Қазақстанда кім ғарышкер бола алады: ең төменгі талаптар қандай
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Комитеттің мәліметінше, іріктеудің алғашқы сатысында үміткердің негізгі талаптарға сәйкестігі ескеріледі. Яғни кандидат Қазақстан Республикасының азаматы болуы, жасы 18 бен 40 жас аралығында болуы және жоғары білім алуы қажет.
Бұл талаптарға сай келгендер келесі кезеңде жан-жақты бағалаудан өтеді. Мұнда олардың кәсіби қабілеті мен тәжірибесіне басымдық беріледі.
— Үміткерлерден жүйелі ойлау, күрделі техниканы меңгеру, тосын жағдайда дұрыс шешім қабылдай білу, сондай-ақ цифрлық сауаттылық талап етіледі, - делінген комитет жауабында.
Бұдан бөлек, кандидаттардың физикалық дайындығы мен психологиялық төзімділігі жоғары болуы шарт. Олар оқшау жағдайда жұмыс істей алуы, халықаралық құрамдағы топпен үйлесімді әрекет етуі және шет тілдерін білуі тиіс.
Айта кетейік, бұған дейін «Артемида-2 миссиясының астронавтары Тынық мұхитына сәтті қонып, Жерге оралғаны хабарланған болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:101
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Сәуір 2026 20:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















