Петропавлда бәліш, торт және қытырлақ нан өндіретін зауыт салынып жатыр
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Петропавл қаласында тағам өнімдерін өндіретін заманауи кәсіпорын салу жөніндегі ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 12 670 тонна тәтті бәліш, торт және қытырлақ нан өнімдерін өндіруге есептелген.
"Жобаның жалпы құны 37,3 млрд теңге. Оның 26,1 млрд теңгесі инвесторлардың өз қаражаты есебінен қаржыландырылса, 11,2 млрд теңге қарыз қаражат ретінде тартылған", - деп жазылған хабарламада.
Өнім негізінен Қазақстан мен Ресей нарықтарына бағытталған. Сонымен қатар өнім көлемінің 98 пайызы экспортқа шығарылады деп жоспарланып отыр.
Бұл өңірдің сыртқы экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жобаның орындалу мерзімі 2023–2027 жылдар аралығын қамтиды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:74
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 01:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















