Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстандық шоу-бизнесте тағы бір дау өршіді. Бұған әнші Ayau-дың (Аяулым Құсайын) LALAGÜL және орындаушы Merey-дің (Мерей Әйімбетова) HIGANBANA альбомдары себеп болды. Екі туынды да гүл символикасы мен сезімді гүл бейнесі арқылы жеткізу идеясына негізделген. Ayau-дың альбомы жарық көргеннен кейін әртістер арасында келіспеушілік туындап, ол көп ұзамай көпшілік талқысына шықты, деп хабарлайды Tengri Life.

Қазақстандық шоу-бизнесте тағы бір дау өршіді. Бұған әнші Ayau-дың (Аяулым Құсайын) LALAGÜL және орындаушы Merey-дің (Мерей Әйімбетова) HIGANBANA альбомдары себеп болды. Екі туынды да гүл символикасы мен сезімді гүл бейнесі арқылы жеткізу идеясына негізделген. Ayau-дың альбомы жарық көргеннен кейін әртістер арасында келіспеушілік туындап, ол көп ұзамай көпшілік талқысына шықты, деп хабарлайды Tengri Life.

Талқылауға не себеп болды?

Туындаған түсініспеушілік туралы алғашқы болып Merey пікір білдірді. Әртістің айтуынша, мәселе плагиатта емес, керісінше адами қарым-қатынас пен тараптар арасындағы диалогтың жоқтығында болып отыр.

Merey (шын есімі Мерей Әйімбетова) - орындаушы және әндер авторы. Шығармашылық жолын өлең шығарудан бастап, 17 жасында алғашқы Better not start әнін жазған. Мерей 2022 жылы шыққан Betperde синглі арқылы танымал болды. Трек Apple Music-тегі Қазақстанның топ-50 тізімінде 1-орын иеленіп, TikTok желісінде кеңінен таралды.

Ол өзінің HIGANBANA альбомы LALAGÜL-дің релизинен шамамен тоғыз ай бұрын шыққанын, ал тұжырымдамалардың ұқсастығы туралы кейін білгенін айтты.

"Менің HIGANBANA альбомыма 9 ай өткен соң, дәл сондай концепциямен және ұқсас треклист безендірумен альбом шығарды - мен бәрін сіздермен бірге постфактум білдім", - деді жазды әнші.

Merey-дің сөзінше, оны Ayau командасынан ешкімнің алдын ала хабарласып, жағдайды түсіндірмегені немесе ықтимал ұқсастықтар туралы ескертпегені таңғалдырған.

"Егер бұл кездейсоқтық болса, бір ауыз сөзді маған ешкім алдын ала жазған жоқ. Жым-жырт болды" - деді ол.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

MEREY (@mereythefairy) жариялаған жазба

Сондай-ақ ол жағдайды жеке талқылауға тырысып, бірінші болып байланысқа шыққанын мәлімдеді. Алайда, оның айтуынша, әртістің өзімен тікелей диалог құру мүмкін болмаған.

"А., неге бұлай болды? Екі альбомның концепциясында неге соншалықты көп ұқсастық бар?" - деп Merey жеке хат алмасу кезінде қойған сауалдары туралы айтып берді.

Сонымен қатар орындаушы қарым-қатынас негізінен Ayau-дың продюсері арқылы жүргізілгеніне наразылығын білдірді.

"Бұл жағдайда маған концепциялардың ұқсастығы ғана емес, адами эмпатияның, ниеттестіктің және жеке диалогтың жоқтығы қатты батты", - деп атап өтті ол.

Бұл ретте Merey оқырмандарын ешкімді қудалауға шақырмайтынын және жанжалды ушықтырғысы келмейтінін баса айтты.

"Бұл плагиат па, жоқ па - оны әркім өзі шешеді. Мен өз тарапымнан бәрін айттым", - деп жазды әртіс.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

MEREY (@mereythefairy) жариялаған жазба

Кейін әнші өз альбомы қалай жасалғаны туралы толығырақ баяндалған бөлек жазба жариялады.

Оның айтуынша, HIGANBANA тұжырымдамасы нақты бір идеяға негізделген: әрбір трек қарым-қатынастың белгілі бір кезеңімен және жекелеген гүлмен байланысты.

"Менің HIGANBANA альбомымда әрбір трек қарым-қатынастың белгілі бір кезеңіне және нақты бір гүлге арналған", - деп түсіндірді ол.

Орындаушы бұл идея 2025 жылдың қаңтарында туындағанын айтады. Шекспирдің "Гамлет" трагедиясындағы Офелияның гүлдері шабыт берген.

"Әрбір трек - қарым-қатынастың бір кезеңі, ал әрбір кезең - бір гүл. 13 трек - 13 түрлі эмоция", - деді Merey.

Сондай-ақ ол альбомның күзде шығуы жалпы ойдың бір бөлігі болғанын, себебі хиганбана немесе паук лилиясы дәл осы кезеңде гүлдейтінін атап өтті.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

MEREY (@mereythefairy) жариялаған жазба

Бұл ретте әртіс LALAGÜL тұжырымдамасынан ән мен гүл арасындағы мұндай терең мағыналық байланысты көре алмағанын жеткізді.

"Маған бұл жай ғана эстетика үшін ойлап табылған концепт сияқты көрінді", - деп жазды ол.

Ayau-дың ұстанымы

Ayau (шын есімі - Аяулым Құсайын) 2022 жылдың қыркүйегінде "sensiz?" синглімен дебют жасады. Оның шығармашылығындағы нағыз серпіліс екінші трегі - "sybyrlaiyn <3" болды. Ол бірнеше апта бойы Apple Music: Kazakhstan және Spotify-дағы Viral 50 Kazakhstan чарттарының Top 100 тізімінде тұрды, сондай-ақ TikTok-та кең тарады айналды.

Ayau да бұл жағдайдан тыс қалмай, оқиғаның өз нұсқасын ұсынды. Әнші LALAGÜL түжырымдамасы Merey-дің альбомы шыққанға дейін көп уақыт бұрын пайда болғанын, ал жобаның көптеген идеясы осыдан бірнеше жыл бұрын болғанын мәлімдеді.

"LALAGÜL әні 2025 жылдың мамырында жазылған болатын, ал бұл жобаның көптеген демо-нұсқасының барына 2–3 жыл болды", - деді әртіс.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ayau<3 (@ayaumusic) жариялаған жазба

Оның айтуынша, гүл символикасы оның шығармашылығында жазда шыққан KET синглінен бері бар.

"Сол кездің өзінде лирикада гүлдер болған. Оның үстіне, гүлдер менің алғашқы жеке концертімнің визуалды безендірілуінің бір бөлігі болды", - деп атап өтті Ayau.

Орындаушы альбом түжырымдамасы эмоциялар арқылы есею образына негізделгенін айтты.

"Әр ән бөлек эмоционалдық күйді сипаттайды, ал лалагүл түрлері осы сезімдер мен кезеңдер метафорасына айналды", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ Ayau жобаларда түрлі гүл бейнесі қолданылатынын атап өтті.

"Онда қызыл калла қолданылса, бізде - peace lily (спатифиллум). Сондықтан гүл символикасының өзі бірдей деп айту орынсыз", - деді әнші.

Әртістің айтуынша, тұжырымдаманың негізі гүл мотиві ғана емес, сезімдер калейдоскопы образы болған.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ayau<3 (@ayaumusic) жариялаған жазба

Ayau тұжырымдаманың өзін көшіріп алды деген айыптауларға қатысты жеке тоқталып өтті.

"Гүлді альбомның негізі ретінде алу - бұл бірегей идея емес, қалыптасқан әдіс", - деп жазды орындаушы.

Ол альбомның белгілі бір гүлмен байланысты болуы және әндердің қарым-қатынас пен эмоционалды есеюдің әртүрлі кезеңін көрсету моделі музыка индустриясында қос жоба пайда болғанға дейін де болғанын айтты.

Сонымен қатар әнші қазір әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан кейбір визуалды элементтер оның бұрынғы жұмыстарында да қолданылғанын мәлімдеді.

"Егер ұқсастықтар туралы айтар болсақ, мен де көптеген ұқсас тұсты көрсете алар едім", - деді Ayau стилистика мен визуалды шешімдердің жекелеген элементтерін мысалға келтіре отырып.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ayau<3 (@ayaumusic) жариялаған жазба

Merey-дің хабарламаларына жедел жауап берілмеуі де даудың тағы бір себебіне айналды.

Ayau жеке хабарламаларға кешігіп жауап беруін релиз алдындағы қарбаласпен және қарым-қатынасты мәтіндік форматта анықтағысы келмегенімен түсіндірді. Оның пікірінше, мұндай мәселелерді жеке кездесіп, "эмоциясыз" талқылаған дұрыс.

"Кейінгі апталар жұмыс пен альбом релизіне байланысты өте тығыз болды, сондықтан бұл жағдайды жайбарақат отырып талқылауға уақыт таба алмадым", - деп жазды ол.

Тыңдарман пікірі

Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды.

Аудиторияның бір бөлігі Merey-дің ұстанымын қолдап, кәсіби ортада тұжырымдамалардың ықтимал ұқсастықтарын алдын ала талқылап, тікелей байланысқа шығу қисынды болар еді деген пікір білдірді.

"Сөйлескен хаттардың скриншоттарын желіге шығару, кімнің жұмысбасты екенін салыстыру және адамдарды өз жұмысын қорғағаны үшін ғана "эмпатияның жоқтығымен" айыптау - бұл өте әлсіз қадам. Түймедейді түйедей етіп отырсыздар, осы іспетті әрекеттермен индустриядағы қарым-қатынасты бұзасыздар", - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Басқа қолданушылар гүлдерді көркем образ ретінде пайдалану идеясы тек бір әртіске тиесілі болуы мүмкін емес және ол бірегей дүние емес деп есептейді.

Кейбір пікір қалдырушылар жеке хаттардың жария талқылануын сынап, қос тарапты дауды әлеуметтік желіден тыс шешуге шақырды.

"Адамгершілік тұрғыдан алғанда, команданың жауабына қатысты жағдайдың жағымсыз екені түсінікті. Дұрыс сөйлесуге болар еді", - дейді қазақстандықтар.

Бұл ретте көптеген тыңдарман қазақ сахнасында әйел орындаушылардың көп емес екенін алға тартып, әртістерді татуласуға шақырды, мұндай жанжалдар тек жанкүйерлер арасындағы жікшілдікті күшейтетінін атап өтті.

"Екі сұлу да талантты қыз, татуласыңыздар, екеуіңізді де тыңдайды және жақсы көреді. Әртіс қыздарымыз онсыз да аз, шу шығарудың қажеті жоқ", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Скриншот: Threads

Қазіргі уақытта ешбір тарап алдағы қадамдары туралы хабарлаған жоқ. Дегенмен, екі альбом төңірегіндегі пікірталас әлеуметтік желілерде белсенді талқыланып жатыр, ал аудитория пікірі екіге жарылған күйі қалып отыр.

Айта кетейік, былтыр жазда Мерей Әйімбетова Instagram-дағы stories-інде өзінің жарық көрмеген трегін PARTYNEXTDOOR, Дрейк және Yebba-ның 2025 жылдың ақпанында шыққан DIE TRYING әнімен салыстырғаннан кейін талқылаудың ортасында қалған болатын.

Әртістің айтуынша, әндердің инструменталы мен жалпы көңіл-күйі күмәнді түрде ұқсас болып шыққан. Алайда ол өз нұсқасы 2023 жылдың қазанында - канадалық рэпердің қатысуымен шыққан трек жарияланғанға дейін көп уақыт бұрын жазылғанын алға тартады.

Тағы оқыңыз: “Нұр-Мұқасан“ төңірегіндегі дау: топтың бұрынғы солисті ұсталды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Маусым 2026 14:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see140

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see136

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see135

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see135

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see134

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see133

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see130

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see127

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see125

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see124

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see124

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see122

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see120

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see119

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see119

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see118

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see117

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see117

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары