Қанат Бозымбаев: Түркістандағы өрт бойынша қылмыстық құрам анықталмаған
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Видеодан алынған стоп-кадр
Түркістан облысының Алғабас ауылында 18 қараша күні болған өрттен 12 адам қаза тапқан трагедияға қатысты Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қайғылы оқиға екі қабатты жеке үйде болған. Өрт үйді толық шарпып, шатырдың бір бөлігі опырылып түскен. Төтенше жағдайлар қызметі екі сағат ішінде өртті толық сөндіргенімен, оқиға орнынан 12 адамның мәйіті табылды. Қаза болғандардың 9-ы – балалар. Үш адам жарақат алып, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.
Бозымбаев өрттің нақты мән-жайы анықталып жатқанын айтты.
«Алдын ала деректер бойынша, қылмыстық құрам анықталмаған. “Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді ол.
Сонымен бірге, Премьер-министрдің орынбасары Төтенше жағдайлар министрлігіне хостелдер мен жатақханаларда қауіпсіздік тексерістерін күшейтуді тапсырғанын атап өтті.
Бүгін, 10:38
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 13:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















