Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды

Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтып, шынайы қоғамдық диалог орнатуға бағытталған кешенді және жүйелі стратегияны іске асырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Мемлекет басшысы XII Азаматтық форум қатысушыларына жолдаған үндеуінде азаматтық қоғамды дамытуға мемлекеттің айрықша мән беретінін атап өтті.

«Мемлекет пен азаматтардың қарым-қатынасына арқау болған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы берік орныға түсті. Өзара сыйластық пен түсіністік, жанашырлық пен жауапкершілік қасиеттері кеңінен дәріптеліп, қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру үшін нақты шаралар атқарылды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент белсенді азаматтық қоғам қалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру маңызды екенін бірнеше рет атап өткен болатын.

Осы мақсатта 2021-2024 жылдар аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құқықтық кеңістікті сапалық тұрғыдан жаңғырту үдерісі басталды. Бұл бағытта бірқатар негізгі заңнамалық акті қабылданды. Атап айтқанда, «Қоғамдық бақылау туралы» Заң, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңға түзетулер пакеті қабылданды. Сонымен қатар «Волонтерлік қызмет туралы», «Қайырымдылық туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Медиация туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңдарға толықтырулар енгізілді. Аталған заңдарды тиімді іске асыру мақсатында 14 нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізілді.

Қоғамдық кеңестердің рөлі айтарлықтай күшейді. Соңғы үш жылда азаматтық қоғам өкілдерінің үлесі 23%-ға өсіп, 264 қоғамдық кеңестің құрамындағы олардың қатысу деңгейі 86%-ға жетті. Жастардың үлесі де 5%-ға артып, 15% болды.

Алғаш рет квазимемлекеттік секторда азаматтармен тікелей кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретін 13 жаңа қоғамдық кеңес құрылып, өз жұмысын бастады.

Грант саясаты мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі реформаланды. Жобаларды іріктеудің көп деңгейлі механизмі енгізіліп, сараптама мен есеп беру рәсімдері жетілдірілді.

Аталған өзгерістер әлеуметтік жобаларды қаржыландыру көлемін екі есе арттыруға, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қамту аясын 21 бағытқа дейін кеңейтуге және жүзеге асырылатын жобалар санын 22%-ға көбейтуге мүмкіндік берді.

Соңғы бес жыл ішінде жалпы сомасы 10,3 млрд теңгені құрайтын 556 грант жүзеге асырылды. 2025 жылы жалпы құны 1,8 млрд теңге болатын 104 грант іске асырылып жатыр. ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы конкурсы рекордтық нәтижеге қол жеткізіп, өтініштердің саны 135-тен 208-ге дейін артты. Ал жеңімпаз ұйымдар саны 73-ке жетті. Олардың қатарында ауылдық аймақтардағы бастамалар мен инклюзивті жобалар да бар. Осы кезеңде барлығы 336 үкіметтік емес ұйым Мемлекеттік сыйлықақымен марапатталды.

Бұл нәтижелер мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы серіктестіктің жаңа, жетілген кезеңіне жол ашты.

Азаматтық қоғамды дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде волонтерлік қозғалысты қолдау және нығайту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. 2021-2023 және 2024-2026 жылдарға арналған екі Жол картасы қабылданып, олар төрт стратегиялық бағытпен 85 нақты іс-шараны қамтыды.

Республикалық фронт-офис пен мыңдаған белсенді жасты біріктірген 20 өңірлік волонтерлік орталық құрылды. Осы уақыт ішінде 275 волонтерлік жоба мен 1 200-ден астам волонтерлік бастама жүзеге асырылды.

Қазақстан волонтерлік қызмет саласында халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Соңғы жылдары елімізден 21 волонтер БҰҰ құрылымдары аясында Иордания, Кения, Таиланд және Түркия елдерінде қызмет атқарды. 2025 жылы олардың жетеуі өз қызметін жалғастырып жатыр. Сонымен қатар биыл «Игі істер марафоны» аясында ел бойынша 27 мыңнан астам игі іс атқарылды.

2020 жылдан бері Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 232 ерікті Мемлекет басшысы бастамашы болған «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының иегері атанды.

Қазақстанда азаматтық белсенділік қарқынды дамып, жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Бұл бағыттағы Президент саясаты азаматтардың бастамашылдығы, әлеуметтік жауапкершілігі және мемлекеттің үкіметтік емес секторымен әріптестігі айқындалған Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 18:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары