Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Дина Исламбекова екі нокдаунмен Азия чемпионы атанды

Премьер Абай облысында индустриялық және әлеуметтік жобалардың орындалу барысын тексерді

СҚО да уақытша 50 ге жуық орман тәлімбағы ашылды

Орман өртін ерте анықтау жүйесіне ЖИ технологиялары енгізіліп жатыр

Юрий Гагариннің ұшқанына 65 жыл: Президенттік орталықта ғарыш жәдігерлері таныстырылды

Моңғолия БҰҰ Статистикалық комиссиясының мүшесі атанды

Қазақстандық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың жұмысын жоғары бағалаймыз ЮНЕСКО өкілі

QAZMEDFEST 2026 республикалық фестиваліне мыңнан астам жас қазақстандық қатысты

НАТО ның бұрынғы шенеуніктері: АҚШ тың альянстан шығуы екіталай

ІІМ де ARLAN спорт клубы құрылады

Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады

Қызылордада қызметтік иттердің көмегімен 83 қылмыс ашылды

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 10 сәуір

Қазақстандық әлем чемпионы камбэк жасап, 2026 жылғы Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды

Қазақстан келесі жылы үш отандық спутникті ұшырады

Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан Суданда ауызсу тапшы болып барады

Қамшыбек Қоңқабаевтың Англиядағы жекпе жегі қай күні өтетіні айтылды

Алаяқтардың жаңа айласы: Ел тұрғындарына жалған айыппұлдар туралы SMS келе бастады

Израиль құрлықта ілгерілей алмай жатыр Хезболла жетекшісі

Аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Профилактикадан цифрлық трансформацияға дейін: Ішкі істер министрлігі жылды қорытындылады

Профилактикадан цифрлық трансформацияға дейін: Ішкі істер министрлігі жылды қорытындылады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ішкі істер министрлігінде алқа отырысы өтті. Онда ішкі істер органдарының 2025 жылдағы жедел қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отырысты ашқан Ішкі істер министрі Ержан Саденов өткен жыл құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды кезең болғанын атап өтті.

- Өткен жыл Мемлекет басшысы жариялаған "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту кезеңі болды. Осы бағытта министрлікте Профилактика жылы жарияланып, бұл жасалып қойған құқық бұзушылықтарға ден қоюдан олардың алдын алуға басымдық беруге мүмкіндік берді. Жүйелі профилактика өз тиімділігін дәлелдеп, қылмыстың тұрақты түрде төмендеуіне септігін тигізуде, - деді Ержан Саденов.

Жүйелі профилактикалық және жедел жұмыстың арқасында 2025 жылы елде қылмыс саны 6 мыңнан астам қылмысқа азайды. Әсіресе кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, ұрлық, бұзақылық және басқа да ауыр, аса ауыр қылмыстар бойынша айтарлықтай төмендеу байқалды. Сондай-ақ қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың саны азайып, қару қолдану арқылы жасалатын қылмыстар, бұрын сотталған адамдар тарапынан жасалатын қайталама құқық бұзушылықтар төмендеді. Қылмыстың барлық түрі бойынша, оның ішінде аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 98%-ға дейін артты. Өткен жылдары жасалған 2,7 мыңнан астам қылмыс ашылды. Бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету жолындағы ішкі істер органдарының ұстанымын көрсетеді.

2025 жылы полиция іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам қылмыскерді ұстады. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 20 мыңнан астам азаматтың жүрген жері анықталып, олар отбасыларына қайтарылды. Жәбірленушілердің құқықтары қамтамасыз етіліп, оларға келтірілген залал бойынша шамамен 60 млрд теңге өтелді. 17 миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Осылайша ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін заң бұзушылықтар ерте кезеңде тоқтатылды. 9 мыңнан астам бала мен жасөспірім тәлімгерлік, спорт және профилактика бағдарламаларымен қамтылды.

Бұл шаралар кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тарту қаупін төмендетудің негізгі құралы ретінде қарастырылады. 23 мыңнан астам жүргізуші мас күйде көлік басқарғаны үшін ұсталып, жолдағы жүздеген трагедиялардың алдын алу мүмкін болды. Ұйымдасқан және трансұлттық қылмыспен күресу жұмысы айтарлықтай күшейтілді. Ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша 78 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 10 іс трансұлттық сипатта. Қылмыстық қауымдастықтардың 299 көшбасшысы мен қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан астам қару тәркіленді. Қабылданған шаралар қылмыстық топтарды қаржыландыру және жабдықтау арналарының жойылуына, сондай-ақ олардың экономика мен қоғамдық қауіпсіздікке ықпалын тоқтатуға мүмкіндік берді.

Есірткі қылмыстарына қарсы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде 31,7 тонна есірткі тәркіленді, бұл 12 миллионнан астам бір реттік дозаға тең. 109 есірткі зертханасы жойылды, оның ішінде 13-і синтетикалық есірткі өндірісі бойынша. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Киберқылмыспен күрес бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. 84,5 миллион алаяқтық қоңырау бұғатталды. 13 call-орталық жойылды, соның ішінде шетелде орналасқандары да бар. "Дропперлік" фактілері бойынша интернет-алаяқтарына көмектескен адамдарға қатысты 56 қылмыстық іс тергелуде. Киберқылмыспен күрес жөніндегі БҰҰ конвенциясына қол қойылды, бұл трансшекаралық цифрлық қылмыстарды тоқтату саласында халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қылмыстық-атқару жүйесі саласында министр мемлекеттік-жеке серіктестік форматы аясында алғаш рет жаңа колонияның салынғанын атап өтті.

Сондай-ақ 2026-2030 жылдарға арналған қылмыстық-атқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асырудың, бақылау құрамын күшейтудің және сотталғандардың еңбекке тартылу деңгейін арттырудың маңызын еске салды. Жиын барысында ІІМ басшысы облыстық және аудандық бөліністердң жетекшілерінің есептерін тыңдап, кемшіліктерді атап көрсетті және оларды жою бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырып, жеке жауапкершілік туралы ескертті.

2026 жыл Қазақстанда Президенттің бастамасымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғаны атап өтілді. Бұл бағыттың ІІМ қызметінің алдағы жұмысында басымдық болатыны айтылды. - Мемлекет басшысы атап өткендей, цифрландыру мен жасанды интеллект мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың негізгі құралына айналуы тиіс. ІІМ үшін бұл қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне көшу дегенді білдіреді, - деді Ержан Саденов.

ІІМ құрылымында Цифрландыру және жасанды интеллект департаменті құрылды, құқық қорғау саласында интеллектуалды жүйелерді одан әрі енгізу шаралары қабылдануда. Ұлттық бейнемониторинг жүйесін іске қосу аясында "Қауіпсіз қала" жобасын дамытуға, көшелер мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған видеоаналитикалық алгоритмдер енгізілуде. "Орталық - облыс - аудан" принципі бойынша аналитикалық функциялары бар жедел басқару орталықтарын құру жалғасуда. Аппараттық-программалық кешендер мен дрондарды қолдану кеңейтілуде, бұл жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санын 10%-ға азайтуға мүмкіндік берді. Ішкі істер министрі қылмыс деңгейін төмендету, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын дамыту және тереңдету, қызметке цифрлық және интеллектуалды шешімдерді белсенді енгізу, азаматтардың өтініштеріне жедел әрі сапалы жауап беру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Министр 2026 жылы ведомстволық білім сапасын арттыруға, азаматтық ЖОО-лармен бірлескен бағдарламаларды дамытуға, ведомстволық оқу орындарының инфрақұрылымын жаңартуға және заманауи оқу практикаларын енгізуге күш салу қажеттігін айтты. Басым міндеттердің бірі - құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы жақында қабылданған заңды іске асыруға дайын болу. Балалар мен жасөспірімдер мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Оларды елдің болашағы ретінде қарастыру қажет: нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу, профилактикалық жұмысты күшейту, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ мектептерге бекітілген қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру міндеттелді. Мал ұрлығына қарсы, ұйымдасқан қылмыспен, есірткі қылмыстарымен және киберқатерлермен күресті күшейту, сондай-ақ қылмыстарды ерте кезеңде анықтау және тоқтату жүйесін жетілдіру жүктелді.

Министр қызметкерлердің тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін қайта қарау қажеттігін атап өтті. Ішкі профилактикалық жұмыстарды күшейту, ұжымдарда қоғамдық бақылау мен айыптау механизмдерін белсенді пайдалану, сондай-ақ антты бұзған немесе қызмет беделін түсірген қызметкерлерді уақытында қызметтен босату тапсырылды.

Қорытындылай келе, ІІМ заңның сақталуын қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай отырып, қоғамдық қауіпсіздікті тұрақты түрде арттыруға белсенді және алдын ала әрекет етуге бағдарланды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 11:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Дина Исламбекова екі нокдаунмен Азия чемпионы атанды

09 Сәуір 2026 13:36see122

Премьер Абай облысында индустриялық және әлеуметтік жобалардың орындалу барысын тексерді

09 Сәуір 2026 16:49see120

СҚО да уақытша 50 ге жуық орман тәлімбағы ашылды

09 Сәуір 2026 12:47see118

Орман өртін ерте анықтау жүйесіне ЖИ технологиялары енгізіліп жатыр

09 Сәуір 2026 13:48see115

Юрий Гагариннің ұшқанына 65 жыл: Президенттік орталықта ғарыш жәдігерлері таныстырылды

09 Сәуір 2026 18:19see114

Моңғолия БҰҰ Статистикалық комиссиясының мүшесі атанды

09 Сәуір 2026 23:38see112

Қазақстандық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың жұмысын жоғары бағалаймыз ЮНЕСКО өкілі

09 Сәуір 2026 22:43see111

QAZMEDFEST 2026 республикалық фестиваліне мыңнан астам жас қазақстандық қатысты

10 Сәуір 2026 23:50see111

НАТО ның бұрынғы шенеуніктері: АҚШ тың альянстан шығуы екіталай

10 Сәуір 2026 03:59see111

ІІМ де ARLAN спорт клубы құрылады

10 Сәуір 2026 09:00see110

Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады

10 Сәуір 2026 14:24see110

Қызылордада қызметтік иттердің көмегімен 83 қылмыс ашылды

10 Сәуір 2026 15:46see109

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 10 сәуір

10 Сәуір 2026 17:28see109

Қазақстандық әлем чемпионы камбэк жасап, 2026 жылғы Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды

10 Сәуір 2026 11:08see108

Қазақстан келесі жылы үш отандық спутникті ұшырады

10 Сәуір 2026 11:49see108

Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан Суданда ауызсу тапшы болып барады

11 Сәуір 2026 00:09see108

Қамшыбек Қоңқабаевтың Англиядағы жекпе жегі қай күні өтетіні айтылды

10 Сәуір 2026 02:11see108

Алаяқтардың жаңа айласы: Ел тұрғындарына жалған айыппұлдар туралы SMS келе бастады

09 Сәуір 2026 16:00see107

Израиль құрлықта ілгерілей алмай жатыр Хезболла жетекшісі

11 Сәуір 2026 03:03see107

Аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін күдікті Грузиядан экстрадицияланды

10 Сәуір 2026 10:21see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары