Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы жалпыұлттық диалогты дамытудағы маңызды қадам болды сарапшы
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Конституциялық реформалар аясында этномәдени бірлестіктердің елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріне қатысуына қосымша институционалдық мүмкіндіктер қарастырылған. Теңдікті қамтамасыз ету, кемсітушілікке жол бермеу және қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы кешенді шаралар туралы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Ғали Дінмұхамед айтып берді.
Сарапшының айтуынша, этносаралық келісімді, өзара құрмет пен кемсітпеу қағидаттарын нығайту Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы негізгі бағыттардың бірі саналады.
Ғали Дінмұхамед жаңа Конституцияда әртүрлі белгілер бойынша кемсітуге қатаң тыйым салынғанын атап өтті. Заң жүзінде әр адамның қай ұлтқа жататынын өзі анықтап, көрсетуіне, ана тілін еркін қолдануына, ұлттық мәдениетін дамытуына, сондай-ақ білім алу мен шығармашылық тілін таңдауына құқық берілген.
2023-2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы аясында мемлекеттік тілді нығайтуға жағдай жасалып, барлық этностық топтың тілдеріне қолдау көрсету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Мемлекет білім беру бастамаларына да тұрақты қолдау көрсетеді. Этностық топ өкілдеріне білім беру кредиттері бойынша жеңілдіктер мен оқу ақысының 50-75 пайызын өтейтін арнайы сараланған гранттар қарастырылған. Бұл ретте стипендия толық көлемде сақталады.
Жалпыұлттық диалогты дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – арнайы конституциялық заң негізінде жұмыс істейтін Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы. Бұл орган елдің бүкіл халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік алаң ретінде қызмет етеді.
Ғали Дінмұхамед Халық Кеңесінің 126 мүшеден тұратын құрамын қалыптастыру тәртібінің ашықтығы мен теңгерімділігіне ерекше назар аударды.
Этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне жалпы орынның үштен бірі, яғни 42 мандат бөлінген. Тағы 42 орын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарға берілсе, қалған 42 мандат өңірлік мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің өкілдеріне тиесілі. Мұндай тетік маңызды мемлекеттік шешімдерді әзірлеу кезінде барлық қауымдастықтың, соның ішінде этностық топтардың да мүддесін ескеруге мүмкіндік береді.
Сарапшы Қазақстанда ұлттық тілдерде білім беретін мектептердің кең жүйесі қалыптасқанын атап өтті. Республикадағы жалпы білім беретін мектептерде сабақ қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде жүргізіледі.
Ғали Дінмұхамедтің пікірінше, заңнамалық кепілдіктердің беріктігі, білім алу мүмкіндіктерінің кеңдігі және этномәдени бірлестіктердің белсенді қызметі Қазақстанның көпэтносты қоғамының тұрақты дамуына негіз болады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:49
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















