Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

Мас жүргізушілер мен құқығынан айырылғандар Ақтөбе облысында рейдтер өтті

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

Ала доп аламаны аяқталды

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

Өскеменде көлік аударылып, екі жасөспірім қаза тапты

Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді

“Бұл белгі“ Сингапурдан келген турист Қазақстанға келіп, эмоциясын жасыра алмады

Марқұмның цифрлық деректеріне мұрагерлік: аккаунттар мен гаджеттерді ашудың заңды жолы қандай

Марқұмның цифрлық деректеріне мұрагерлік: аккаунттар мен гаджеттерді ашудың заңды жолы қандай

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Цифрлық дәуір: Мұра - тек үй мен ақша емес

Бұрын мұрагерлік мәселесі туындағанда тек жылжымайтын мүлік, жер телімі немесе банктегі жинақтар ескерілетін. Ал бүгінгі буын үшін «мұра» ұғымы әлдеқайда кеңейді. Статистикаға сүйенсек, орташа есеппен әр адамның смартфонында 1000-нан астам фотосурет және кемі 5 шақты белсенді аккаунты бар. Қазір адамның бүкіл өмірі — iCloud, Google Drive қоймаларында, Telegram немесе Instagram парақшаларында жасырынған.

Ата-анасынан немесе ет жақын бауырынан айырылған жандар үшін оның смартфонын аша алмау — екінші рет соққы алумен тең. Көптеген туыстар марқұмның соңғы сәттерінде түсірген суреттерінен, аудио хабарламаларынан немесе жылдар бойы жинаған фотоархивінен айырылып қалып жатады. 

Астана қаласының тұрғыны Шырайлым Орынбасарованың басынан өткен жағдай мыңдаған адамға таныс көрініс.

Коллаж: Kazinform/ Nano Banana

— Әкем қайтыс болғаннан кейін ең қиын нәрселердің бірі — оның телефонын аша алмау болды. Құпиясөзін білген жоқпыз. Ішінде барлық естеліктері, фотолары, тіпті керек құжаттары да болды. Телефонды ашу қарапайым нәрсе сияқты көрінеді ғой. Бірақ біз программистерге де апардық, ешкім көмектесе алмады. Әкемнің суреттері, күнделікті өмірінен қалған дүниелердің бәрі сол телефонның ішінде қалып қойды. Егер алдын ала цифрлық мұрагерлік мәдениетін білсек, тым құрығанда суреттері қолымызда болар еді. Ажал айтып келмейді, бірақ цифрлық заманда осындай мәдениет қалыптасса екен деймін, — дейді ол.

Қазақстан қоғамы жыл санап цифрланып келеді. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, интернетті пайдаланушылар мен халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі тұрақты өсу үстінде.

Деректерге сәйкес, 93%-дан астам қазақстандық онлайн кеңістікке көшкен. Тиісінше цифрлық мұра мәселесі де жыл өткен сайын өзекті бола түспек.

Қазіргі халықаралық тәжірибеде ірі технологиялық алпауыттар (Apple, Google) «мұрагерлік контактіні» енгізу арқылы бұл мәселені ішінара шешіп жатыр. Алайда Қазақстан заңнамасында «цифрлық мұра» термині әлі де нақты бекітілмеген. Қолданыстағы Азаматтық кодекс бойынша мұрагерлікке мүлік пен мүліктік құқықтар жатады, ал әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен жеке хат-хабарлардың мәртебесі заң мен этиканың арасында қалып отыр.

Әлемдік тәжірибе

Цифрлық мұрагерлік мәселесі — технология мен адам құқығы тоғысатын нүкте. Бұл тақырыптың күн тәртібіне шығуына желідегі аккаунттардың тек хат-хабар емес, құнды активке айналуы себеп болды.

Әлемдік тәжірибеде digital legacy мәселесі алғаш рет осыдан 20 жыл бұрын, 2005 жылы АҚШ-тың Коннектикут штатында көтерілген. Ол кезде мәселе қаржы немесе фото емес, қарапайым электронды пошта төңірегінде туындады. Штат билігі пошта сервистеріне марқұмның хаттарына мұрагерлерге рұқсат беруді міндеттеді.

Арада он жыл өткенде Делавэр штаты заңнамалық деңгейде үлкен төңкеріс жасады. Олар виртуалды меншікті (аккаунттар, домендер, цифрлық активтер) ресми түрде мұрагерлік мүліктің бір бөлігі деп таныды. Атап айтқанда, смартфондағы сурет пен гараждағы көліктің заң алдындағы құқықтық салмағы теңесті.

Бұл саладағы ең соңғы және ең ауқымды қадамды Израиль жасады. 2025 жылдың шілдесінде күшіне енген заң — ұлттық деңгейдегі тұңғыш жүйелі құжат. Егер бұрын бұл мәселені технологиялық алпауыттар (Apple немесе Google) өз еркімен, ішкі ережелеріне сай шешіп келсе, енді мемлекет олардыпайдаланушы қайтыс болған жағдайда қолданатын жоспар ұсынуға міндеттеп отыр.

Цифрлық «аманат»

Технологиялық алпауыттардың «цифрлық аманат» қалдыру функциясы бұрыннан бар. Тек оны көпшілік біле бермейді. Сонымен адам өмірі кенеттен үзіліп кетсе, артында қалған жақындарына цифрлық деректері қолжетімді болу үшін көзі тірісінде не істеп кетуі керек?

Apple (Apple ID): Apple-де «Цифрлық мұрагер» опциясы бар. Пайдаланушы өз деректеріне (фотолар, хабарламалар, жазбалар) қол жеткізе алатын 5 адамды алдын ала белгілей алады. Өзі өмірден өткен жағдайда, олар арнайы кілт арқылы iCloud-тағы дүниелерін ала алады.

Google: Google-дың «Сақтық үшін» функциясы 10 адамға дейін мұрагер тағайындауға мүмкіндік береді. Егер пайдаланушының аккаунты белгілі бір уақыт бойы белсенді болмаса, жүйе Gmail, Google Photos және өзге де сервистердегі деректерді көрсетілген мұрагерлерге автоматты түрде жібереді.

Коллаж: Kazinform/ Nano Banana

Facebook: Мұнда «Парақша сақтаушысын» (хранитель) таңдауға болады. Ол адам аккаунт иесі қайтыс болғаннан кейін парақшасын «Естелік» статусына өткізіп, жазбаларды басқара алады немесе аккаунтты толық өшіріп тастай алады.

Instagram: Мұнда пайдаланушының туыстары профильді мұраға беруге рұқсат сұрай алады. Мұндай парақша іздеу жүйелері мен ұсыныстарда көрінбейді, тек естелік ретінде тұрады.

Telegram: Telegram-да мұрагер тағайындау мүмкін емес, егер пайдаланушы 1 айдан 2 жылға дейінгі (мерзімін өзі таңдайды) аралықта желіге кірмесе, аккаунт барлық хаттарымен бірге біржола жойылады. Оны қайта қалпына келтіру мүмкін емес.

TikTok: Нақты саясаты жоқ. Бірақ 180 күн бойы белсенді болмаса, аккаунт иесінің есімі сандар жиынтығына ауысады.

WhatsApp: 120 күн бойы қолданылмаған аккаунттар автоматты түрде бұғатталады.

2026 жылғы Цифрлық кодекс

Қазақстанның құқықтық жүйесінде бұл салада үлкен бетбұрыс болмақ. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі күшіне енеді. Бұл құжат цифрлық ортадағы қоғамдық қатынастарды, соның ішінде цифрлық деректер мен объектілерді құру, сақтау және беру мәселелерін реттейтін болады. Бұл кодекс цифрлық активтерді мұраға қалдыру мәселесіндегі көптеген түйткілдердің шешілуіне құқықтық негіз жасамақ.

Заңгер кеңесі: Екі заңды механизм

Қазақстан заңнамасында «цифрлық мұра» деген жеке ұғым әлі де қалыптаспаған. Алайда біздің смартфондағы өміріміз бен виртуалды активтеріміз заңның назарынан тыс емес. Заңгер Табылды Бержанов бұл салада заңдық негіздердің жеткіліксіздігін айтады.

— Қазақстанда әлеуметтік желілер, электронды пошта мен бұлттағы деректер автоматты түрде мұрагерлік мүлікке кірмейді. Туыстары бұл ақпаратқа тек өсиетте көрсетілген жағдайда немесе сот шешімімен ғана қол жеткізе алады. Марқұмның паролін білсеңіз де, оның аккаунтына рұқсатсыз кіру заң бойынша «ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу» деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке, айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыруға дейін әкеп соғуы мүмкін, — деп ескертеді заңгер.

Фото: Жеке мұрағатынан

Қазіргі таңда бұл мәселе «Ақпараттандыру туралы» заң мен жалпы мұрагерлік құқық нормаларымен реттеледі. Оның үстіне, көптеген платформалар шетелдік заңдарға бағынатындықтан, қазақстандық мұрагерлер технологиялық кедергілерге тап болып, деректерге қол жеткізе алмай қалады.

Сондай-ақ көптеген адамдар құпиясөздерін қағазға жазып немесе видеоүндеу қалдырса жеткілікті деп ойлайды. Алайда сотта мұндай құжаттарды жоққа шығару өте оңай. Қазақстанда цифрлық дүниелерді мұраға қалдырудың екі заңды механизмі бар.

Мұнда әр адам мүлкін, яғни криптовалюта, домендер, монетизация құқығын тізіп жазады. Бірақ құпиясөздерді көрсетпейді, тек идентификаторларды, мысалы, әмиян нөмірі немесе аккаунт атауын белгілеуі керек.

Бұл — ең қауіпсіз жол. Нотариусқа ішінде құпиясөздер, кілттер немесе нұсқаулықтар жазылған флешка салынған жабық конверт беріледі. Ол конверт тек иесі қайтыс болғаннан кейін ғана ашылады.

Егер парольді ашық өсиетте жазса, ол нотариус пен кеңсе қызметкерлеріне белгілі болып қалады. Сондықтан заңгерлер «өсиетті орындаушы адамды» тағайындауды ұсынады. 

Ал егер Instagram, TikTok немесе YouTube арнасы табыс әкеліп тұрған бизнес-актив болса, жағдай қиындай түседі. Платформалардың пайдаланушылық келісімі көбіне аккаунтты үшінші тұлғаға беруге тыйым салады. Мұндай жағдайда заңгерлер есептік жазбаны емес, контентке деген авторлық құқықты және монетизациядан түсетін табысты мұраға қалдыруды рәсімдейді. Егер адам тірі кезінде техникалық қолдау қызметімен алдын ала хат алысып, құжаттарды дайындамаса, мұрагерлерге миллиондаған аудиториясы бар парақшаны иелену заң жүзінде мүмкін болмай қалуы ықтимал.

Қазіргі құқықтық база әлі де жетілдіруді қажет етеді. Табылды Бержановтың пікірінше, заңнамаға «цифрлық мұра» ұғымын енгізіп, платформалардың міндеттерін нақтылау қажет. Ал әзірге, ең сенімді жол — нотариус арқылы құпия өсиет қалдыру және цифрлық активтерді ресми мүлік ретінде тіркеу.

Жасанды интеллект және Цифрлық аватарлар

Жоғарыдай айтқанымыздай, бүгінгі таңда адам өмірден өткенімен, желіде оның онлайн бейнесі, яғни аккаунттары, пікірлері мен фотолары виртуалды әлемде «өмір сүре» береді. Осы орайда заңды бір сұрақ туындайды. Марқұмның онлайн бейнесі жеке тұлғалық мәселе ме, әлде мұрагерлер басқаратын мүлік пе?

IT заңгері  Бекарыс Әшірбектің айтуынша, заманауи мұрагерлік массасына тек үй мен көлік қана емес, биткоин-әмияндар, тіпті компьютерлік ойындардағы құны жоғары виртуалды активтері кіреді.

— Егер марқұмның жақындары оның құнды цифрлық активтері барын білмесе, ол дүние мұрагерлік тізіміне кірмей, виртуалды кеңістікте мәңгіге құлыптаулы қалып қояды. Сондықтан жақындарымыздың цифрлық әлемде қандай активтері бар екенінен хабардар болу — бүгінгі күннің талабы, — дейді IT заңгері.

Фото: Жеке мұрағатынан

Желідегі парақшаны өшіру керек пе, әлде сақтау керек пе? Ол әр отбасының жеке шешімі. Алайда Instagram немесе Facebook сияқты платформалар марқұмның құпииясөзін ешкімге бермейді. Мұндағы жалғыз заңды жол — парақшаға мемориалды статус алу. Ол үшін туыстық байланысты дәлелдеп, қайтыс болу туралы куәлікті ұсыну қажет. Бұл жағдайда парақшаға ешкім кіре алмайды және жақындары үшін естелік ретінде сақталады.

Технологияның дамығаны сонша, бүгінде нейрожелілер марқұмның дауысын салып, тіпті оның цифрлық аватарын жасап, жаңа бейнероликтер шығаруға болады. Бұл техникалық тұрғыдан қиындық тудырмайды. IT заңгері Әшірбек Бекарыс осы мәселенің этикалық жағына назар аударады.

— Адамның жеке бейнесіне деген құқық мұрагерлікпен бірге берілмейді. Ол — тұлғаның өз құқығы. Әрине, ЖИ арқылы марқұмның бейнесін кез келген кейіпке енгізуге болады. Бірақ, егер бұл әрекет қоғамдық резонанс тудыратын тұлғаларға қатысты болса және олардың абыройына нұқсан келтірсе, бұл мәдени мұраға қатысты құқықбұзушылық немесе ұсақ бұзақылық ретінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін, — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық жүйелерге жаңа талаптар енгізілетінін жазған едік

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:62
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Сәуір 2026 10:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

20 Шілде 2026 10:24see133

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

21 Шілде 2026 05:01see124

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

20 Шілде 2026 17:09see120

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

20 Шілде 2026 08:04see118

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

20 Шілде 2026 16:03see115

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

20 Шілде 2026 14:24see113

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

20 Шілде 2026 08:47see109

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

20 Шілде 2026 23:54see109

Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді

20 Шілде 2026 23:54see108

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

20 Шілде 2026 15:51see107

Мас жүргізушілер мен құқығынан айырылғандар Ақтөбе облысында рейдтер өтті

20 Шілде 2026 15:22see107

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

21 Шілде 2026 16:59see107

Ала доп аламаны аяқталды

21 Шілде 2026 07:05see107

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

21 Шілде 2026 17:16see106

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

21 Шілде 2026 17:00see106

Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады

20 Шілде 2026 21:12see106

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

21 Шілде 2026 17:17see105

Өскеменде көлік аударылып, екі жасөспірім қаза тапты

20 Шілде 2026 23:54see104

Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді

20 Шілде 2026 17:29see104

“Бұл белгі“ Сингапурдан келген турист Қазақстанға келіп, эмоциясын жасыра алмады

20 Шілде 2026 11:11see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары