Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Күйге айналған қасірет: Сексен ерге арналған реквием туралы не білесіз?

Күйге айналған қасірет: Сексен ерге арналған реквием туралы не білесіз?

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақтың күй мұрасында белгілі бір тарихи оқиғамен тікелей байланысты туған шығармалар ерекше орын алады. Мұндай күйлерде күйші өз көңіл күйін емес, ел басынан өткен жағдайды күй арқылы жеткізеді. Сол себепті оларды тек құр музыкалық шығарма ретінде емес, бір елдің тарихи жадтың бір түрі ретінде де қарастыруға болады. Сейтек Оразалыұлының «Сексен ер» күйі осы қатарға жатады. Бұл күй нақты бір кезеңнің, нақты бір оқиғаның ізі ретінде қалыптасқан.

Сейтек Оразалыұлы (1861–1939)  Батыс Қазақстан өңірінде туған күйші, өз домбыра мектебін қалыптастырған тұлға. Домбыраны ағасы Сұлтанғалидан үйреніп, кейін Дәулеткерей күйлерін тыңдап өскен. Өмірі қуғын-сүргінмен өткен: патша өкіметі тарапынан бірнеше рет түрмеге жабылып, 1897 жылы Сахалинге айдалады. Осы кезеңдерде және кейінгі жылдары жеке қайғысы мен қоғамдық оқиғаларға байланысты көптеген күйлер шығарады. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен 1917 жылғы төңкеріс те оның шығармаларында көрініс тапқан. 1923 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне бірнеше еңбек ардагерлерімен бірге барып, өз өнерін көрсетеді. Оның белгілі авторлық күйлеріне, «Арман», «Айдау», «Ғазиз», «16-жыл», «Сексен ер» т.б. жатады.

Алдымен «Сексен ер» күйшінің шығу тарихына тоқталайық. 1972 жылы Тмат Мерғалиевтың жинақталуымен жарық көрген “Домбыра сазы” атты еңбекте күйдің аңызы келесіше берілген.  

“Ордада құралған атты әскер полкінің қатары күн санап көбейе берді. Полкке жаңа келген қазақ жастарынан құралған жүз отыз адамнан тұратын бөлімшені Бейсен Жәнекешев басқарған болатын. Осы бөлімше 1919 жылы 15 желтоқсанда ордаға келіп аялдайды. Ал бұл кезде ішкі жаулар мен бандылардың жасырын әрекеттері әлі де тоқталмаған кезі еді. Қолдарында қаруы жетіспеген, әрі әскери тәжірибесі жоқ, жаңадан ұйымдасқан осы бөлімшенің Ордаға келгенін елін сатқан жексұрын Мылқайдар деген біліп қойып, Анохиннің бастауындағы бандыларға хабарлайды. Түн ортасы ауа Анохиннің бандылары бейқам жатқан 130 жігітті қоршап алады. Тірідей жау қолына түсуді ар көрген қызыл әскерлер қарулы жаумен арпалысады. Осы соғыста 50 адам тірі қалады да, 80 жігіт қаза болады.

Осындай халықтың азаттығы мен бостандығы жолында құрбан болған сексен жігіттің өліміне Бейсен Жәнекешев:

Аттанып Нарынқұмға баралық та,
Қылышты қызыл қанға малалық та.
Кешегі құрбан болған сексен жігіт
Жолына Мылқайдарды шалалық та!— деп, қалған сарбаздарын ертіп Нарын құмына аттанады. Құмдағы шағыл арасында жасырынып, қашып жүрген Мылқайдардың басын кесіп алады.

Сексен жігіттің өліміне қатты қайғырған Сейтек: «Қайран, қапыда кеткен ерлерім - ай!» - деп, «Сексен ер» атты күйін тебірене отырып шығарды”.

Күйдің ерекшелігі (тіпті интонициялық өзегі деп атауға болар) – Сейтек шығармашылығына тән «Сейтек пернесі», яғни 19-пернелік домбырадағы бірінші перне. Әуен осы пернеде бірнеше рет тартылады. Күйде негізінен бір ырғақтық үлгі сақталғанымен, әуеннің құбылуы да жоқ емес. Бір буын келесі буындарда қайталанып, әр қайталауда ішкі кернеу күшейеді. Негізгі қағыс - түйдек қағыспен. Бұл төмен–жоғары–төмен бағытындағы үш қағыс күйдің «тығыз, тоқтаусыз ағымын» қалыптастырады.

Күй жылдам ырқақта тартылғанымен, бұл жылдамдық көтеріңкі көңіл күймен байланысты емес. Керісінше, ол шарасыздықты, амалсыздықты білдіретін ішкі қарқын ретінде сезіледі. Әуен алға ұмтылғандай болғанымен, қорытындыға келмейді, үнемі бастапқы қалыпқа қайта оралады. Бұл жәй әңгімелеу емес, біздіңше бұны өксік, тіпті реквием (қаза болған адамдарды еске алуға арналған жоқтау сипатындағы шығарма) деп атауға болады. 


Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына   белсенді  гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 08:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары