Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Жемісті жеті жыл

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Миллиардтық меже

Миллиардтық меже

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алайда осы жетістіктің көлеңкелі жағы да бар: ел сырттан 14 млрд доллардың қызметін сатып алған. Яғни рекорд жаңарғанымен, халықаралық қызметтер тартудағы тапшылық жойылған жоқ.

Бір қарағанда, 1,2 млрд долларлық тапшылық экономиканың әлсіз тұсын көрсететіндей. Бірақ жиырма жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, көрініс өзгеше. 2005 жылы Қазақстан 2,1 млрд доллардың қызметін экспорттап, 7,5 млрд доллардың қызметін импорттаған. Арадағы алшақтық 5,4 млрд доллар еді. Бүгінде экспорт алты еседен астам өсіп, тапшылық төрт есеге жуық қысқарды.

Қазақстанның сыртқы саудасы сөз болғанда, әдетте мұнай, металл мен уран алдыңғы қатарға шығады. Ал қызмет экспорты ел экономикасының шикізаттан тыс тағы бір табыс көзі қалыптасып келе жатқанын аңғартады. Бұл нарықта вагонға тиелген немесе құбырмен жөнелтілетін өнім жоқ. Оның орнына тасымал, туризм, білім беру, емдеу, қаржы және цифрлық қызметтер сатылады.

Әзірге экспорттың басты тірегі – көлік саласы. 2025 жылы Қазақстан шетелдік клиенттерге 5,7 млрд доллардың тасымалдау қызметін көрсетті. Бұл барлық қызмет экспортының 44,8 пайызына тең. Соның 4,5 млрд доллары жүк тасымалына тиесілі. Демек, рекордтық көрсеткіштің едәуір бөлігі Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік орналасуына байланысты қалыптасқан.

Қазақстан мұнайдан бөлек не сатып отыр?

«Қазақстандық қызметтер экспортының 44,8 пайызы тасымалға тиесілі. Бұл бағыттағы оң сальдо 2,2 млрд долларға жетті. Экс­порттық түсім негізінен тасымал, сапарлар және IT қызметтеріне шоғырланған», – дейді Ranking.kz сарапшылары.

Екінші ірі бағыт – шетелдіктердің Қазақстанда жұмсаған қаражаты. Халық­аралық статистикада ол «сапарлар» санатына енгізіледі. Бұған туристердің ғана емес, елге оқуға, емделуге немесе туыстарын аралауға келген азаматтардың шығыны да кіреді. 2025 жылы осы бағыттағы экспорт 12,4 пайызға өсіп, 2,9 млрд долларға жетті.

Бірақ қазақстандықтар шетелде бұдан да көп – 3,8 млрд доллар жұмсаған. Сондықтан сапарлар бойынша 957,7 млн доллар тап­шы­лық қалыптасты. Бұл жерде мәселе аза­мат­тардың шетелге шығуында емес, Қа­зақ­станның шетелдік келушілерден түсе­тін табысты қаншалықты ұлғайта алатынында.

«Елге келген шетелдіктердің шығыны артып келеді, бұл – туризм мен ішкі қызмет көрсету нарығы үшін оң белгі. Бірақ қазақстандықтардың шетелдегі шығыны әлі де жоғары. Осы айырманы қысқарту үшін турист санын көбейту ғана жеткіліксіз. Елдегі сервис сапасы, көлік қолжетімділігі және ұсынылатын қызмет түрлері де қатар дамуға тиіс», – дейді сарапшылар.

Қазақстанның сыртқы нарықтағы осал тұсы өзге іскерлік қызметтерден байқалады. 2025 жылы олардың импорты 21,6 пайызға өсіп, 2,8 млрд долларға жеткен. Бұл жалпы импорт өсімінің жартысына жуығын қамтамасыз етті. Саланың тапшылығы шамамен 2 млрд доллар болды. Яғни Қазақстан консалтинг, кәсіби сүйемелдеу және басқа да іскерлік қызметтер үшін шетелдік компанияларға қомақты қаражат төлеп отыр.

Қызмет экспортының ең серпінді бағы­ты – телекоммуникациялық, компьютерлік және ақпараттық қызметтер. Бір жылдың ішінде олардың көлемі 35,6 пайызға өсіп, 1,4 млрд долларға жетті. Ал компьютерлік қызметтер экспорты алғаш рет миллиард долларлық межеден асып, 1,1 млрд долларды құрады.

Бұл көрсеткіш Қазақстанның техно­логиялық өнімді тек тұтынушы емес, экспорттаушы елге де айнала бастағанын білдіреді. Алайда миллиард доллардың 367,6 млн доллары цифрлық активтер майнингіне тиесілі. Майнингті алып тастағанда компьютерлік қызметтер экспорты 775,1 млн доллар болып қалады. Бұл – сектордың тек цифрлық активтерге сүйенбейтінін көрсететін маңызды белгі.

IT-дегі рекордты аймақтар сезіне алмады

«Компьютерлік қызметтер экспорты 1,1 млрд долларға жетті. Оның 367,6 млн доллары майнингке, 775,1 млн доллары өзге компьютерлік қызметтерге тиесілі», – дейді Ranking.kz сарапшылары.

Дегенмен IT-экспорттың тағы бір әлсіз тұсы бар. Қазақстаннан шығарылған компьютерлік қызметтердің 90,3 пайызы, яғни 1 млрд доллары Астанаға тиесілі. Алматы 65,8 млн доллардың қызметін экспорттаған. Осы екі қала елдегі жалпы көлемнің 96,1 пайызын қамтамасыз етті. Қалған өңірлердің үлесі төрт пайызға да жетпейді.

Мұндай алшақтық елордада Astana Hub стартаптар экожүйесінің қалыптасуы және Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының іске қосылуымен байланысты. Бірақ технологиялық табыс бір қаланың айналасында шоғырлана берсе, оның ел экономикасына беретін кеңауқымды әсері шектеулі болады. Өңірлерге маман, инфрақұрылым, инвестиция және сыртқы нарыққа шығатын нақты арна қажет.

2026 жылдың алғашқы тоқсанындағы нәтиже де осы саланың тұрақтылығы әлі толық қалыптаспағанын көрсетті. Жалпы, қызмет экспорты 14,1 пайызға өсіп, 3,1 млрд долларға жеткенімен, телеком­муникациялық, компьютерлік және ақпараттық қызметтер экспорты 3,4 пайызға кеміді. Бұған майнинг экспортының 18,2 пайызға қысқаруы әсер еткен. Ал майнингсіз есептегенде компьютерлік қызметтер экспорты 6,1 пайызға өсті.

Қазақстан бүгінде қызмет экспорты көлемі бойынша әлемнің 180-нен астам елі мен аумағы арасында 69-орында тұр. Елдің жаһандық нарықтағы үлесі әзірге 0,13 пайыз ғана. Сондықтан 12,8 млрд долларлық рекордты мәреге жету деп емес, жаңа кезеңнің бастауы деп қабылдаған жөн. Келесі міндет – тасымалға тәуелділікті азайтып, IT табысын өңірлерге тарату және қазір шетелден сатып алынып отырған іскерлік, инженерлік әрі зияткерлік қызметтерді ел ішінде дамыту.

Кәмила ДҮЙСЕН 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 06:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see148

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see147

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see147

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see146

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see145

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see142

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see141

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see141

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see140

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see140

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see140

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see139

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see138

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see137

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see137

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see135
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары