Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Қазақстанда 2026 2030 жылдарға арналған Қазақстан балалары атты тұжырымдама таныстырылды

Қазақстанда 2026 2030 жылдарға арналған Қазақстан балалары атты тұжырымдама таныстырылды

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

gov.kz

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері «Қазақстан балалары» атты 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы таныстырды.

Тұжырымдама Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленді. Алғаш рет балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, білім алуға, денсаулығын қорғауға, сондай-ақ отбасын қолдау мен әлеуметтік қорғауға бағытталған барлық қолданыстағы шаралар мен бағдарламалар бір жүйелі құжатқа біріктірілді.

Брифинг барысында Қазақстанда шамамен 6,9 млн бала тұратыны, бұл ел халқының жалпы санының 34 пайызын құрайтыны атап өтілді. Соңғы 10 жылда балалар саны 1,5 млн-ға артқан. Бұл тұрақты демографиялық өсімді және балалық шақ саласындағы жүйелі мемлекеттік саясаттың өзектілігін көрсетеді.

Тұжырымдама бала құқықтарының негізгі бағыттарын қамтитын төрт басым бағыттан тұрады. Олар балалардың қауіпсіздігі, сапалы білім алу құқығы, денсаулықты қорғау, сондай-ақ отбасы және әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтар. Тұжырымдаманың тиімділігін бағалау үшін 10 индикатор айқындалып, оны іске асыру 158 іс-шара арқылы қамтамасыз етіледі.

Құжатта балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылған. Елде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді, барлық мектептерде қауіпсіздік сабақтары енгізілген, «111» байланыс орталығы қызмет көрсетуде. Тұжырымдама аясында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын одан әрі дамыту, тәуекелдерді ерте анықтауға арналған цифрлық құралдарды енгізу, сондай-ақ психологиялық және менторлық сүйемелдеуді кеңейту жоспарланған.

Тұжырымдаманың жеке бөлімі цифрландыруға арналған. 2027 жылдан бастап mGov платформасында мемлекеттік қолдау шараларын бірыңғай есепке алуды және отбасылардың қайта жүгінуінсіз баланы ведомствоаралық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін «Баланың жолы» цифрлық жүйесі енгізіледі.

Білім беру саласында мектепке дейінгі және инклюзивті білім беруді дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру ұйымдарының сапасы мен жауапкершілігін арттыру жұмыстары жалғасады. Әлеуметтік салада балалар үйлеріндегі тәрбиелеу моделінен отбасылық орналастыру нысандарына көшуге, тәлімгерлікті дамытуға және атаулы қолдауға басымдық беріледі.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғаудың тұтас әрі орнықты жүйесін қалыптастыруға, әлеуметтік және білім беру қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, әрбір баланың дамуына қауіпсіз орта құруға және ұзақ мерзімді әлеуметтік тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «Қазақстан балалары» 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.

Бүгін, 14:22

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 15:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see140

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see136

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see135

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see135

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see134

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see133

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see130

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see127

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see125

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see124

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see124

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see122

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see120

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see119

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see119

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see118

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see117

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see117

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары