Орталық Батыс дәлізіндегі нақты жұмыстар 1 наурызда басталады ҚазАвтоЖол
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
- Орталық-Батыс бағыты бойынша жұмыс толық атқарылып жатыр. Президент тапсырма бергенін білесіздер. Мердігер компания Арқалықтың бойында жұмысшылар қалашығын құрды. Жоспар бойынша әкімдіктермен жол картасына қол қойдық. Олардың міндеті – жер мәселесін, электр тогымен қамтамасыз ету мәселесін шешу, - деді компания басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ол ұлттық компания мердігерге тас пен құм карьерлерін игеру мәселесінде көмек көрсететінін айтты.
- Осы қыста осы мәселелерді толық шешуіміз керек. Оны шешкеннен кейін 1 наурыздан жұмыс толық басталады. Қазір қаржыландыру институттарымен жұмыс істеп жатырмыз. Оларға экономикалық есепті ұсынуымыз керек. Ол есеп мемлекеттік сараптама жатыр. Оған дейін дайындық жұмыстарын толық аяқтауымыз керек. Себебі жер мәселесін, карьер мәселесін шешпей құрылысты бастай алмаймыз, - деді «ҚазАвтоЖол» басшысы.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық-Батыс» автокөлік дәлізін жылдамдатып салып бітіруді тапсырған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:31
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 15:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















