Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Қазақстанның жаңа академиялық жеті томдық тарихы баспаға ұсынылды

Қазақстанның жаңа академиялық жеті томдық тарихы баспаға ұсынылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астана қаласында Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қариннің төрағалығымен «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» атты жаңа академиялық жеті томдық басылымның Жалпы редакциялық алқасының қорытынды отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жиында академиялық басылымның қорытынды, жетінші томын әзірлеу жұмыстарының нәтижелері қаралып, редакциялық алқа мүшелерінің ұсыныстары негізінде енгізілген толықтырулар мен түзетулер талқыланды.

Ауқымды ғылыми жоба Ұлы даланың мыңжылдық тарихын кешенді түрде зерделеуге, қазақ жеріндегі мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму сабақтастығын ғылыми тұрғыдан негіздеуге, сондай-ақ ұлттық тарихты қазіргі заманғы зерттеу әдістері мен жаңа дереккөздер негізінде қайта пайымдауға бағытталған. Авторлар ұжымы тарихи үдерістерді объективті бағалап, Қазақстан халқының ортақ тарихи жады мен ұлттық бірегейлігін нығайтуға үлес қосуды басты мақсат ретінде айқындады.

Ерлан Қарин жеті томдық академиялық басылымның әзірленуі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды ғылыми жобалардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының ұлттық тарихты зерделеуге бағытталған бастамалары отандық тарих ғылымының дамуына жаңа серпін бергенін айтты.

«Бүгін біз жеті томдық академиялық басылымның қорытынды 7-томының қолжазбасын бекіттік. Осылайша, бір жыл ішінде ауқымды жұмысты аяқтадық. Бұл еңбекке 350-ден астам отандық және 12 елден келген 56 шетелдік ғалым атсалысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы күннен бастап ұлттық тарих мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Президенттің бастамалары отандық тарих ғылымының жаңа кезеңін қалыптастырды. Соның айқын мысалы – Алтын Орда тақырыбы бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылған жұмыстар. 2019 жылы бұл мәселе алғаш көтерілсе, кейін Ұлытауда Жошы хан кесенесі маңындағы орталықтың құрылысы басталды, Жошы ұлысын зерттеу институты құрылды, академиялық көптомдықтың жеке томы Алтын Ордаға арналды, ал биыл Астанада ЮНЕСКО деңгейінде халықаралық симпозиум өтті. Бұл – Мемлекет басшысының бастамаларды жүйелі әрі дәйекті жүзеге асыруының нақты көрінісі», – деді Ерлан Қарин.

Сонымен қатар Ерлан Қарин академиялық көптомдықты әзірлеу барысында қалыптасқан жаңа ғылыми тұжырымдардың мемлекеттік маңызы бар шешімдерге де негіз болғанын айтты.

«Академиялық көптомдықты әзірлеу барысында қалыптасқан жаңа ғылыми ұстанымдар мемлекеттік деңгейдегі маңызды шешімдерде де көрініс тапты. Соның айқын дәлелі – Қазақстан Республикасы Конституциясының преамбуласына ұлттық тарихымызға қатысты тұжырымның енгізілуі. Преамбуладағы «Ұлы даланың мыңдаған жылдық мұрасын сақтай отырып» деген қағида мемлекетіміздің тарихи тамырының тереңде жатқанын айқындайды. Мұндай норманы Конституция мәтініне енгізу үлкен ғылыми зерттеулерді, жан-жақты дәлелдеуді және ұзақ талқылауды талап етті. Соның нәтижесінде бұл маңызды қағида Ата заңымызда өз орнын тапты. Демек, көптомдықты әзірлеу барысында жүргізілген ғылыми ізденістер нақты мемлекеттік маңызы бар нәтижелерге жеткізді», – деді Ерлан Қарин.

Отырыс барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, редакциялық алқа құрамындағы жетекші ғалымдардың қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстан» атты жетінші томды пысықтау жұмыстарының қорытындылары қаралды. Атап айтқанда, 2026 жылғы 5 шілдеде өткен редакциялық алқа отырысында тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбілдің, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айдос Сарымның және PhD доктор Михаил Ақұловтың тарапынан берілген ескертулер мен ұсыныстар толық көлемде ескеріліп, тиісті өзгерістер енгізілгені атап өтілді.

Жалпы редакциялық алқа атқарылған жұмыстың нәтижелеріне оң баға беріп, «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық жеті томдығының «Тәуелсіз Қазақстан» атты жетінші томын баспаға ұсыну туралы шешім қабылдады.

Отырыс қорытындысы бойынша Ерлан Қарин академиялық жеті томдықты әзірлеу жұмыстарының аяқталуымен құттықтап, жобаны жүзеге асыруға атсалысқан редакциялық алқа мүшелері мен авторлар ұжымына алғыс білдірді. Сонымен қатар ол редакциялық алқа мүшелеріне Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының даналарын салтанатты түрде табыс етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 08:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see144

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see143

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see141

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see140

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see139

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see136

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see136

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see135

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see129

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see129

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see129

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see127

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see125

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see122

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see120

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see117

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see117

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see117

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары