Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз құрметіне қайта атағысы келді

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар ағымдағы жылдың сәуірінен бастап жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін де eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алатын болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін қызмет тек қолданыстағы құжат болған жағдайда, сондай-ақ оны жоғалуы, ұрлануы немесе тегі, аты-жөнін өзгерткен кезде ғана онлайн форматта көрсетілетін. Енді ол құжат мерзімі өткен жағдайларды да қамтиды.

Жаңашылдық жүргізуші куәлігінің барлық санаттарына қолданылады. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін куәлікті ауыстыру кезінде көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет.

Медициналық тексеруден өткен пайдаланушылардың мәліметтері өтінім беру сәтінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Ал егер пайдаланушы куәлікті мерзімі аяқталғанға дейін алдын ала ауыстырса, медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Қызмет көрсету мерзімі - 60 минут.

eGov.kz порталы арқылы қызметті алу үшін:

– порталға кіріп, «Азаматтарға» - «Көлік және коммуникациялар» - «Автомобиль көлігі» бөліміне өту;

– «Жүргізуші куәлігін алу» қызметін таңдау;

– дайын құжатты алу үшін ХҚКО-ны көрсету және фотосуретті жүктеу (фотоға қойылатын талаптармен танысу);

– қолтаңба үлгісін жүктеу және байланыс телефонын енгізу;

– мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда «Бұрын төленген» функциясын пайдалануға болады;

– өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау.

eGov Mobile қосымшасы арқылы қызметті алу үшін:

– қосымшаға кіріп, «eGov Мемлекеттік қызметтер» - «Жүргізу және көлік» бөліміне өту;

– «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін таңдау;

– фотоға қойылатын талаптармен танысып, файлды жүктеу;

– қолтаңба үлгісін жүктеу немесе жазып, «Сақтау» батырмасын басу;

– дайын құжатты алу үшін ХҚКО бөлімін таңдап, «Жалғастыру» батырмасын басу;

– мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда «Бұрын төленген» функциясын пайдалануға болады;

– өтінімді қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қою.

Қызмет нәтижесі eGov.kz порталындағы Жеке кабинеттегі «Хабарламалар» бөлімінде және eGov Mobile қосымшасындағы «Хабарламалар» - «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде көрсетіледі. Дайын құжатты рәсімдеу кезінде таңдалған ХҚКО-дан, жеке куәлікті ұсыну арқылы, алуға болады.

«Жақын арада жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметін толықтай онлайн форматқа кезең-кезеңімен көшіру жоспарлануда. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап өтінімдерді электронды түрде беру тәсіліне басымдық беріледі, бұл ХҚКО-ға барудан бас тартып, ондағы кезектерді азайтуға мүмкіндік береді. Қызметтің онлайн форматта бұрыннан қолжетімді әрі сұранысқа ие екенін ескерсек, бұл қадам процесті цифрландырудың қисынды жалғасы болмақ», - деді Цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Ростислав Коняшкин.

Фотосуретті жүктеу кезінде белгіленген талаптарды сақтау маңызды. Сурет форматы сапа параметрлеріне сәйкес болуы тиіс. Толық талаптар тізімімен eGov.kz порталындағы қызмет паспортынан танысуға болады.

Сонымен қатар бұрын берілген жеке куәліктегі немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда сурет алынатын құжат үш жылдан аспайтын мерзімде берілген болуы тиіс. Егер мерзім үш жылдан асса, жүйе өзекті фотосуретті қолмен жүктеуді ұсынады.

Өтінім беру барысында кейбір жағдайларда пайдаланушы құжатының деректері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде цифрландырылмаған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тиісті хабарлама көрсетіледі және деректерді жаңарту үшін ХҚКО-ға жеке жүгіну қажет болуы ықтимал.

Сондай-ақ жүйе берешектердің бар-жоғын автоматты түрде тексереді. Егер жүргізушінің 30 күннен астам уақыт бұрын салынған, төленбеген айыппұлы болса, ол толық өтелгенге дейін куәлікті ауыстыру мүмкін болмайды.

Айта кету керек, жүргізуші куәлігін онлайн беру қызметі іске қосылған сәттен бастап оны 60 000-нан астам рет пайдаланған.

Функционал  Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 12:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see140

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see135

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see133

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see131

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

10 Қазан 2026 17:43see130

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see124

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see122

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see119

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see113

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see113

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see111

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see109

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see109

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see108

Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз құрметіне қайта атағысы келді

11 Қазан 2026 10:19see107

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

10 Қазан 2026 22:00see107

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see104

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары