Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Петропавл әуежайының келешегі қандай болмақ

Петропавл әуежайының келешегі қандай болмақ

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтіп, жергілікті әуежайдың жұмысы да талқыға түсті.

«Қызыл-Жар» халықаралық әуежайының директоры Абыл Кекілбаевтың айтуынша, нысан жоғары стандарттарға толық сәйкес келетінін ресми түрде растап, 2027 жылдың соңына дейін жарамдылық сертификатын алды. Нәтижесінде инфрақұрылымдық шектеулер алынып, түнгі рейстерді орындауға мүмкіндік берілді.

— Әуе кемелерін мұздануға қарсы толыққанды өңдеу жүйесі енгізілді. Сонымен қатар, жанармай құю кешені қалпына келтіріліп, халықаралық, оның ішінде туристік рейстерді орындауға жол ашылды. Әуежайдың қазір Boeing 767 және Airbus 330 секілді ірі әуе кемелерін қабылдауға техникалық мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда тұрақты бағыттарда Boeing 737 ұшақтары, соның ішінде MAX 9 модификациясы сәтті пайдаланылып келеді, — деді әуежай директоры.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Былтыр әуежайдан 132 мың жолаушы ұшқан. Соңғы үш жылда тұрақты өсім бар. Мәселен 2024 жылы 117 мың адам әуежай қызметіне жүгінген.

«Алматы — Петропавл» бағыты бойынша жүктеме 80% жоғары деңгейде сақталып отыр. Нәтижесінде бұл бағытты субсидиялау тоқтатылды.

— Дегенмен, операциялық көрсеткіштердің жақсарғанына қарамастан, 2025 жылғы қаржылық нәтиже теріс күйінде қалып отыр. 382 млн теңге табысқа қарамастан, 82 млн теңге шығын бар. Бұған басты себеп — ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кететін жоғары тұрақты шығындар. Бұл талаптар рейстер санына қарамастан міндетті түрде орындалады. Өңірлік әуежайлардың өз ерекшелігі бар, табыс базасы шектеулі. Ал қауіпсіздік пен инфрақұрылымға қойылатын талаптар соған қарамастан барлық жерде бірдей. Негізгі шығындар персоналға және әуежайды жыл бойы белгіленген нормативтік талаптарға сай жағдайда ұстап тұруға жұмсалады. Мұндай нысандардың қаржылық тұрақтылығы рейстер қарқындылығы артқан және авиациялық емес табыс көздері дамыған жағдайда қамтамасыз етіледі, — дейді Абыл Кекілбаев.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Маманның айтуынша, коммуналдық меншіктегі нысандар ғана мемлекеттік қолдауға ие. Қазіргі жағдайда әуежай субсидиялау талаптарына формалды түрде сәйкес келмейді. Сондықтан оны ішкі ресурстар мен инвестор қаражаты есебінен дамыту міндеті тұр.

— Әуежайдың стратегиялық мақсаты — дотациялық нысаннан өңір сының қозғаушы күшіне айналу. Осыған байланысты облыс әкімдігінің әуежайды «Қазпошта» АҚ және жеке инвесторлармен бірлескен мультимодальды көлік-логистикалық орталық жобасына интеграциялау бастамасын қолдау маңызды. Жоба пошта және жүк ағындарын шоғырландыруды, e-commerce логистикасын дамытуды және авиациялық емес табысты арттыруды көздейді. Бұл инфрақұрылым жүктемесін көбейтіп, қаржылық тұрақтылықты нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, — дейді Абыл Кекілбаев.

Жалпы алғанда, әуежай техникалық тұрғыдан толық жарамды және заманауи әуе кемелерін қабылдай алады.

Бұған дейін Зайсанда салынып жатқан әуежай жазда іске қосылатынын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Ақпан 2026 22:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары