Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Озат оқушыларға қолдау артады

Озат оқушыларға қолдау артады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Өткен оқу жылында озат оқушыларымыз халықаралық білім додаларында орасан жетістікке қол жеткізді. Барлығы 1720 оқушы 35 халықаралық олимпиада мен ғылыми байқауға қатысып, 1006 медаль иеленді. Оның ішінде 193 алтын, 349 күміс және 464 қола медаль бар. Яғни, әрбір екінші қатысушы жүлдегер атанып отырған, деп жазады Egemen.kz.

Дарынды оқушыларымыз әлемдегі ең беделді 7 олимпиадада 27 жүлдені еншілеген. Олар 4 алтын, 13 күміс, 10 қола медальға қол жеткізіп, ел абыройын асқақтатты. Бұл – өткен жылғы нәтижелерге қарағанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтің айтуынша, ұлттық құрама Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында (ISPhO) – абсолютті чемпион атанса, халықаралық география олимпиадасында (IGeO) командалық есепте 2-орынға шықты. Оған қоса, Балқан математикалық олимпиадасында үздік үштіктен көрініп, First Global Challenge әлемдік робототехника чемпионатында үш мәрте жеңімпаз атанды. 

«Халықаралық аренадағы оқушыларымыздың жетістіктері де мақтан тұтарлық. Мәселен, Астана қаласының 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова Азия физика олимпиадасында «Ең үздік қатысушы» атанды. Маңғыстау облысының 10-сынып оқушысы Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты аймағының «Үздік лингвисі» деп танылды. Ал Шығыс Қазақстан облысының оқушысы Алдияр Амангелді Орталық Азияның «Үздік информатигі» атағына ие болды.  Осының бәрі оқушыларымыздың әлемдік аренадағы биік зияткерлік әлеуетін көрсетеді», деді ол.

Дарынды балаларды қолдауға қатысты тағы бір айрықша маңызды жаңалық – тамыз айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен Ақордада кездесті. Президент 7 беделді халықаралық сайыста оза шапқан 27 жүйрікті арнайы шақырып, қабылдады. Президент әрбір жеңімпаздың артында тұрған ұстаздар мен ата-аналардың еңбегін ерекше атап өтті. Бұл жүздесу жас таланттарға үлкен шабыт сыйлағаны рас.

«Мемлекет басшысының қолдауымен 2022 жылдан бастап халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы тағайындалып келеді. Атап айтқанда, алтын медаль иегерлеріне – 1500 АЕК-ке дейін (5 898 000 тг); күміс медаль иегерлеріне – 1000 АЕК-ке дейін (3 932 000 тг); қола медаль иегерлеріне – 500 АЕК-ке дейін (1 966 000 тг) сыйақы беріледі. 2025 жылы олимпиада жеңімпаздары мен олардың тәлімгерлеріне жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам біржолғы сыйақы берілді.  Мемлекеттік қолдау тек оқушыларға ғана емес, олардың жетекшілеріне де бағытталған. Елордада өткен «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» атты республикалық Тамыз конференциясында Президент алғаш рет халықаралық жеңімпаздарды дайындаған ұстаздарға мемлекеттік наградалар табыс еткенін де атап өту қажет», деді Қаныбек Жұмашев.

Жиын барысында комитет төрағасы халықаралық зияткерлік конкурстарда бақ сынайтын оқушыларды дайындауға зерттеу және оқытушылық тәжірибесі бар ғылым докторлары мен кандидаттары, PhD докторлар шақырылатынын атап өтті.

«Сондай-ақ, қазіргі буынды даярлауда бұрын республикалық және халықаралық олимпиадаларда  көк байрағымызды желбіреткен жас дарындарымыздың еңбегі зор. Олар оқушыларға оқу-жаттықтыру жиындарын өткізіп, олимпиадалық тапсырмаларды шешуді үйретеді, эмоционалды интеллект, стреске төзімділік бойынша психологиялық тренингтер өткізеді. Мемлекет басшысы жастарға жағдай жасау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, халықаралық олимпиада жеңімпаздарын «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға жіберу туралы шешім қабылдады. Осылайша, дарынды да талапты жастарға қолдау арта түсті», деді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директоры Ғаждембек Тұрсынов өз баяндамасында министрліктің білім алушыларға бастауыш сыныптан бастап жан-жақты қолдау көрсетіп келетіндігіне тоқталды.

«Ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиадаға биыл 125 мыңнан астам бала тіркелді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12 мыңға артық. Ауылдық жерлердегі дарынды оқушылардың республикалық олимпиадалар мен байқауларға қатысуы соңғы үш жылда он есе өсті. 2025-2026 оқу жылында Президент Жолдауына сәйкес білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу аясында AEROO Space AI Competition атты инженерлік жарыс өткізіледі. Бұл жоба жас ұрпақтың ғылыми-шығармашылық әлеуетін арттыруға тың серпін береді. Хабар агенттігімен бірлесе жүзеге асырылған «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, биыл өз жалғасын табады. Осы сайыстың қорытындысы бойынша 2025 жылы үш жеңімпаз жоғары оқу орындарының білім гранттарына ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, 2025 жылдың тың бастамаларының бірі - «Келешек мектептері» оқушылары үшін робототехникадан олимпиада ұйымдастыру. Бұл жоба инженерлік білімді дамытуға және оқушылардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттыруға ықпал етпек», деді Ғ.Тұрсынов.

Сонымен қатар брифингте «Үркер» білім беру орталығы туарлы айтылды. Заманауи үлгідегі орталық Алматы қаласында салынады. Мұнда оқушылар халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа білім беру бағдарламалары арқылы ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алады. Орталықта математика, физика, химия, биология, информатика салаларында ғылыми мектептер мен зертханалар, стартап-инкубаторлар құрылып, робототехника, жасанды интеллект, биотехнология сияқты салалар бойынша ірі халықаралық компаниялармен серіктестік жобалар жүзеге асады. Одан бөлек, музыка, бейнелеу өнері, кино, театр және ұлттық өнерді дамытуға жағдай жасалады. 

«Оқу-ағарту министрлігі дарынды оқушылар мен педагогтарды қолдауға бағытталған SMART Daryn ұлттық цифрлық платформасын іске қосты. SMART Daryn бірыңғай тестілеу жүйесін қалыптастырып, олимпиадалар мен конкурстарды тіркеуден бастап қорытынды нәтижелерге дейінгі барлық процесті автоматтандырады. Жаңа жоба оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ білім беру процесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізуге арналған маңызды қадам. Платформаның басты ерекшелігі – прокторинг жүйесін пайдалана отырып олимпиадалар мен конкурстарды онлайн форматта ұйымдастыру. Бұл әдіс зияткерлік сайыстардың әділ және ашық өтуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, SMART Daryn қатысушыларға тәжірибелі тренерлерден кеңес алу, онлайн-оқыту арқылы білім мен дағдыларды жетілдіру, интеллектуалдық жарыстарға сапалы дайындалу мүмкіндіктерін ұсынады», деді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 13:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары