Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Қазақстанда пәтер алу үшін қанша жыл еңбектену керек?

Қазақстанда пәтер алу үшін қанша жыл еңбектену керек?

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Альтернативті инвестициялық құралдар тапшы

Finder зерттеу порталының деректеріне сүйенсек, 2025 жылы әлем бойынша орташа пәтер бағасы шамамен 208,5 мың АҚШ долларына бағаланды. Зерттеу барысында жалпы ауданы 59 шаршы метр, екі жатын бөлмесі мен бір қонақ бөлмесі бар пәтерлер қарастырылған. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіштер елдердің тұрғын үй бағасы мен азаматтардың сатып алу қабілетін салыстыру үшін алынған. Дегенмен, нарық үнемі өзгеріп отыратынын ескере отырып, пәтер бағасы он жылдан кейін де дәл осы деңгейде болады деу — қате.

Инфографика: Kazinform

Қаржы саласының сарапшысы Айбар Олжаевтың пікірінше, Қазақстан тұрғын үй саясаты саласында түрлі елдердің тәжірибесін тиімді үйлестіріп отыр.

— Еліміз тұрғын үй жинақ жүйесінің үлгісін Германиядан алған. Әлеуметтік баспанамен қамту тәсілі Сингапур тәжірибесіне негізделген. Ал классикалық ипотека — әлемдік тәжірибеде кең тараған үлгі. Кей елдерде ипотека мөлшерлемесі төмен, себебі инфляция деңгейі аз. Бізде коммерциялық ипотека мөлшерлемесі жоғары, ал мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдетілген нұсқалар бар. Қазір ипотекалардың шамамен 50 пайызы жеңілдетілген бағдарламаларға тиесілі, оның негізгі үлесі «Отбасы банктің» портфелінде, — дейді сарапшы.

Ал Numbeo сайтының деректеріне сәйкес, Қазақстандағы «тұрғын үй бағасы мен табысқа қатынас» коэффициенті — 9,40, яғни орта есеппен қазақстандыққа үй сатып алу үшін шамамен 9 жылдан аса жинақталған жалпы табыс қажет. Айбар Олжаевтың есебі де осы көрсеткішке жақындайды.

— Бір адам бірнеше пәтер алуға ниетті, себебі елімізде альтернативті инвестиция құралдары жоқ. Сондықтан баспанаға сұраныс жоғары. Пәтердің 1 шаршы метрі шамамен — 550 мың теңге, ал орташа жалақы — 405 мың теңге. Орташа табысты отбасы 40 шаршы метр үй алғысы келсе, 120 ай, яғни 10 жыл жинау керек. Ешқандай инфляцияны есептемегенде осылай шығады, — дейді Айбар Олжаев.

Қалай болғанда да Қазақстан азаматы шамамен 8-10 жылдың айналасында үйлі бола алады. 

Мемлекеттік қаржы аймақтарға бағытталуы керек

Әлемнің түрлі қалаларында тұрғын үй құны арасындағы айырмашылық жоғары. Мәселен, Сингапурда үш бөлмелі пәтердің орташа құны — шамамен 1,37 миллион АҚШ доллары. Ал осындай үлгідегі баспана Ташкент қаласында — шамамен 97 мың доллар, ең арзан нұсқалар Кубада кездеседі, мұнда бар болғаны 23 мың доллар.

Қазақстанда да тұрғын үй бағасы өңірлерге қарай құбылады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, ең қымбат пәтерлер Астана мен Алматыда, ал ең төмен бағалы баспана Ақтөбе мен Оралда орналасқан.

Инфографика: Kazinform

Қайталама нарықта Алматыда — шаршы метрі 701 088 теңге, Астанада — 678 190 теңге, Атырауда — 495 004 теңге деңгейінде сатылды. Құны төмендеу тұрғын үйді Қызылордадан шаршы метрі — 317 693 теңге, Көкшетаудан — 337 856 теңге және Ақтаудан — 342 500 теңгеден табуға болады.

Сарапшы Айбар Олжаевтың айтуынша, пәтер саны бойынша Астана алға шыққан. Елордада жарты жылда 19,1 мың пәтер берілсе, Алматыда 14,8 мың пәтер ғана қолданысқа берілген. Мұндағы айырмашылық Алматыдағы биік ғимараттарға қойылған шектеулермен түсіндіріледі.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

— Ұлттық статистика бюросының деректері тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдемей, керісінше, жанданып келе жатқанын айғақтайды. Алты айда 7,9 миллион шаршы метр баспана салынса, оның 5 миллионы — көппәтерлі тұрғын үй, 2,8 миллионы — жеке үй. Демек, тұрғындардың басым бөлігі әлі де қаладан пәтер алуды жөн көреді. Сонымен бірге елдегі барлық жаңа тұрғын үйдің 93 пайызын жеке құрылыс компаниялары салған. Өңірлердегі көрсеткіштерге келсек, Алматы қаласы 242 жаңа тұрғын үй кешенімен бірінші орында тұр, — дейді сарапшы.

Осы орайда Айбар Олжаев тұрғын үй саясатына қатысты ұсыныс айтты.

— Үкіметтің бағыты дұрыс. Алайда Алматы мен Астананы коммерциялық нарыққа қалдыру керек, ал тұрғын үйге арналған мемлекеттік қаржыны аймақтарға бағыттау тиімді. Себебі екі мегаполисті урбанизациялық орталыққа айналдыру дұрыс емес, — дейді ол.

Ал экономист Елдар Шамсутдиновтың ойынша, бағаның өсімі жеңілдетілген ипотекамен байланысты.

— Несие қолжетімді болған сайын мәмілелер саны артады, ал нарық бірден бағаны көтеріп жауап береді. Құрылыс инфляциясы жылына 2–3% шамасында болса да, тұрғын үй бағасы әлдеқайда тез өсіп отыр, — дейді сарапшы.

Фото: Елдар Шамсутдиновтың жеке мұрағатынан Нарықта құрылыс материалдарының құны маңызды

Қазақстандағы тұрғын үй бағасының өсуін тағы бір фактор — импорттық құрылыс материалдарының бағасы анықтайды.

— Қосалқы емес, базалық материалдар мен қызметтердің қымбаттауы — құрылыс процесінің негізі. Сол материалдардан іргетас қаланады, ғимараттың конструкциясы, қасбеті, пәтер және бөлмеаралық қалқалар, инженерлік коммуникациялар жасалады. Негізгі материалдардың қымбаттауы барлығының да бағасын көтереді, — дейді экономист Руслан Сұлтанов.

Фото: ҚР Сада және интеграция министрлігі

Қазақстан кейбір құрылыс өнімдерін өз өндірісі арқылы шығарады, алайда көп бөлігі шетелден валютаға сатып алынады. Сол себептен теңгенің девальвациясы баспана бағасының күрт өсуіне ықпал етеді.

— Құрылыста қажетті материалдар мен шикізаттың елеулі үлесі негізінен сырттан, бірінші кезекте Ресейден импортталады. Қазақстанның құрылыс материалдары импортындағы РФ үлесі — шамамен 50%. Теңгенің рубльге шаққандағы құнының нашарлауы — бағалардың өсуіне әсер ететін факторлардың бірі. Баспананың қымбаттауы — уақыттың мәселесі, ол болады, бірақ қашан болатыны түрлі факторға байланысты, — дейді Сұлтанов.

Экономистің пікірінше, баспана бұқараға қолжетімсіз болып қалмауы үшін Үкімет отандық құрылыс материалдарын өндірушілерді қолдауды күшейтіп, логистиканы дамытуға да назар аударуы тиіс.

Үкіметтің бастамасы не береді?

Үкіметтің «Наурыз», «Наурыз-Жұмыскер» және «Әскери баспана» бағдарламалары бойынша жеңілдетілген ипотекалық несиелеуді ұлғайту, сондай-ақ құрылыс компанияларымен тұрғын үй бағасын үш жылға бекіту жоспары тұрғын үй нарығын тұрақтандыруға және баспанаға қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Halyk Finance сарапшыларының пікірінше, нарық қалыпты өсімде қалады, жаңа тұрғын үй бағасы өсе береді, өйткені ұсыныс аз, сұраныс жоғары. Ал қараша айында ипотека шарттарының қатаңдатылуы сәл бәсеңдеушілік тудырса да негізгі үрдісті өзгертпейді. Бұл шаралар халықтың баспана алуына кедергі келтірмеу үшін жасалып отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:309
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 14:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see138

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see133

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see131

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see131

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see131

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see129

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see127

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see122

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see121

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see120

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see120

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see118

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see117

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see116

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see114

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see114

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see114

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары