Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Оңтүстік өңірлік қолбасшылығына ширек ғасыр

Оңтүстік өңірлік қолбасшылығына ширек ғасыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Тараз қаласында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштердің Бас штабы бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев, Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, әскери қызметшілер мен Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Іс-шара соғыс батырлары, аңыз қолбасшылар Сағадат Нұрмағамбетов пен Бауыржан Момышұлының ескерткіштеріне гүл қою рәсімінен басталды.

Жеке құрамды құттықтау барысында генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері антқа адалдықтың, бірліктің және жоғары кәсібиліктің үлгісі екенін атап өтті.

– Жиырма бес жыл – бұл мыңдаған әскери қызметшілер мен офицерлердің қажырлы еңбегі мен жаттығу жылдары. Сіздер бүгінде мемлекеттің қауіпсіздігі мен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етіп, даңқты дәстүрлерді абыроймен жалғастырып келесіздер, – деді генерал-лейтенант С. Камалетдинов.

Мереке аясында «Даңқ» мұражайында жаңа экспозиция ашылып, естелік стела мен болашақ әскери қызметшілерге арналған уақыт капсуласы қойылды. Бұдан басқа заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілері көрсетіліп, штаб аумағында ағаштар отырғызылды және өнерпаз әскери қызметшілердің концерті өтті.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 2000 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Президентінің Жарлығымен құрылды. Алғашында ол Тараз қаласында штабы бар Оңтүстік әскери округ ретінде құрылған болатын. 2003 жылы округ өңірлік қолбасшылыққа айналды. Бірінші қолбасшы генерал-майор Әлихан Жарболов болды. Оның басшылығымен бөлімдерді қайта орналастыру, құрамаларды жасақтау және жаңа міндеттерге бейімдеу бағытында ауқымды жұмыс басталды.

Бүгінде бірлестікті генерал-майор Ержан Ыбыраев басқарады. Оның жетекшілігімен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік әлеуетін нығайтып, әскерді дайындаудың заманауи тәсілдерін дамытып келеді. Бұл әскери құралым елдің оңтүстік шекарасының сенімді қалқаны болып қала бермек. Жеке құрам әрдайым жоғары жауынгерлік дайындық пен кез келген жағдайда тапсырмаларды орындауға әзірлігін көрсетіп жүр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:231
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 09:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see127

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see125

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see124

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see121

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see120

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see119

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see117

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see117

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see117

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see116

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see115

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see114

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see114

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see114

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see112

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see111

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see110

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see110

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары