Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Малайзиядағы ең ірі жемқорлық жанжалы: экс премьер 15 жылға сотталды

Малайзиядағы ең ірі жемқорлық жанжалы: экс премьер 15 жылға сотталды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разак мемлекеттік инвестициялық 1Malaysia Development Berhad (1MDB) қорының қаражатын жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: ашық дереккөз

Euronews жазғандай, Куала-Лумпурдың Жоғарғы соты экс-премьерді ақшаны жылыстату, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және мемлекеттік қаражатты заңсыз иемдену баптары бойынша айыпты деп тапты. Сот үкіміне сәйкес, ол сондай-ақ 2,8 миллиард еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Аталған іс Наджиб Разакқа қатысты 1MDB қоры бойынша шығарылған екінші ірі сот үкімі. Бұған дейін ол осы қорға байланысты өзге бір қылмыстық іс аясында сотталып, қазір жазасын өтеп жатыр.

Тергеу материалдарына сәйкес, жүздеген миллион еуро экс-премьердің жеке банктік шоттарына түскен. Ал оның қорғау тарапы бұл қаражат Сауд Арабиясынан келген «саяси қайырымдылық» екенін алға тартып, Разактың қаржылық операциялардан бейхабар болғанын мәлімдеген.

Алайда сот бұл уәждерді қабылдамады. Куала-Лумпур Жоғарғы соты Наджиб Разактың барлық қаржылық трансакциялардан толық хабардар болғанын дәлелдейтін айқын әрі нақты айғақтар бар екенін атап өтті.

Судья Коллин Лоуренс Секерах Сауд Арабиясынан келді делінген төрт хаттың жалған екенін айтып, қаражаттың нақты көзі 1MDB қоры болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, экс-премьер бұл қаражаттың шығу тегін тексермей, керісінше, оны жеке мүддесіне пайдаланған.

Сотта ұсынылған куәгерлердің айғақтары Наджиб Разак пен Лоу Тхэк Чжо арасындағы тығыз байланысты көрсетті. Судьяның сөзінше, Лоу экс-премьер үшін «сенімді тұлға, делдал және қаржылық операцияларды ұйымдастырушы» рөлін атқарған. Қазіргі уақытта Лоу Тхэк Чжо бостандықта жүр.

Сонымен қатар, Наджиб Разак тергеу жүріп жатқан кезеңде бас прокурорды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның басшысын қызметтен босатып, өз ықпалын сақтап қалуға тырысқаны анықталған.

Наджиб Разак Малайзия премьер-министрі қызметін 2009-2018 жылдары атқарды. Ол 1MDB қорын билікке келгеннен кейін көп ұзамай құрған.

АҚШ Әділет министрлігінің дерегіне сәйкес, 2009–2014 жылдар аралығында қордан 4,1 миллиард еуродан астам қаражат заңсыз шығарылып, АҚШ, Сингапур және Швейцария арқылы жылыстатылған.

1MDB жанжалы қоғамда үлкен резонанс тудырып, 2018 жылғы сайлауда Наджиб Разак басқаратын партияның жеңілісіне әкелді. Бұл партия Малайзияны 1957 жылдан бері, яғни тәуелсіздік алған уақыттан бастап басқарған болатын.

Айта кетейік, 2020 жылы экс-премьер SRC International ісі бойынша 12 жылға сотталып, жазасын 2022 жылдың тамызынан бастап өтей бастады. 2024 жылы Малайзияның кешірім жасау жөніндегі кеңесі оның жаза мерзімін қысқартқан еді. Алайда жаңа үкім оның түрмеде отыру мерзімін ұзартуы мүмкін.

Сондай-ақ Наджиб Разактың жұбайы Розмах Мансор 2022 жылы бөлек бір парақорлық ісі бойынша 10 жылға сотталып, қазіргі уақытта апелляция қаралғанға дейін кепілмен бостандықта жүр.

Соңғы жаңалықтар

«Анна Каренина» хореодрама тілінде сахналанады

Мәдениет • Бүгін, 16:18

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жоспары бекітілді 

Есірткі • Бүгін, 15:51

Астанада әлеуметтік саланы кешенді дамытудың басымдықтары талқыланды

Үкімет • Бүгін, 15:39

Жапониядағы жаппай жол апаты: 56 көлік соқтығысып, өрт шықты

Әлем • Бүгін, 15:18

Астанада сауда орталықтарынан парфюмерия ұрлап келген күдікті ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 14:59

Малайзиядағы ең ірі жемқорлық жанжалы: экс-премьер 15 жылға сотталды

Әлем • Бүгін, 14:43

Атырау облысында сталкинг бабы бойынша алғашқы үкім шықты

Заң • Бүгін, 14:30

Бадминтоншы Дмитрий Панарин Даккада дара шықты

Спорт • Бүгін, 14:09

Қарағанды облысында жолда қалып қойған 32 жолаушы құтқарылды

Төтенше жағдай • Бүгін, 13:53

Елена Рыбакина Швентектен ұтылды

Спорт • Бүгін, 13:30

Докторантураға түсу талаптары жеңілдеді

Ғылым • Бүгін, 13:12

Оралда науқас баласына алимент төлемеген ер адамның қарызы 9 млн теңгеге жетті

Қоғам • Бүгін, 13:02

Зеленский мен Трамптың кездесуі 28 желтоқсанда өтеді

Әлем • Бүгін, 12:43

225 азамат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды

Ғылым • Бүгін, 12:23

Ресейде Ақтау маңында құлаған AZAL ұшағына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Төтенше жағдай • Бүгін, 12:07

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 16:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары