Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Қазақ даласында алғаш қаракөл қой шаруашылығын дамытқан Балтабай Мейірұлы

Қазақ даласында алғаш қаракөл қой шаруашылығын дамытқан Балтабай Мейірұлы

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Еліміздің қой шаруашылығы саласында өшпес із қалдырған есімдердің бірі - Балтабай Мейірұлы. 1914 жылы Ақтөбе облысында, дүниеге келген ол бала кезінен мал шаруашылығына етене араласып өсті.

1937 жылы Мәскеу зоотехникалық институтын тәмамдап, қой өсіру саласының білікті маманы атанды. Балтабай Мейіров елімізде қаракөл тұқымын асылдандырып, ерекше сұрыптау әдістерін енгізу арқылы бұл саланың дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның табанды еңбегінің арқасында қаракөл қойы елдің мақтанышына айналды.

Балтабай Мейірұлы оқуын бітірген соң партияның жолдамасымен Өзбекстанда 25 жыл зоотехник, совхоз директоры, партия ұйымының хатшысы қызметін атқарды. 1963 жылы елге оралып, Созақ ауданы Калинин совхозында 10 жыл бас зоотехник болып қызмет етті. Сол жылдары совхозда жұмыс істеген, бүгінде жасы 90-ға таяған ауыл ақсақалдары Балтабай Мейірұлының еңбегін былай деп еске алады.

Мәми Дәдебеков, ауыл шаруашылығы саласының ардагері:

- 1969 жылы қыс қатты болды. Сонда ол кісі бас зоотохник. Барлық жұмысты ұйымдастырып, сол жерде 1 айдай штабта болды. Біздің совхоз мал шаруашылығы, оның ішінде қаракөл қой шаруашылығы. Негізгі мақсатымыз - қойды өсіріп, соның елтірісін үкіметке өткізу, етке өткізу.

Анарбай Шәдібеков, Шолаққорған ауылының қариясы: 

- Жұмыс десе үй, бала-шағаның бәрін ұмытып кететін. Күні-түні фермаларды аралап жүретін. Адамға адамша сөйлетін адам. Кішіні інім деп, үлкенді аға деп, совхозды жандандыру үшін көп тірлік істеген адам. Қаракөлден 210 басқа дейін қозы алған, озық совхоз болған.

Бүгінде ардагер зоотехник - Төрехан Хайруллаев өзін Балтабай Мейіровтің төл шәкірті санайды. Ол - 1969 жылы Қапланбек техникумын бітіріп, совхозға жас маман болып келген. Бір күні өзін бас зоотехник шақырып алып, «қаракөл шаруашылығын дамыту үшін Өзбекстанға барып, асыл тұқымды қошқарлар таңдап әкел»,- деп тапсырма бергенін айтады.

Төрехан Хайруллаев, Б. Мейіровтің шәкірті:

- Мен 3 ай жүріп, 3 совхозды аралап, 500 қошқар әкелдім. Селекция жасадық сол қошқармен. Міне, соның арқасында совхоздың бұрын 60-70% бірінші сорт болатын болса, біздің өткізген елтірінің 90-95% дейін бірінші сорт болды. Сол кісінің арқасында көп нәрсені үйрендім. Ол кісі осы Қазақстандағы бірінші қаракөл өсіруші зоотехник болды.

Балтабай Мейірұлы бас зоотехник болғанда Калинин совхозында қаракөлдің басы 72 мыңға, Созақ ауданында 500 мыңға жетті. Сол жылдары Балтабай Мейіров Қазақстанның атынан Москвада өткен аукционға барып, Созақ қаракөлінің елтірісін таныстырып қайтты. Қазақ даласында алғаш қаракөл қой шаруашылығын дамытқан асыл азамат 1973 жылы 59 жасында ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмды. Артында 4 ұл, 3 қызы қалды.  

Мэлс Мейіров, Б.Мейіровтің ұлы:

- Әкеміз өмірде өте қарапайым адам болды. Өз балаларына ұрысқан, ашуланып жүргенін көрмеппін. Атқарған жұмысының қиындығы ма - бір баласын да ауыл шаруашылық мамандығына оқытпапты. Жетеуінде инженер, екі дәрігер, екі құрылысшы, бір механик, бір мәдениет саласының адамы.

Балтабай Мейірұлының ұзақ жылғы еңбегі елеусіз қалмады. 1958 жылы «Ленин» орденімен, 1966 жылы «Құрмет белгісі» орденімен және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды. Елі үшін аянбай еңбек еткен аяулы перзентін елі де ұмытпақ емес.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 21:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары