Қасым Жомарт Тоқаев су тапшылығы мен жердің тозуының ауыр салдарына назар аударды
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, мемлекет басшысы саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, қонақжайлығы және жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға алғыс айтты.
Президент табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.
"Біз табиғат тартуын болашаққа жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жиналып отырмыз. Яғни күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келуі ықтимал өскелең ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік жөнінде сөз қозғадық. Бұл – біздің өркениетіміздің аман қалуына да қатысты мәселе", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, биоалуантүрлілік адамдардың игілігі, экономикалық орнықтылық пен ұзақмерзімді қауіпсіздік үшін аса маңызды. Ал бүлінбеген экожүйелер азық-түлік өндірісінде, су ресурстарын қорғауда және миллиондаған адамды кіріс көзімен қамтуда маңызды рөл атқарады.
Мемлекет басшысы шөлейттену, су тапшылығы және басқа да экологиялық проблемалар табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдікке қауіп төндіріп отырғанына назар аударды.
"Судың жеткіліксіздігі мен жердің тозуы миллиондаған адам үшін үйреншікті жағдайға айналды. Мұның салдары тым ауыр. Себебі бұл үдерістер мемлекеттер аумағынан ары асып, орнықты дамуды тежейді әрі жаһандық тұрақтылыққа зардабын тигізеді", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәселелерді шешуде нақты нәтижеге бағытталған халықаралық серіктестік қажет екенін айтты.
"Мұқият ойластырылған және нақты шараларды қамтитын экологиялық күн тәртібі саяси қайшылықтарды еңсеруі қажет. Бізге шынайы серіктестікке, бөліп-жармауға негізделген, ең бастысы, нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастық керек", – деді Мемлекет басшысы.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:83
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 16:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















