Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Қазақстан GISS 2026 симпозиумында авиациядағы жаһандық бастамаларды қолдады

Қазақстан GISS 2026 симпозиумында авиациядағы жаһандық бастамаларды қолдады

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

14–16 сәуір аралығында өткен симпозиумға әлемнің әр елінен авиация саласының басшылары, үкімет өкілдері мен халықаралық ұйымдар жиналды. Іс-шараның басты тақырыбы — «Өңірлік шешімдер, жаһандық артықшылықтар» болды.

Қазақстандық делегацияны ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева басқарды. Ол симпозиум барысында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Жаһандық елшілер бағдарламасы аясында сөз сөйлеп, Қазақстанның адам капиталын дамыту бағытындағы тәжірибесін таныстырды.

Фото: Көлік министрлігі

Жоғары деңгейдегі кездесуге ИКАО Кеңесінің Президенті Тошиюки Онума мен ұйымның Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.

Фото: Көлік министрлігі

Кездесу барысында авиация саласындағы кадр даярлау, гендерлік теңдік, жастарды тарту және білім беру бағдарламаларын дамыту мәселелері талқыланды.

— Бұл Симпозиум Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 2026-2050 жылдарға арналған Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарын іске асырудың бастапқы нүктесі болсын. Барша үшін қауіпсіз, қорғалған және тұрақты әуе көлігін қамтамасыз ету — біздің мақсатымыз әрі ортақ жауапкершілігіміз, — деді симпозиумның ашылуында ИКАО Кеңесінің президенті.

Қазақстан тарапынан ұсынылған бастамалар қатарында авиациялық мамандықтарды дәріптеу, әйелдердің рөлін арттыру және жастарды салаға тарту мәселелері болды. Бүгінде елдің азаматтық авиация саласында 25 мыңға жуық маман жұмыс істейді, олардың 40 пайыздан астамы — әйелдер.

Фото: Көлік министрлігі

Симпозиум аясында Қазақстан өкілдері өңірлік авиациялық қауіпсіздік мәселелеріне арналған панельдік сессияға да қатысты. Онда қауіпсіздікті қадағалау және авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша өңірлік ұйымдардың рөлі, сондай-ақ кадр және қаржы ресурстарының тапшылығы сияқты өзекті мәселелер көтерілді.

Салтанат Томпиева өңірлік ынтымақтастықтың тиімділігі нақты практикалық қадамдарға негізделуі тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, сарапшылармен алмасу, бірлескен аудиттер және техникалық миссиялар мемлекеттерге нақты нәтижелерге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Фото: Көлік министрлігі

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өңірлік тетіктердің жаһандық авиациялық қауіпсіздік жүйесіндегі маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан өз кезегінде халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және қауіпсіз, тұрақты авиациялық жүйені қалыптастыруға дайын екенін растады.

Марракеш қаласында (Марокко) өтіп жатқан ICAO Global Implementation Support Symposium 2026 аясында Қазақстанның авиация әкімшілігі (ҚАӘ) мен ИКАО Training Services Agreement келісімін ұзартуға қол қойды.

Фото: Көлік министрлігі

Бұл қадам ИКАО-мен қолданыстағы келісім аясында 2026 жылы ҚАӘ қызметкерлерін оқыту бағдарламасын іске асыруға бағытталған және авиация мамандарының біліктілігін арттыру мен кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған виртуалды және аудиториялық оқу курстарынан өтуді көздейді. Осылайша, 2026 жылы келісімді іске асыру аясында оқыту негізгі бағыттар бойынша 23 курсты қамтиды, оның қорытындысы бойынша ИКАО халықаралық сертификаттары табысталады. 

Бұдан бұрын Президент Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қатысты заңға қол қойғанын жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 11:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see144

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see143

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see141

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see140

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see139

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see136

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see136

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see135

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see129

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see129

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see129

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see127

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see125

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see122

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see120

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see117

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see117

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see117

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары