Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

порталында 15 миллионнан астам адам тіркеліп, көрсетілген қызметтер 508 миллионнан асқан

порталында 15 миллионнан астам адам тіркеліп, көрсетілген қызметтер 508 миллионнан асқан

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, eGov.kz тарихы – бұл 2006 жылдан бастау алған жүйелі даму кезеңдерінің жиынтығы.

Порталдың негізін қалауға Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығы, яғни 2005-2007 жылдарға арналған электрондық үкіметті қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасы себеп болды. Алғашында портал тек анықтамалық қызмет атқарып, азаматтарға мемлекеттік органдар мен қызметтер туралы ақпарат ұсынумен шектелген еді.

Уақыт өте келе электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымы қалыптасып, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алу мүмкіндігі пайда болды. Даму кезең-кезеңімен жүзеге асты: алғашқы электрондық қызметтерден бастап онлайн төлемі бар транзакциялық сервистерге, одан әрі өмірлік жағдайларға негізделген кешенді қызметтерге дейін жетті.

Цифрлық инфрақұрылымның маңызды элементтері енгізілді. Олардың қатарында мемлекеттік деректер базалары, ведомстволық ақпараттық жүйелер, eLicense.kz порталы, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы және электрондық үкімет шлюзі бар. Бұл шешімдер ең сұранысқа ие қызметтерді алуды жеңілдетіп, мемлекеттік органдарға жеке жүгіну қажеттілігін едәуір қысқартты.

Цифрлық сервистер пайдаланушы тәжірибесін түбегейлі өзгертті. Мысалы, заңды тұлғаны небәрі 15 минут ішінде тіркеуге немесе баланың тууын онлайн рәсімдеп, бір мезетте жәрдемақыға өтініш беріп, балабақша кезегіне қоюға мүмкіндік туды.

2019 жылы электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы жаңартылып, eGov Mobile ретінде дами бастады. Пандемия кезеңі жүйе үшін үлкен сынақ болумен қатар, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Шектеулер жағдайында eGov.kz мемлекет пен азаматтар арасындағы негізгі байланыс арнасына айналып, қызметтерге қашықтан үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етті. 2020 жылы биометриялық сәйкестендіру енгізіліп, қызмет алу үдерісі одан әрі жеңілдеді. Осы кезеңде пайдаланушылар саны мен онлайн қызметтер көлемі айтарлықтай өсті. Сонымен қатар Smart Bridge, Smart Data Ukimet және eGov Business жобалары іске қосылып, цифрлық құжаттар бағыты қарқынды дамыды.

Бүгінде электрондық үкімет күнделікті өмірдің қалыпты құралына айналды. Порталда 15 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген, ал көрсетілген қызметтердің жалпы саны 508 миллионнан асты. eGov Mobile арқылы 111 миллионнан астам қызмет көрсетілген, бұл азаматтардың мобильді форматқа тұрақты түрде көшіп жатқанын көрсетеді. Қазіргі таңда 1300-ден астам мемлекеттік қызметтің шамамен 90%-ы онлайн қолжетімді. Сондай-ақ пайдаланушылар үшін 39 цифрлық құжат ұсынылған.

-eGov-тың 20 жылы – ақпараттық порталдан бастап миллиондаған қазақстандықтың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналған ауқымды цифрлық экожүйеге дейінгі жол. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн қолжетімді, ал мемлекетпен өзара іс-қимыл бұрынғыдан да жылдам әрі ыңғайлы бола түсті. Қазір біз жаңа кезеңге – eGov 3.0-ге қадам басып отырмыз, мұнда проактивті сервистер мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдер шешуші рөл атқарады. Елдің цифрлануына негіз қалаған және оны әрі қарай дамытып келе жатқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Бұл – заманауи әрі тиімді мемлекетті қалыптастыруға қосылған үлкен үлес, – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Қазіргі кезеңде eGov.kz және оның құрамдас бөліктерін дамыту жасанды интеллект шешімдерін кеңінен енгізуге бағытталған. Атап айтқанда, eGov AI және AlemGPT платформасы сияқты құралдар азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесуді барынша қарапайым әрі түсінікті етеді, соның ішінде табиғи тілде диалог жүргізу мүмкіндігін береді. Қазіргі уақытта толық циклді қызмет көрсетуге арналған мультиагентті AlemGPT платформасы сынақтан өтіп жатыр. Болашақта ол мемлекеттік қызметтердің барлық түрі бойынша толыққанды AI-көмекшіге айналады.

Қазақстанның электрондық үкіметі халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып отыр. 2024 жылы UN Global E-Government Development Index рейтингінде Қазақстан 193 елдің ішінде 24-орынға ие болды, сондай-ақ онлайн қызметтер индексі (OSI) бойынша 10-орынды иеленіп, Оңтүстік Корея, Дания және Эстония сияқты әлемдік рейтинг көшбасшыларымен қатар тұр. БҰҰ сарапшылары Қазақстанның электрондық үкіметі мен оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін жоғары бағалады. Аталған жүйелердің операторы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында цифрлық шешімдерді қолданудың халықтың өмір сапасын арттырудағы маңызы атап өтілді.

Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік мәселелері әрдайым басым бағыт болып қала береді. Жеке деректерді қорғау конституциялық деңгейде бекітілген және цифрлық инфрақұрылымның тұрақтылығымен қатар мемлекеттік сервистерге деген сенімнің негізі ретінде қарастырылады.

Осы жетістіктердің артында ең басты нәтиже тұр – азаматтардың үнемделген уақыты мен ресурстары, сондай-ақ бюрократиялық жүктеменің айтарлықтай азаюы. Бүгінде eGov жай ғана құрал емес, мемлекет пен қоғамның сенімді цифрлық серіктесіне айналды.

Қазір біз келесі қадамды жасап отырмыз – анағұрлым ақылды, қамқор әрі шын мәнінде адамға бағдарланған мемлекет құруға. Осыдан 20 жыл бұрын баланың тууын рәсімдеу, тіркеуге тұру немесе жәрдемақы алу бірнеше минуттың ішінде, үйден шықпай-ақ жүзеге асады деп елестету қиын еді. Ал бүгінде бұл – қалыпты өмір шындығы.

Осыған дейін eGov.kz порталында жаңа қызмет пайда болғаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Сәуір 2026 11:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see141

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see137

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see135

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see132

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see125

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see123

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see121

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see116

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see115

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see114

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see113

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see113

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see111

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see111

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see110

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары