Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Қазақ асханасы La Liste жүлдесін алды

Қазақ асханасы La Liste жүлдесін алды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Францияда әлемнің ең беделді кулинарлық байқауларының бірі La Liste қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды 24KZ. Рейтинг жыл сайын дүниежүзіндегі ең мықты 1000 мейрамхананы анықтайды. Былтыр тізімге Алматы мен Астанадан 4 дәмхана енді. 2026 жылғы тізім бойынша Орталық Азия елдері арасынан алғашқы болып Қазақстан қатысты. Қазақ тағамдары шетелдік шефтердің назарын несімен аударды? Ең дәмді мейрамхана қай елге тиесілі?

La Liste байқауын «гастрономия әлемінің Оскары» деп атайды. Жыл сайын үздік атану мақсатында бәсекеге мыңдаған мейрамхана, қонақүй және кондитерлер түседі. Рейтингке ену үшін мыңнан астам сараптамалық дереккөз бен миллиондаған халықаралық пікір сүзгісінен өту керек. Мерейтойлық 10-шы рәсім Франция Сыртқы істер министрлігінің тарихи ғимаратында өтіп, 200 елден келген үздік аспаздарды жинады.

Филипп Фор, La Liste байқауының негізін қалаушы:

- La Liste – әлемдік гастрономиялық гидтердің бір ортақ жүйесі. Тізімде Қазақстан ресторандарының орын тапқаны – біз үшін қуанышты оқиға. Орталық Азиядан бірінші ел болып қатысып отыр. Біз үшін әрбір жаңа асхана – әлемдік дәм картасын толықтыратын құндылық.

Азиядағы маңызды гастро-дестинация ретінде La Liste-тің жеке марапатына ие болу – шеф-аспаз Артём Канцев бастаған команданың кәсіби жұмысының айғағы. Сонымен қатар Франциядағы қазақстандық әйелдер қауымдастығы бастамаларының да ықпалы зор болды. Салтанатты шарада қонақтарға түйе етінен жасалған хамон мен құрма, трюфель қосылған қазы, киік еті қосылған тоқаштар ұсынылды. Күтпеген дәм үйлесімі француз гастросыншылары мен Мишлен жұлдызды шефтердің таңданысын тудырды.

Жорж Бланк, Мишлен жұлдызды шеф-аспаз:

- Бұл дәмдер мен үшін жаңалық. Еліңізге барып көрмесем де, бүгінгі таныстырылым Қазақстан асханасының мүмкіндігін көрсетті. Халықаралық гастрономиямен мұндай байланыс құрметке лайық.

Жюли Андриё, тележүргізуші және гастросыншы:

- Францияда қазақ асханасымен танысу – күтпеген қуаныш. Түйе етін, ірімшікті, мұнда сирек кездесетін құрманың дәмін татып көрдім. Дәмдердің үйлесімі ерекше: бір жағынан тосын, бір жағынан таныс. Шынымды айтсам, Қазақстанға барып, асханасын жақыннан көргім келіп тұр.

Қазақстан үшін La Liste байқауы әлемге өзін жаңа гастрономиялық бағыт ретінде танытудың үлкен мүмкіндігі деп санайды қазақстандық аспаз.

Артём Канцев, қазақ мейрамханасының шеф-аспазы:

- Бүгінгі күн – Қазақстан гастрономиясы үшін жаңа белес. Бұл бүкіл салаға серпін беретіні сөзсіз. Бүгін біздің бірегей өнімдерге халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын анық көрдік.

2026 жылдың жаңа рейтингі Францияның әлі де көш басында екенін көрсетеді. Бірақ биыл Скандинавия асханасының ықпалы күшейіп, Азияның гастрономиялық салмағы айтарлықтай артқан. Сыншылардың сөзінше, әлемдік дәм картасының орталығы күн сайын өзгеріп жатыр. Бұған қазақстандық аспаздардың да қосқан үлесі зор.

Авторлары: Айдана Айтбекқызы, Руслан Өміржан

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 08:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары