Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Преамбулада Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы анық көрсетілген заңгер

Преамбулада Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы анық көрсетілген заңгер

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Заңгердің айтуынша, жаңа Конституция жобасының кіріспесі айрықша назар аударуға лайық.

— Әдетте, кіріспе ресми бөлім ретінде ғана қаралып, айтарлықтай маңызды дүние жазылмайды. Дегенмен, бұл жолы Ата заң алғашқы сөйлемдерден-ақ жүрекке жетті. Себебі әдеттегі құрғақ, ресми мәтін емес, мемлекеттілігіміздің бет-бейнесі, өзегі көрініс тапқан, — дейді сарапшы.

Оның сөзінше, қазақтың тарихи жерінде, атамекенінде мемлекеттілікті нығайту және Ұлы даладағы мыңдаған жылдық терең тарихқа мұрагерлік жайлы тұжырымдар аса маңызды. Өйткені, бұлар Қазақстанның тамыры тым тереңнен бастау алып, үзілмей жалғасып келе жатқанын білдіреді.

— Кіріспенің өзі Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығын күлбілтелемей, ашық әрі нақты бекітеді. Негізінде, кез келген көзі ашық адамға бұл күмәнсіз ақиқат. Біздің мемлекетіміз аяқастынан пайда бола қалған жоқ. Тарихқа үңілсек, Ұлы далада әртүрлі билік институты, қоғамдық құрылым, құқықтық тәртібі бар мемлекеттер өмір сүрді. Демек, біздің жерімізде қазіргі мемлекеттік жүйеміз ғасырлар бойы қалыптасып, дамып келді, — дейді Д. Әбдәкімова.

Сарапшы кіріспенің, әсіресе, халықаралық-құқықтық мәніне айрықша тоқталды.

Заманауи халықаралық құқықта елдің территориямен тарихи байланысы, яғни, жерге ежелден иелік етуі егемендікке заңды негіз екенін білдіреді. Демек, кіріспе Қазақстанды сыртқы әлемге қарсы қоймайды, керісінше, халықаралық құқықта мойындалған норманы қолданып, түсіндіреді. Мемлекеттің өз территориясы мен болашағына иелік етуге, жауапкершілік алуға заңды құқығын бекітеді.

Заңгердің айтуынша, мәтіннің мәні құқық саласындағы мамандарға ғана емес, жалпы халық үшін де құнды.

— Мен үшін заңгер ретінде ғана емес, жалпы адам, азамат ретінде де бұл өте маңызды. Өйткені, бұл — әшейін әдемі сөздер ғана емес, еліңнің мемлекеттілігі жөнінде нық сеніммен айту құқығы. Жаңа Конституция жобасының кіріспесі құжаттағы ресми, құрғақ сөз басы ғана емес. Ол күллі Ата заң мәтінінің өзегі, — деп түйіндеді Дана Әбдәкімова.

Есіңізге салайық, бұған дейін заңгерлер жаңа Конституция адам құқығын қорғау институтын нығайтып жатқаны жөнінде пікір білдірген еді.

Алпамыс Файзолла

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 19:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары