Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Мемлекет бірқатар дәрі дәрмек құнын реттейді

Мемлекет бірқатар дәрі дәрмек құнын реттейді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жаңа Салық кодексіне сәйкес көтерме және бөлшек саудада дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға ҚҚС төмендетілді.

Биылдан бастап, мөлшерлеме 5%, ал келесі жылы 10%-ды құрайды. Сондай-ақ биыл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттар қосылған құн салығын төлеуден босатылды.

Кейбір дәрі-дәрмек түрлеріне ҚҚС салынбайды

Елімізде кейбір медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмеК қосылған құн салығынан босатылды. 3000-нан астам дәрілік заттар атауының 1200-і орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған. Олар үшін көтерме және бөлшек саудада ҚҚС-ы алынбайды. Аталған дертті емдеу, диагностикалау, алдын алу және оңалту қызметтері үшін де алымның бұл түрі салынбайды. Тиісті қаулы осы қаңтар айында күшіне енді. Мамандар мұндай шешім медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық жүктемені азайтуға, ең бастысы отандық фармацевтика саласын дамытуға бағытталғанын айтады.

Елде қымбат дәрі-дәрмекке сұраныс артты

Мамандар елде толыққанды фармацевтикалық экожүйе қалыптастыру керек дейді. Құзырлы қауымдастық нарықтың өсіп жатқанын айтады. Әйтсе де импортқа тәуелділік сейілген жоқ. Өйткені ұсыныстан сұраныс басым. Оның үстіне көпшілік арзан дәрілер емес, қымбат және заманауи препараттарға көңіл бөле бастаған.

«ФармМедИндустрия» қауымдастығының сарапшылары дамушы нарық үшін бұл қалыпты үдеріс дейді. Импортталатын өнімдердің 73%-ын дайын дозаланған дәрілер, қалғанын вакциналар мен иммундық препараттар қамтиды. Дегенмен валюта бағамының өзгеруі, логистикалық кедергілер, әлемдік шикізат тапшылығы фармацевтика нарығына әсер етіп жатыр. Демек отандық «Фарм Индустрияны» дамыту маңызды. «Бұл үшін зауыт салу аздық етеді. Толыққанды экожүйе қажет», - дейді сарапшылар. Осылайша, ішкі нарықты біртіндеп нығайтып, саланың сыртқы факторларға сезімталдығын азайтуға болады.

Томирис Темірғалина, Қазақстанның «Фарммединдустриясы» қауымдастығының сарапшысы:

- Дәріге сұраныс әрі қарай да өседі. Бұған демография, МӘМС, созылмалы аурулар динамикасы әсер етіп отыр. Бірақ негізгі дәрілер әлі де шетелден келеді. ⁠Бұл елдің фармқауіпсіздігіне нақты тәуекелдер тудырады. Мәселені шешу үшін бүкіл тізбек бойынша жүйелі жұмыс қажет.

Еліміздегі 200-ге тарта зауыт былтыр 160 млрд теңгенің дәрі-дәрмегін өндірді. Сөйтіп, ішкі қажеттіліктің 15 пайызын жапқан. Қалған өнімдер Еуропа, Ресей, Үндістан, т.б. елдерден жеткізілді. Қазір Үкімет отандық өнімдердің көп бөлігін ұзақ мерзімді келісімшарт аясында сатып алады. Фармацевтика саласына қаржы тарту көздері әлі де көбейеді. 9 жоба бойынша инвестициялық келісімдер жасалып жатыр. Осылайша, импорттық дәрі-дәрмектің біраз түрін елде өндіруге көңіл бөлінеді.

Мемлекет бірқатар дәрі-дәрмек құнын реттейді

Өткен жылдың аяғына қарай 4 мыңға тарта дәрі-дәрмек құны орташа алғанда 26%-ға төмендеді. Бұған Денсаулық сақтау министрлігінің бөлшек сауда желісіндегі дәрілік заттарға шекті бағаны реттеу тетігі себеп. Нарықта 7 мыңнан аса дәрілік препарат бар. Оның 5 мыңнан астамы, яғни рецепт арқылы берілетін өнімдер құны реттеледі. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, азаматтар дәрілік заттардың өзекті құнын «Dari.kz» және «NAQTY ONIM» мобильдік қосымшаларынан тексере алады. Бағаның негізсіз өсірілгенін байқаса, шағымдануға құқылы. Сондай-ақ құны 1 АЕК мөлшерінен төмен 2 мыңға тарта дәрі-дәрмек атауының бағасы нарық ырқына жіберілмек.

Дәріні заңсыз сатқандар айыппұл арқалайды

Былтыр еліміз дәрі-дәрмекті цифрлық таңбалау үдерісін аяқтады. Сөйтіп өнімнің өндірістен дәріханаға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік туды. Бұл Орталық Азиядағы бірегей тәжірибе. Нарықта 530 млн таңбаланған дәрі бар. Оның 200 млн-нан астамы елде өндірілген. Сондай-ақ биылдан бастап, контрафактілік дәрі-дәрмек сатқан кәсіпкер 20-дан 40 АЕК-ке дейін айыппұл арқалайды.

Әсет Өтеғалиев, ҚР СИМ Цифрлық трансформациялау және тауарларды таңбалау департаменті директорының орынбасары:

- Таңбаланбаған, оның арасында таңбаланған да бар, бірақ өтірік таңбаланғандар. Оның барлығы рейд барысында және өзіміздің таңбалау құралы арқылы оңай анықтай аламыз. Ол енді таза жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін өте пайдалы. Себебі нарықтан контрафакті тауарды алып тастағаннан кейін таза жасаған кәсіпкер өзінің таза тауарын сөреге енгізіп, өзінің айналымын көрсетеді.

Қазақстандықтарды тегін дәрімен қамту жалғасады. Бұл үшін биыл 567 млрд теңге бөлінді. Құзырлы министрлік 2 мыңнан аса препарат атауы мен медициналық жабдықтар сатып алынатынын мәлімдеді. Бұл былтырғыдан 7 пайыз көп.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 07:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары