Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Жемісті жеті жыл

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Премьер министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қытайға жұмыс сапарымен барды

Премьер министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қытайға жұмыс сапарымен барды

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьері орынбасарының шақыруымен Қазақстан Үкіметінің делегациясын бастап Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барып, «Жаһандық орнықты көлік форумына» қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Форумнан бұрын Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде «CITIC Group» директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны II дәрежелі «Достық» орденімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жоғары мемлекеттік марапатты Нұрлыбек Нәлібаев табыстап, Си Гохуаның қазақ-қытай достығын нығайтуға және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі жеке үлесін атап өтті. 

Сондай-ақ «Достық» орденін табыстау қазақ-қытай қатынастарының беріктігін айқындайтын тағы бір символға айналып, «CITIC Group» компаниясымен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қосымша серпін беретініне сенім білдірді. Си Гохуа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына жоғары мемлекеттік марапат үшін шынайы алғысын білдірді. Бұл марапатты екі мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен жүзеге асырылып жатқан бірлескен күш-жігерді, Қазақстан мен Қытайдың іскерлік топтарының екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін мойындау ретінде бағалады. 

«CITIC Group» басшысы қазақ-қытай қатынастарының ерекше сипатына және екі елдің іскерлік топтарының жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды ілгерілетуге жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті. 

Нұрлыбек Нәлібаев Транскаспий халықаралық көлік бағытына (ТХКБ) арналған жоғары деңгейдегі сессияда сөз сөйледі. Аталған сессияға ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Шохрат Закир, Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Шахин Мустафаев және Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эрлист Акунбеков қатысып, баяндама жасады. Қатысушылар ТХКБ-ның халықаралық жүк тасымалы жүйесіндегі рөлі жыл сайын артып келе жатқанын және оның Қытай мен Еуропаны байланыстыратын маңызды көлік дәлізіне айналғанын атап өтті.

Сессиядан кейін өткен форумның салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Қазақстанның көлік саласын дамытудағы басым бағыттарын, халықаралық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды, Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы көлемінің тұрақты өсімін, көлік-логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін таныстырды. «Жаһандық орнықты көлік форумының» жұмысына шет мемлекеттердің үкіметтік және министрлік деңгейдегі делегациялары, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, сарапшылар қауымдастығы мен іскерлік топтардың мыңға жуық өкілі қатысты. Сапар бағдарламасының маңызды бөлігі – Нұрлыбек Нәлібаевтің ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары, Қазақстан – Қытай Ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Дин Сюэсянмен алғашқы екіжақты кездесуі өтті. 

Кездесуде тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту, ауыл шаруашылығы мен жоғары технологиялар салаларындағы және өңіраралық байланыстарды дамыту, инвестициялық өзара іс-қимылды жандандыру, трансшекаралық өзендер мәселелеріне, Қазақстан – Қытай Ынтымақтастық комитетінің қызметіне, екіжақты ынтымақтастықтың басқа да өзекті бағыттарына назар аударды.

Сапар шеңберінде қытайлық «China Communications Construction Company» (CCCC) президенті Чжан Биннаньмен және «CITIC Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуамен екіжақты кездесулер өтті. Тараптар Қазақстанға инвестиция тарту, бірлескен инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, жаңа салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:44
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see148

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see147

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see146

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see145

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see141

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see141

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see141

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see140

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see140

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see140

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see139

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see138

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see137

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see137

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see135

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see135
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары