Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Олжас Сүлейменовтің мерейтойы: Өз жерінің елшісі атты форум өтті

Олжас Сүлейменовтің мерейтойы: Өз жерінің елшісі атты форум өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Алматыда көрнекті ақын, қоғам қайраткері, «Невада–Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойына арналған «Өз жерінің елшісі» атты VII халықаралық Еуразия мәдениеттерін жақындастыру форумы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан, Франция, Ресей, Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, АҚШ және басқа да елдерден келген мәдениет, ғылым және әдебиет қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық институттардың өкілдері қатысты.

Форумның пленарлық отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтап, оның ұлттық мәдениетті дамытуға және Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға қосқан айрықша үлесін атап өткенін жеткізді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Сүлейменовті мерейтойымен құттықтап, шығармашылығы мен азаматтық ұстанымын жоғары бағалады. Президентіміз атап өткендей, Олжас Сүлейменовтің өмір жолы — Отанға адалдықтың, жоғары азаматтық ұстанымның және жалпыадамзаттық құндылықтарға берік болудың жарқын үлгісі. Еліміздің тарихында ақындық қуат, ғылыми ізденіс, азаматтық батылдық пен халыққа адал қызмет секілді қасиеттерді бір бойына тоғыстырған тұлғалар көп емес. Олжас Сүлейменов – сондай сирек жаратылған қайраткерлердің бірі. Оның шығармашылығы қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік руханияттың да жарқын құбылысына айналды. Бірнеше буынның дүниетанымын қалыптастырып, ұлттық намыс пен туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін бойға сіңірді», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар Аида Балаева форумның «Өз жерінің елшісі» деп аталуы жазушының өмірлік миссиясын айқындай түсетінін атап өтті. Бұл атау Қазақстанның үнін биік мәдениет, кемел ой және гуманистік жауапкершілік тілімен жеткізген тұлғаның болмысын айқын танытады.

Премьер-министрдің орынбасары Олжас Сүлейменовтің әдебиет пен кино саласының дамуына қосқан зор үлесіне де кеңінен тоқталды. Алпыс жылдан астам уақытқа созылған шығармашылық жолында жазушының еңбектері көптеген елдің әдеби және интеллектуалдық кеңістігінің ажырамас бөлігіне айналды. Оның кітаптары әлемнің 30-дан астам тіліне аударылып, Қазақстанда, Ресейде, Францияда, Италияда, Түркияда, Еуропа мен Орталық Азия елдерінде жарық көріп, кеңінен таралды.

Бұған дейін жазушының қазақ және орыс тілдеріндегі он томдық шығармалар жинағы жарық көріп, оқырманға жол тартқан болатын. Аида Балаева бұл жұмыстың мерейтой жылы да жалғасатынын атап өтті. Жыл соңына дейін «Олжас Сүлейменов. 90 лет» және «Аз и Я» фотоальбомдарын шығарып, кейін оларды еліміздің барлық көпшілік кітапханасына тарату жоспарланып отыр.

Олжас Сүлейменовтің шығармашылық мұрасы әдебиет пен ғылыми ой аясымен ғана шектелмейді. Оның еңбегінде кинематографияның да орны ерекше. 1966 жылы Сүлейменовтің сценарийі бойынша режиссер Шәкен Айманов «Земля отцов» фильмін түсірді. Бұл туынды отандық киноның алтын қорына енді және оны 4 миллионнан астам көрермен тамашалады. Кейін Олжас Сүлейменовтің сценарист ретіндегі есімі «Зима – не полевой сезон», «Последний переход», «Примите Адама!», «Махамбет», «Жангир» фильмдерімен байланысты болды. Кино арқылы оның жер, руханият, тарихи жауапкершілік туралы ойлары жаңа көркемдік өлшемге ие болып, кейінгі буын көрермендеріне жақындай түсті.

Форум аясында жазушының қайта басылып шыққан «Аз и Я», «Посол своей земли», «Ол жас – он молодой», «Закон Осириса: древнеказахский язык и культурное наследие человечества – новые историко-лингвистические открытия Олжаса Сулейменова» кітаптары, «Введение в Олжасоведение» оқу құралы, «Книга поэм» жинағы және басқа да еңбектері таныстырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 15:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары