен бару керек. Криминалист мамандығы - байсалдылықты, салқынқандылықты және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Үнемі ізденісте болып, өзіңді дамытып отыру қажет.

– Сіздің өмірлік ұстанымыңыз қандай?

– Әрбір істі жүрекпен жасау, әділдік үшін күресу. Қиындық пен қауіпке толы бұл мамандықта нәзіктік пен табандылықты қатар алып жүру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Дегенмен өз ісіне адал адам кез келген қиындықты жеңе алады деп сенемін.

Фото: Ханшайым Бекболатованың жеке мұрағатынан

Ханшайым Бекболатқызы – бүгінде тек қылмыстың ізін анықтайтын маман ғана емес, қоғамдағы әділет пен сенімнің символына айналған тұлға. Оның табандылығы мен кәсібіне деген адалдығы көптеген жас қыз-келіншектерге үлгі болып, «әйелдің қолынан келмейді» деген түсінікті жоққа шығарып келеді. Әрбір ашылған іс - оның кәсіби біліктілігінің айқын дәлелі.

Бұған дейін, Суретшіге шабыт емес, әрекет керек - жас суретшімен сұхбат ұсынған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Сәуір 2026 13:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары