Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Марқұм күнде түсіме кіреді : Атырауда 23 жастағы қыздың өліміне күдікті сотта кінәсін толық мойындады

Марқұм күнде түсіме кіреді : Атырауда 23 жастағы қыздың өліміне күдікті сотта кінәсін толық мойындады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне кінәлі деп танылған күдіктілердің бірі сотта ақталып, кешірім сұрады. Бір айдан бері жалғасып жатқан сот процесінің кезекті отырысында айыпталушылардан жауап алынды. Жас қызды аса айуандықпен өлтіріп, жер жастандырған күдіктілер сот кезінде анасынан кешірім сұрап, өз кінәларын толық мойындайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Аlmaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Дүйім жұртты дүр сілкіндірген атышулы іске қатысты сот отырысы әлі жалғасып жатыр. Кезекті процесте күдіктілерден жауап алынды. Оларға аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. Есте болса, айыпталушы екі ер адам өзара хат жазғанда марқұмды улап немесе тұншықтырып өлтіру жайын талқылаған. Сот барысында біреуінің көлігінде калий перманганаты сақталғаны айтылды. Осыған қатысты судья Зарема Хамидуллинаның сұрағына күдіктілер мардымды жауап бере алмады.

«Көлігіңізді тінту кезінде қорап тәркіленді, оның ішінен калий перманганаты табылды, оны қандай мақсатта, қашан алғаныңызды айтыңызшы?

– Есімде жоқ!
– Оны неге бөлек сақтадыңыз?
– Білмеймін. Бұл дәрі кез келген дәріханада сатылады».

Сот кезінде күдіктілердің бірі Янаның күнде түсіне кіретінін айтып, жыларман болды. «Адам өлтіру» бабы бойынша кінәсін толық мойындап, марқұмның анасынан кешірім сұрады. Ал қан жұтып отырған қыздың анасы күдіктілердің жауабына қанағаттанған жоқ. Істе шикілік барын сезетінін әрі кешірім бермейтінін жеткізді.

«Олар препараттың 15-17 грамын білдірмей қандай сусынға, қалай қосу керек екенін бірнеше рет талқылаған. Қазір есімізде жоқ деп бастарын ала қашып отыр. Ол мүмкін емес. Мұның бәрі чатта тәптіштеп тұрып жазылған», – дейді марқұмның анасы Галина Легкодимова.

Сондай-ақ Янаның денесін Жайықтың жағасынан тауып алған ерлі-зайыптыдан жауап алынды. Мәйіт қалдықтары табылған кезде түсірілген бейнежазба зерттеліп, онда марқұмның тек бас сүйегі, омыртқасы мен қабырғаларының бір бөлігі ғана бары анықталыпты. Жәбірленуші тарап айыпталушыларға ең ауыр жаза тағайындауды сұрады.

«Сотталушылардың бір-біріне жазған хабарламаларына талдау жасаған кезде, олардың қылмыстық әрекетке жүйелі түрде қатысы барын растайтын сөз бар. «Біз одан да сорақысын істегенбіз» деген тіркес олардың бұған дейін де бірнеше заңсыз әрекет жасағанын көрсетеді. Екі сотталушы да Қылмыстық кодекстің 262-бабы  1 және 2-бөліктері, яғни ұйымдасқан топ құрып, оған қатысқаны үшін деген айыппен жауапкершілікке тартылуы керек», – деді жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Әбдәл. 

Естеріңізге салсақ, қанды қылмыс былтыр қазан айында болған. Бойжеткен 18 қазанда үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Қыздың денесі кейін тек 8 айдан соң Жайық жағасынан табылған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 10:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары