Олимпиада алтынына 150 мың доллар: Күрес федерациясы арнайы сыйақы жүйесін бекітті
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Фото: Ашық дереккөз
Енді Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттары, Азия ойындары және Азия чемпионаттарында жүлдеге ие болған балуандар мен олардың бапкерлері мемлекет тарапынан төленетін сыйақымен қатар, Қазақстан күрес федерациясының қосымша ақшалай сыйақысын да алады.
Олимпиада ойындары
Алтын медаль: спортшыға – 150 мың доллар, бас бапкерге – 15 мың доллар, жеке бапкерге – 30 мың доллар.
Күміс медаль: спортшыға – 100 мың доллар, бас бапкерге – 10 мың доллар, жеке бапкерге – 20 мың доллар.
Қола медаль: спортшыға – 50 мың доллар, бас бапкерге – 5 мың доллар, жеке бапкерге – 10 мың доллар.
Ересектер арасындағы әлем чемпионаты
Алтын медаль: спортшыға – 100 мың доллар, бас бапкерге – 10 мың доллар, жеке бапкерге – 20 мың доллар.
Күміс медаль: спортшыға – 50 мың доллар, бас бапкерге – 5 мың доллар, жеке бапкерге – 10 мың доллар.
Қола медаль: спортшыға – 25 мың доллар, бас бапкерге – 2,5 мың доллар, жеке бапкерге – 5 мың доллар.
Азия ойындары
Алтын медаль: спортшыға – 100 мың доллар, бас бапкерге – 10 мың доллар, жеке бапкерге – 20 мың доллар.
Күміс медаль: спортшыға – 50 мың доллар, бас бапкерге – 5 мың доллар, жеке бапкерге – 10 мың доллар.
Қола медаль: спортшыға – 25 мың доллар, бас бапкерге – 2,5 мың доллар, жеке бапкерге – 5 мың доллар.
Ересектер арасындағы Азия чемпионаты
Алтын медаль: спортшыға – 30 мың доллар, бас бапкерге – 3 мың доллар, жеке бапкерге – 6 мың доллар.
Күміс медаль: спортшыға – 20 мың доллар, бас бапкерге – 2 мың доллар, жеке бапкерге – 4 мың доллар.
Қола медаль: спортшыға – 10 мың доллар, бас бапкерге – 1 мың доллар, жеке бапкерге – 2 мың доллар.
Олимпиадаға қатысқан әр спортшыға 10 мың доллар берілуі мүмкінКүрес федерациясы алдағы уақытта да халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсету үшін спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіп, қажетті жағдай жасау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, демалыс күндері ел спортшылары олимпиадалық спорт түрлерінен ірі халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, 19 медаль иеленді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:32
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 17:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















