Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Осы жылы қазақ спорты кімдерден айырылды?

Осы жылы қазақ спорты кімдерден айырылды?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

2025 жылы ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан және салада есімі ел аузына ілігіп келе жатқан жас таланттар бақилық болды. Еліміздің футболшылары, бапкерлері және спорт ардагерлері түрлі қайғылы жағдайда көз жұмды. Олардың арасында ұлттық құрамада ойнаған спортшылар, жас футболшылар, тәжірибелі жаттықтырушылар мен спортты дамытуға үлес қосқан қоғам қайраткерлері бар. Бүгін біз биыл қазақ спорты кімдерден айырылғанын еске аламыз, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Sputnik/Абзал Калиев

Осы жылдың қазан айында Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды. 

Андрей Морев «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» сынды командалар сапында өнер көрсеткен. «Ақтөбе» сапында екі дүркін Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогінің иегері болды. 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атағына лайық деп танылды.

Андрей Морев Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында екі матч өткізген. Дебюттік ойынында қарсылас болған Түркия құрамасының пенальтиін сәтті қайтарып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді.

Жарыс алдында толық медициналық тексеруден өтсе де Алматыдағы Salomon Trail тау жарысы кезінде 70 жастағы спортшы Владимир Кривенцов көз жұмды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қарт спортшы жарыс басталған тұста құлап, денсаулығы сыр берген. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары іле-шала алғашқы медициналық көмек көрсетіп, «Медеу» мұз айдыны кешеніндегі құтқару бөліміне жеткізген. Дәрігерлер спортшыны аман алып қалуға бар күш-жігерін салғанмен, спортшы қайтыс болған. 

Владимир Кривенцов спортпен кәсіби түрде айналысқан. Полиатлон, президенттік және қысқы көпсайыс түрлерінен Қазақстанның бірнеше дүркін жүлдегері болған. Ол спорттық жарыстарға үнемі қатысып жүрген белсенді спортшы ретінде ел есінде қалары сөзсіз...

Орны толмас қазаның бірі – Қазақстанның бірінші лигасында өнер көрсететін «Хан Тәңірі» клубының ойыншысы Диас Төлеудің жасыл алаңда жан тапсыруы. Қайғылы оқиға «Хан Тәңірі» – «Екібастұз» матчының 64-ші минутында болған. 19 жастағы шабуылшының денсаулығы кенет нашарлап, оны алаңнан зембілмен алып шыққан. Көп ұзамай ойыншының қайтыс болғаны ресми түрде жарияланды. Футболға деген сүйіспеншілігі жоғары жас талант «Қайрат» академиясында тәлім алған. 

Биыл «Ақтөбе» футбол клубының 15 жастағы футболшысы Арон Мұса да өмірден өтті. Жас дарын Арон Мұса мен әжесі, немере  ағасы газдан уланып бақилық болғаны белгілі болды. 

Биыл қазақ халқы «Қайраттың» бұрынғы бапкері, Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы әрі «Қайрат» ФК академиясының жетекшісі Кирилл Кекерден де айырылып қалды. Ол ұзақ жыл «Қайрат» футбол клубының құрылымында еңбек етіп, академияда жас футболшыларды шыңдаумен айналысқан. 2022–2024 жылдар аралығында алматылық клубтың негізгі командасын тізгіндеген, сонымен қатар 2024 жылы «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарған. Кирилл Кекер футболшы ретінде де жұртшылық жадында. Ол «Қызылжар», «Оқжетпес», «Сұңқар» және «Шығыс» командаларының сапында қорғаушы болып доп тепкен. 

Желтоқсанда Алматы – Бішкек тасжолында болған жол апаты 5 спорт ардагерінің өмірін жалмады. Қайғылы оқиға Бішкектегі футбол турнирінен қайтып келе жатқанда болған. 

Қаза тапқан спортшылардың есімі:

Асыл Ибраимов – есту қабілеті шектеулі спортшылардың футболдан жаттықтырушысы; Дмитрий Мочальский – сурдлимпиялық чемпион, шахматтан Еуропа чемпионы; Сәкен Смағұлов – футбол ардагері, есту қабілеті шектеулі ұлттық құраманың ойыншысы; Сергей Волковинский – футбол ардагері, ұлттық құрама мүшесі; Серік Молдашев – футбол ардагері, ұлттық команда ойыншысы.

Қазақ спортының беделін биіктету жолында тер төккен спортшылардың жарқын бейнесі жадымызда қалары сөзсіз...

Бұған дейін 2025 жылы Қазақстан спортшылары қандай тарихи жеңістерге қол жеткізгені туралы жазған едік.  

Соңғы жаңалықтар

Заречный кентінің тұрғындары жаңа қонысқа көшті

Аймақтар • Бүгін, 14:25

2025 жылы қандай тұлғалармен қош айтыстық?

Тұлға • Бүгін, 14:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Besqaru зауытымен танысты

Президент • Бүгін, 13:30

Рустам Баялиев қызметінен босатылды

Президент • Бүгін, 13:16

Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?

Медицина • Бүгін, 13:00

Тайынша ауданында сабаннан сапалы жиһаз жасайтын цех ашылды

Экономика • Бүгін, 12:50

«Тағамдарға арналған дәмдеуіш»: Астанада қалтасына есірткі салып жүрген аспаз ұсталды

Оқиға • Бүгін, 12:40

Президент елордадағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесіне барды

Президент • Бүгін, 12:39

Степногорскідегі «сұрықсыз» Аяз ата: тұрғындарды шошытқан мүсіндер алаңнан алынып тасталды

Аймақтар • Бүгін, 12:30

Депутат: Шағын және шалғай аудандар қолдаусыз қалып отыр

Қоғам • Бүгін, 12:25

Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырады

Әлем • Бүгін, 12:20

Риддер тұрғыны баланы көлікпен қағып, өзі жалтарып кеткен

Қоғам • Бүгін, 12:05

Мемлекет басшысы Tausogar зауытын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:53

Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады

Қоғам • Бүгін, 11:52

«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?

Білім • Бүгін, 11:40

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 14:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see138

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see135

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see133

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see132

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see132

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see131

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see130

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see130

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see128

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see128

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see128

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see128

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see128

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see127

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see126

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see126

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see126

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see125

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see125

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары