Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Мәжіліс заңсыз археологиялық қазба жұмыстарын тыятын заң жобасын талқылайды

Мәжіліс заңсыз археологиялық қазба жұмыстарын тыятын заң жобасын талқылайды

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Айта кетейік, 24 қазанда Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен бюро отырысында жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланған еді. 

Фото: Мәжіліс

Соған сәйкес, жалпы отырыста депутаттардың қарауына бірінші оқылымда тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді талқылау ұсынылады.

Заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 15 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдағы археологиялық қызметті реттеу туралы тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленген. Сол алқалы жиында Қасым-Жомарт Кемелұлы жиырма жыл ішінде еліміздегі аса маңызды археологиялық ескерткіштердің көбі әбден тоналғанын, тіпті, еліміздің аумағынан табылған құнды жәдігерлерді Қазақстандағы, шетелдегі жеке коллекциялардан және әлемнің әртүрлі мұражайларынан көретін болғанымызды ашына айтқан еді.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

- Бұл мәселені шұғыл қолға алу керек. Атап айтқанда, археология саласына қатысты заңдарды жетілдіру, лицензия беру ісін реттеу және археологиялық қазба жұмыстарын заңсыз жүргізгені үшін жазаны күшейту қажет. Тарихи-мәдени мұра санатына кіретін нысандарға реставрация жасау ісін ретке келтіретін шараларды күшейткен жөн. Тарихи жәдігерлерімізді шетел мұражайларынан Қазақстанға қайтару жұмыстарын жандандыру да маңызды. Ондай мүмкіндік болмаса, еліміздегі мұражайларға қою үшін жәдігерлеріміздің дәлме-дәл көшірмесін жасау керек. Әртүрлі фракцияның өкілі әрі Құрылтай мүшесі саналатын Мәжіліс депутаттары бұл мәселені шешуге күш-жігерін салады деп сенемін, - деген болатын Мемлекет басшысы.

Жаңа заң жобасында археологиялық жұмыстарды лицензиялау жүйесін өзгерту, ескерткіштер мен археологиялық нысандар туралы деректерді жүйелеу, Біріккен автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру, сондай-ақ А.Х.Марғұлан атындағы Археология институты үйлестіретін Ұлттық археологиялық қызметтің құзыреттерін айқындау көзделеді.

Сондай-ақ депутаттар Сенат жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, кері қайтарған «Жасанды интеллект туралы» заң мен ілеспе құжатты қарайды.

Заңды жоғары палата қабырғасында талқылау барысында сенатор Бибігүл Аққожина құжатқа қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін бірқатар түзету қабылданғанын айтқан болатын.

- Мәселен, жауапкершілікті сақтандырудың ерікті түрін қолдануды алып тастау қарастырылып отыр. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ерікті түрде сақтандырумен қатар, жасанды интеллект жүйелері келтірген зиян үшін жауапкершілікті және оларды пайдалануға байланысты тәуекелдерді міндетті түрде сақтандыруды қолдану ұсынылады. Бұдан басқа, Мәжіліс қабылдаған заңда тәуекелдер анықталған жағдайда нұқсанды барынша азайту жөніндегі іс-қимылдармен шектелу көзделген. Түзетуге сәйкес, жасанды интеллект жүйелерінің иелері мен иегерлері мұндай қатерлерді болғызбау үшін нұқсанды да болдырмауға бағытталған жедел шаралар қабылдауы керек, — деді депутат.

Осыған орай сенаторлар «Жасанды интеллект туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жекелеген баптарын мақұлдамай, аталған баптардың жаңа редакциясын ұсына отырып, заңдарды Мәжіліске қайтару жөнінде шешім қабылдан еді.

Мұнан бөлек, Мәжіліс отырысында салалық комитеттер бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алады. Олар – 1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияларға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы елімізге мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын қайта бастау және оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары.

Сондай-ақ депутаттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді жұмысқа алуды жоспарлар отыр.

Фото: Мәжіліс

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптадағы Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдарды қабылдады.

Сол кезде Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды.

Оның дерегінше, базалық нұсқаға сәйкес 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі - 5,4 пайызды, 3 жылдағы орташа жылдық өсуі 5,3 пайызды құрайды. Номиналды жалпы ішкі өнім 2026 жылғы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы өсудің есебінен қамтамасыз етілетін болады. Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобалардың іске асырылуы есебінен өсу қарқыны 2026 жылғы 6,2 пайыздан 2028 жылы 6,6 пайызға дейін ұлғаяды деп болжанады. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мұнайдың кесімді бағасы бойынша есептелген лимит шегінде жыл сайын 2 трлн 770 млрд теңге мөлшерінде айқындалды.

Фото: Министерство финансов Республики Казахстан

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, 1 қаңтарда күшіне енетін жаңа Салық кодексі 2026 жылғы бюджет кірісін 3,6 трлн теңгеге ұлғайтады. Бюджет тапшылығы 0,9%-ға дейін төмендейді. 2026 жылға түсімдер 23,1 трлн теңге деңгейінде болмақ. Бюджет шығысы 27,8 трлн теңге, яғни осы жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге ұлғайтылады. 2026 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,5% деңгейінде, ал 2028 жылға қарай ол 0,9%-ға дейін төмендейді деп болжанып отыр. 

Үш жылдық бюджет жобасында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі қаржылық есептік көрсеткіштер мынандай шамада болмақ:
1) жалақының ең төмен мөлшерi — 85 мың теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері — 35 596 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi — 69 049 теңге;
4) айлық есептiк көрсеткiш — 4 325 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеуге қажетті ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы — 50 851 теңге.

Мәжілістегі партия фракциялары жетекшілері заң жобалары бойынша өз пікірін білдірді. «АМАNАТ», «Ауыл», Respublica, «Қазақстан Халық партиясы», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» фракциялары қолдап, «Ақ жол» фракциясы құжаттарға қарсылық білдірген жоқ. Талқылау қорытындысында депутаттар екі заңды да қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді.

Фото: Мәжіліс

Осы орайда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов талқылау барысында ескертулер аз айтылмағанына, көптеген конструктивті ұсыныс берілгеніне назар аударды. Үкімет осы ескертпелер мен ұсыныстың барлығын міндетті түрде ескеруге тиіс екенін баса айтты.

– Өйткені еліміз алдағы жылдары осы құжатқа, яғни Республикалық бюджетке сүйеніп тіршілік етеді. Бұл бюджет мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі мен фискальды саясат саласындағы реформалар негізінде қалыптасқанын атап өткен жөн. Бюджет жобасы ұзақ жылдан бері алғаш рет Ұлттық қордан қосымша нысаналы трансферттерсіз әзірленіп отыр. Мұндай нәтиже Мемлекет басшысының қаржы-бюджет жүйесін жетілдіру жөнінде берген тапсырмасын кезең-кезеңімен іске асырудың арқасында мүмкін болып отыр, – деді палата спикері.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 08:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see146

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see144

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see143

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see142

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see142

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see140

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see136

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see126

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see118

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see118

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see117

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see117

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see116

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары