Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

Тәуелсіздікке бастар жол

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Қандай сатып алулар мен несиелер үшін қазақстандықтарға әлеуметтік көмектен бас тартылуы мүмкін: жаңа ережелер

Қандай сатып алулар мен несиелер үшін қазақстандықтарға әлеуметтік көмектен бас тартылуы мүмкін: жаңа ережелер

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау ережелері өзгереді. Бұған несиелер, депозиттер мен банктік операциялар қалай әсер етеді – Tengrinews.kz материалында.

Премьер-министр Олжас Бектенов АӘК тағайындаудың жаңа ережелеріне қол қойды – олар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Құжат іріктеу талаптарын қатаңдатады: комиссиялар өтініш берушілердің мүлкін, депозиттерін, жаңадан алған несиелерін және карта арқылы жасалған ірі шығындарын тексеретін болады.

АӘК мөлшері қалай есептеледі?

Атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) мөлшері қарапайым тәсілмен – кедейлік шегі мен отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табыс арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

1 адамға арналған АӘК формуласы = Кедейлік шегі - Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы. Отбасына берілетін жалпы төлем = (Кедейлік шегі - Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы) * Отбасы мүшелерінің саны.

Әр тоқсан сайын әкімдіктер өз өңірі үшін кедейлік шегін есептейді. Ол халықтың медианалық табысына және елдің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Егер бір адамға шаққандағы табыс кедейлік шегінен төмен болса, мемлекет отбасының әрбір мүшесінің табысын осы шекке дейін жеткізу үшін айырмашылықты төлейді. Мысал келтірейік:

4 адамнан тұратын отбасы 100 000 теңге табады. 100 000 ÷ 4 = әрқайсысына 25 000 теңгеден келеді.
Оны кедейлік шегімен салыстырамыз: Кедейлік шегі 40 000 теңге делік. Жетпейтін сома: 40 000 - 25 000 = бір адамға 15 000 теңге. Қорытынды төлемді есептейміз: 15 000 × 4 адам = мемлекет бүкіл отбасына айына 60 000 теңге төлейді.

Көмекті рәсімдеу үшін басты шарт – деректерді тексеруге келісім беру. АӘК алу үшін сіз және отбасыңыздың барлық мүшесі мемлекетке келесі мәліметтерді сұратуға және тексеруге рұқсат берулеріңіз керек:

Жеке деректер (құжаттар, отбасы құрамы); Банктік құпия (шоттар, аударымдар, жинақтар); Несиелер мен қарыздар (кредиттік бюродан: ай сайынғы төлемдер, мерзімі өткен берешектер және қарыз қалдығы).

Бұл келісімсіз көмек тағайындалмайды.

АӘК екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты

Шартсыз ақшалай көмек жай ғана ақша төленетін түрі – ол еңбекке қабілетті адамы жоқ немесе мүшелері денсаулығына байланысты жұмыс істей алмайтын отбасыларға беріледі.

Ол жалғызбасты аз қамтылған адамдарға, егер олар:

зейнеткерлер; 1 немесе 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар болса; ауыр сырқаттанса (еңбекке жарамсыздық парағы 2 айдан асса) беріледі.
Сондай-ақ еңбекке қабілетті ересектері мүлдем жоқ немесе еңбекке қабілетті бір ғана ересегі бар, бірақ ол 3 жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, 1-2-топтағы мүгедекке немесе қарт адамға күтім жасап отырған отбасыларға беріледі.

Шартты ақшалай көмек – жұмыс немесе оқу орнына бару шартымен берілетін ақша –
құрамында еңбекке қабілетті адамдары бар аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Басты шарт: Отбасының еңбекке қабілетті мүшелері әлеуметтік келісімшарт жасасуға және жұмыспен қамту шараларына қатысуға – жұмысқа орналасуға, оқуға, кәсіп ашуға немесе бейімделуден өтуге міндетті.

Шартты көмек алу үшін еңбекке қабілетті адамдардың қайсысына жұмыс істемеуге болады:

1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдарға; күндізгі бөлімде оқитын студенттерге; қатарынан 2 айдан аса ауырғандарға; 3 жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, 1-2-топтағы мүгедекке немесе 80 жастан асқан қарт адамға күтім жасайтын ата-ананың біріне; қазірдің өзінде тұрақты жұмысы барларға. Кімдерге АӘК беруден нақты бас тартылады?

Егер отбасында төмендегі белгілердің тым болмағанда біреуі болса, учаскелік комиссия АӘК беруден бас тартады:

Меншігінде бірден көп тұрғын үй болса немесе кейінгі 5 жылда артық үйін сатқан болса. Ерекшеліктер: егер барлық пәтердің/үйлердің жалпы ауданы бір адамға 18 шаршы метрден аз болса немесе тұрғын үй апатты деп танылса. Пайда табу үшін пайдаланылатын коммерциялық үй-жай болса. Отбасының дайын үйі бола тұра, жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) арналған жер телімі болса. Ерекшелік: егер әкімдік бұл жерді тегін берген болса. Меншігінде жарамды күйдегі бірден көп жеңіл автокөлік болса. Ерекшелік: көпбалалы отбасылар мен құрамында 1-2-топтағы мүгедектері немесе мүгедек балалары бар отбасылардың екі автокөлікке дейін иелік етуіне болады. Кез келген арнайы техника мен басқа да көлік құралдары: жүк көліктері, автобустар, шағын автобустар, ауыл шаруашылығы техникалары, катерлер немесе ұшақтар жұмыс істеп тұрған күйде болса.

Өтініш берер алдындағы тоқсандағы ақша, несиелер мен шығындар да маңызды рөл атқаруы мүмкін. Мәселен, келесі жағдайларда АӘК төлеуден бас тартылады:

Банк карталары мен шоттары бойынша ай сайынғы орташа шығын отбасының әрбір мүшесіне шаққанда кедейлік шегінен асып кетсе. Мұнда салықтар, сақтандырулар және өз шоттары арасындағы аударымдар есептелмейді. Сіз айына отбасының әрбір мүшесіне 2 күнкөріс деңгейінен асатын сомада кез келген несие немесе микроқарыз (ипотекадан басқа) алған болсаңыз. Бүкіл отбасы үшін 200 АЕК-тен (865 мың теңге) асатын банк салымының болуы. Ерекшелік ретінде "Отбасы банкіндегі" салымдар есепке алынбайды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жәрдемақы тағайындау жүйесі өзгеріп жатыр. Әл-ауқат деңгейіне байланысты қазақстандықтар бес топтың біріне – A, B, C, D немесе E тобына жатқызылады. Төлем мөлшері немесе оның мүлдем берілуі осыған байланысты болады.

Еңбек министрлігі мұның көмектің атаулылығын қамтамасыз ету үшін қажет екенін түсіндірді. Кімдер жәрдемақы ала алады, кімдерге бас тартылады және әр санаттың сипаттамасы қандай екені туралы толығырақ - сілтеме бойынша оқыңыз.

Жаңа тәсіл Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтарға келесі аптадан бастап әл-ауқат деңгейі туралы хабарламалар келе бастайды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 12:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see150

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see139

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see138

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see137

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see135

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see129

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see128

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see124

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see124

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see122

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see119

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see116

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see116

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see116

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

21 Қазан 2026 22:46see116

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see116

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see115

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

22 Қазан 2026 22:18see115

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see114

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары