Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Ел аумағын қамтыған акция

Қирап тұрған Газаның болашағы қандай?

Қирап тұрған Газаның болашағы қандай?

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Газа секторындағы халықтың кейінгі екі жылда көрмегені жоқ. Ғимарат, үй атаулының қаңқасы ғана қалды. Жағалай атыс, толассыз бомбаның үні естіле қоймағанымен, ел үрейлі. Халықаралық қауымдастық аймақты қалпына келтіру жолдарын қарастырып жатыр. Бірақ әзірге жағдайдың қиындамаса, жеңілдейтін түрі жоқ. Сөйтіп, Палестина жерінде қандай жобалар жүзеге асады? Оған кім жауапты?

Газа секторында екі жылға созылған қантөгістен кейін халықаралық қауымдастық жаңа кезеңге аяқ басуға тырысып-ақ жатыр. Осы тұста АҚШ Палестина аумағын «жасыл» және «қызыл» аймақтарға бөлу жөнінде ұсыныс жасағаны белгілі болды. The Guardian жариялаған бейресми жоспарға сәйкес «жасыл аймақта» қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асады және ол Израиль мен халықаралық күштердің бақылауында болады. Ал «қызыл аймақ» – толықтай қираған, қалпына келтіру мүмкін емес деп танылған жерлер. Дәл осы жағалау бойындағы қызыл аймақта 2 миллионнан астам адам амалсыз тұруға мәжбүр. 2023 жылы басталған соғыс салдарынан Газадағы инфрақұрылымның 80%-тен астамы бүлінген. Қолына қалам-дәптерін ұстап, мектепке баруы тиіс балалар екінші жыл қатарынан ас-сусыз, баспанасыз тас түнекте күн кешіп жатыр.

Мұхаммед Нассар, Газа Білім министрлігінің өкілі:

- Бұл соғыс өмірімізді тас-талқан етті. Білім саласы толық күйреді. Соғысқа дейін Газа секторында Білім министрлігіне, БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне және жеке мектептерге қарасты 596-дан астам мектеп болды. Қазір олардың барлығы қираған. Шамамен 21 мың студент қаза тапты, ондаған мыңы жараланды. Сондай-ақ тұтқындалған, жараланған және хабар-ошарсыз кеткендерді есептемегенде 800-ге жуық мұғалімнен айырылдық.

Қараша айының басында АҚШ жүздеген британ, француз және неміс әскери қызметкерлерін қоса алғанда Еуропа күштерін орналастыру жоспарын ұсынған. Жоспарда Германия, Нидерланд және Скандинавия елдерінен әскери-медициналық, логистикалық және барлау бөлімшелерін тарту көзделген. Газа халқының басым бөлігі ішетін су, киетін киім, жататын орынсыз далада тентіреп жүр. БҰҰ: «Израиль гуманитарлық көмекті әдейі шектеп отыр», – деп айыптайды. 1,5 миллион шприц, дәрі-дәрмек сақтайтын тоңазытқыш пен сәбилерге арналған бөтелкелер тамыз айынан бері кеден бекетінен әрі аспай тұр. Гуманитарлық көмекті үйлестіретін Израиль армиясының арнайы бөлімшесі тіпті шатырларға арналған тіректердің өзін «қосарлы мақсаттағы қажетсіз құрал» деген желеумен кіргізбей отыр.

Саид Салхи, Газа тұрғыны:

- Қайта қалпына келтіру жұмыстарына сенгіміз жоқ. Тұрып жатқан жеріміз қираудың аз-ақ алдында тұр. Қолда бардан шатыр жасап әлекпіз. Инженерлік комиссиялар келіп, бұл үйде тұруға болмайтынын, қауіпті екенін айтты. Бірақ біздің басқа таңдауымыз жоқ. Күні кеше жауын түсіп, айналаны су басты. Канализация жоқ. Енді қақаған қыста қайда барып жан сақтаймыз?

«Жасыл», «қызыл», «сары» деп аймақтарға бөлу жүйесі Ирак пен Ауғанстанда да қолданылған. Вашингтон бұл тәсіл өңірдің қалпына келіп, бейбіт өмірге енуіне көмектеседі деп сендіреді. Дегенмен Бағдад пен Кабулдағы жасыл аймақтар кейін бетон қабырғалармен қоршалған анклавтарға айналғаны белгілі. Ал Газаның болашағы әзірге бұлыңғыр болып тұр. Миллиондаған бейбіт тұрғын күн сайын таңын аман атырып, кешін сау батыру үшін күресіп келеді.

Нұрбике Жігер, 24 kz.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 08:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see99

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары