Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қажымұқан туралы тұңғыш драма

Қажымұқан туралы тұңғыш драма

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ұлттың айбынды тұлғасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойына орай Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Қажымұқан» спектаклінің тұсауы кесілді. Айтулы премьера – уақытпен бірге өшпеген ерлік рухының қайта оралуы, ұрпақ жүрегінде жаңғырып, сезім мен рәміздің терең иірімінде тербелген көркем толғаныс.

Мерейтойлық жыл аясында дүниеге келіп, Қажымұқан тұлғасын театр кеңістігінде алғаш рет дербес драмалық туынды ретінде сөйлеткен спектакль – әйгілі балуанның өмірі мен ерлігін жаңа буынға танытудың көркем тәсілі. Қоюшы режиссер Ақниет Жақ­сығали атап өткендей, Қа­жымұқан туралы сахналық туын­дының бұған дейін қойыл­мауы айтулы жұмыстың тарихи маңызын арттыра түседі. Осы тұрғыдан алғанда, спектакль мерейтойлық шаралардың мазмұнын байытып, тұлға мұ­расын жаңаша пайымдауға жол ашады.

«Бұл спектакль – бұрын-соңды сахналанбаған тақы­рып­қа жасалған алғашқы ба­тыл қадам. Қажымұқан тура­лы кинотуындылар бол­ғанымен, театр сахнасында дербес драмалық шығарма ретінде ұсынылуы – ұлттық драматургиядағы жаңа белес», дейді режиссер.

Шынымен де, пьеса автор­лары Наурызбай Асылбек пен Қазыбек Аманжол балуан бейнесін тек тарихи дерек­тер аясында ғана емес, көр­кемдік-философиялық тұр­ғы­дан терең ашуға ұмтылған. Соның нәтижесінде сахнада күрескердің тағдыры арқылы халықтың рухы, замана шын­дығы, ұлттық болмысы кө­рініс табады. Қойылым құры­лымында Қажымұқанның өмір жолы кезең-кезеңімен ашылады. Балалық шағынан бас­тап кемеліне келген шағына дейінгі эволюция бірнеше актердің орындауында біртұтас драмалық желіге біріктірілген. Бұл тәсіл кейіпкердің уақыт пен кеңістіктегі өзгерісін тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, яғни сахнада Қажымұқан алып күш иесі ретінде ғана емес, әке аманатын арқалаған перзент, ел намысын жүктеген азамат, ішкі қайшылығы бар тұлға ретінде көрінеді. Оның айналасындағы кейіпкерлер – Балуан Шолақ сынды серілер бейнесі арқылы ұлттық рухтың көпқырлы­лы­ғы ашылады. Надежда-Фатима образы арқылы кейіпкер­дің жеке өмірі, сезім әлемі де көркем өрнектелген. Бұл желі спектакльдің эмоционалдық тепе-теңдігін сақтап, тарихи тұлғаны адамдық өлшемде қабылдауға мүмкіндік береді.

Айтулы қойылым ұлттық теа­тр кеңістігінде биогра­фия­лық драманың жаңа интерпретациясы ретінде назар аудартады. Қажымұқан Мұңайтпасұлы тұлғасын сахналық бейнелеу дәстүрлі хроникалық баяндаудан гөрі поэтикалық-рәміздік деңгейде шешілген, яғни спектакльдің жанрлық табиғаты синкретті сипатқа ие. Мұнда драмалық һәм пластикалық театр мектебімен қатар, цирктік өнер элементтері тұтасып, постдрамалық театр эстетикасына жақындайды. Әсіресе мәтіннен гөрі қозғалыс пен визуалды образдың алдыңғы қатарға шығуы – режиссер­лік концепцияның басты ұсты­ны. Бұл тәсіл кейіпкердің ішкі психологиялық күйін вербалды емес құралдар арқы­лы жеткізуге мүмкіндік бе­реді. Қойылым режиссері Ақниет Жақсығали кеңістікті семиотикалық жүйе ретінде қарастырып, сахнаны тек әрекет өтетін орын емес, мағына тудыратын дербес «мәтінге» айналдырады. Нәтижесінде, сахналық шешімдердегі минимализм мен символизм қатар өріліп, әрбір деталь жарық, дыбыс, қозғалыс белгілік мән­ге ие болған. Мәселен, ба­луан тастың финалдағы бейнесі –  физикалық күштің ғана көрсеткіші емес, ұлттық жады мен тарихи жүктеменің метафорасы. Бұл көрініс – этно­графиялық деталь болумен қатар қойылымның идеялық өзегіне айналған рәміз.

Режиссерге сахна қатып қалған қимылсыз кеңістік емес, керісінше, үнемі қозға­лыстағы тірі организм ре­тін­де қарастырылады. Ми­зан­сценалық құрылымның цирк аренасына ұқсас шешілуі де кездейсоқ емес. Бұл тәсіл Қажымұқан өмірінің күреске толы табиғатын айқындай түседі. Осылайша, көрер­мен оқиғаны бақылаушы ғана емес, сол аренадағы рухани тар­тыстың куәгеріне айналады.

Актерлік ойын жүйесі де дәстүрлі психологиялық мек­­тептен гөрі пластикалық экспрессияға жақын. Басты кейіпкердің бейнесі ішкі монолог пен дене пластикасы арқылы ашылып, «тән театры­» (theatre of the body) қағи­даттары айқын байқала­ды. Бұл тәсіл физикалық театр мен пластикалық театр эстетикасына сәйкес келеді. Сонымен қатар қойылымдағы цирктік элементтердің енгізілуі – көр­кемдік эффект қана емес, драматургиялық қызмет ат­қарады. Акробатикалық көрі­ністер кейіпкердің өмір жо­лындағы күресті, тепе-тең­дікті сақтауды әрі тәуекелді бей­нелейді. Бұл тұрғыда спектакль постдрамалық театр заң­дылығына сүйене отырып, оқиға желісінен гөрі әсер мен қабылдауға басымдық бе­реді. Музыкалық, дыбыстық шешімдер де қойылымның құрылымдық бөлігіне айнал­ған. Жарық пен дыбыс пар­титурасы сахналық әрекеттің эмоциялық ритмін дәл ұс­тап, драматургиялық шие­леністі күшейтеді. Мұнда дыбыс тек фондық қызмет атқармай, сахналық әрекеттің драматургиялық серіктесіне айналып, эмоционалдық ек­пін­ді нақтылайды. Мұндай тәсіл қазіргі заманғы мульти­медиалық театр тенденцияларымен үндес.

Қорыта айтқанда, «Қажы­мұқан» драмасы – қазіргі қазақ театрының көркемдік ізденісін айқындайтын, формалық һәм мазмұндық тұрғыдан жаңашыл туынды. Ол биографиялық драманы жаңа деңгейге көтеріп, тарихи тұлғаны мифопоэтика­лық кеңістікте қайта сомдайды. «Біткен іске сыншы көп» де­мекші, әрине, кез келген премьера секілді бұл қойылым да уақыт өте толықтырылып, әр ойналған сайын дамып, кем-кетігі жетілдіріле түсері анық. Дегенмен, бүгінгі нәтижесі­нің өзі – ұлттық театр өнерін­дегі маңызды белес. Себебі Қажымұқанды сахнаға шыға­ру – бір тұлғаны ғана дәріптеу емес, ұлттың күшін, рухын, тарихи жадын қайта тірілту. Осы тұрғыдан алғанда, айтулы драманы кезекті бір қойылым деп қана қарастырмай, маңызды мәдени оқиға деп бағаласақ, әбден орынды болмақ. Себебі «Қажымұқан» спектаклі – ұлт­тық театрдағы формалық ізденістердің айқын көрінісі. Ол тарихи тұлғаны сахнаға шығаруда реалистік баяндаудан бас тартып, метафоралық, пластикалық әрі визуалды тіл­ге сүйенеді. Осы арқылы қойылым көрерменге дайын жауап ұсынбай, интерпретация кеңістігін ашатын заманауи театр туындысы ретінде бағаланады.

Соңғы жаңалықтар

Несие – несібе емес

Несие • Бүгін, 08:10

Жолаушы қауіпсіздігі – жауапты міндет

Қоғам • Бүгін, 08:05

Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген

Сұхбат • Бүгін, 08:00

Қаржы ұйымымен келелі келіссөз

Саясат • Бүгін, 07:55

Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит

Саясат • Бүгін, 07:50

Кекілбаев тұлғасына арналған кітап

Қоғам • Бүгін, 07:48

Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды

Саясат • Бүгін, 07:45

Штутгарттағы сәтті старт: Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті

Теннис • Кеше

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе

Аймақтар • Кеше

Бір кәуап – 950 мың теңге: Бразилияда туристерді алдаған топ ұсталды

Әлем • Кеше

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды

Қоғам • Кеше

Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды

Спорт • Кеше

«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды

Саясат • Кеше

Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Кеше

Бибісара Асаубаева көш басына шықты

Шахмат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 08:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see112

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see111

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары