Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Қазақстандық оқушылар Алматыдағы олимпиадада 132 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар Алматыдағы олимпиадада 132 медаль жеңіп алды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Биыл олимпиадаға математика, физика және информатика пәндерінен барлығы 612 оқушы мен 122 команда жетекшісі қатысты. Сайыскерлер әлемнің 16 елінен жиналды. Олардың арасында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түркменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстаннан келген оқушылар бар.

Олимпиада екі турдан тұрды. Тапсырмалар мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкестендірілді және оларды халықаралық қазылар алқасы құрастырды. Қазылар алқасының құрамында халықаралық деңгейде мойындалған мамандар бар, ал төрағасы – ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Қазақстан үшін техникалық интеллегенцияны құрылымдау өте маңызды, тіпті стратегиялық қажеттілік деген болатын. Ал техникалық интеллегенция – инновациялардың, жаңа технологиялардың және өнімділіктің драйвері бола алады. Сіздер білім сайысында математика, физика және информатика пәндерінен терең білімдеріңізді көрсетіп, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттеріңізді шыңдадыңыздар. Көптің арасынан суырылып алға шықтыңыздар. Сіздер – еліміздің келешек техникалық интеллегенциясының негізін құрайтын мақтанышысыздар. Бүгінгі алған жүлделеріңіз – Қазақстанның ертеңіне қосқан үлестеріңіз, - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Биылғы олимпиада қорытындысы бойынша 70 оқушы алтын, 96 оқушы күміс, 158 оқушы қола медаль иеленді. Интеллектуалдық сайыс аясында барлығы 324 медаль сарапқа салынды. Сонымен қатар жоғары нәтиже көрсеткен командалардың жетістіктері де арнайы аталып өтті.

Биыл «Абсолютті жеңімпаз команда» атағын Румыниядан келген Бухарест қаласындағы Халықаралық компьютерлік мектебінің командасы жеңіп алды. Бірінші орын мен «Үздік олимпиадалық команда» атағы Ресейдің В.Ф. Овчинников атындағы «Екінші мектеп» лицейіне бұйырды. Екінші орынды Ресейдің Капица атындағы Физтех-лицейі мен «Воробьёвы горы» командалары иеленді. Үшінші орынды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің (Қазақстан), София математика мектебінің (Болгария) және Ресейдің №239 Президенттік физика-математика лицейінің командалары олжалады.

Сайыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылардың қоржынында 132 медаль бар. Олардың 28-і алтын, 35-і күміс және 69-ы қола медаль. Бұдан бөлек, еліміздің жоғары оқу орындарынан жеңімпаздарға ректорлық гранттар берілді.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтетінін хабарлаған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 18:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see144

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see143

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see141

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see140

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see139

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see136

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see136

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see135

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see129

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see129

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see129

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see127

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see125

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see122

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see120

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see117

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see117

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see117

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары