Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Орталық Азиядағы жасыл құрылыстың болашағы қандай?

Орталық Азиядағы жасыл құрылыстың болашағы қандай?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астанада еліміздің Жасыл құрылыс кеңесі (KazGBC) ұйымдастырған Green Build Central Asia 2025 форумы өтіп, аймақтағы жасыл құрылыс индустриясының даму бағытын айқындаған маңызды оқиға болды, деп жазады Egemen.kz.

Биылғы форум Кеңестің он жылдық қызметіне арналды. Іс-шараға жетекші құрылыс компаниялары, девелоперлер, сәулетшілер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары мен жоғары оқу орындары өкілдері қатысты. Жүзден астам кәсіби маман жиналған алаң өңірдегі жасыл құрылыс саласының әлеуетін талқылайтын ірі платформаға айналды.

KazGBC он жылда тұрақты құрылыс мәдениетін дамытуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Энергия тиімділігі, ресурстарды үнемдеу мен экологиялық талаптарды енгізу жөніндегі бастамалар саланың жаңа стандартын қалыптастыруға ықпал етті.

Отандық OMIR әдістемесі осы жұмыстың басты жемісінің бірі болып отыр. Қазір жалпы ауданы 5 млн шаршы метрге жуық 150-ден астам нысан OMIR сертификатын алған. Айта кетерлігі, әдістеме тек өзімізде ғана емес, өңір елдерінде де қолданылып, Әзербайжанның жасыл құрылыс стандартының негізі бола алды.

Жаңа технологиялар мен трендтер  

Форумда саланың өзекті бағыттары – инновациялық құрылыс материалдары, цифрландыру, жасыл жобаларды қаржыландыру механизмдері, жаңа буын мамандарын даярлау сияқты мәселелер талданды.

Спикерлер қатарында KazGBC өкілдері Данияр Азымханов, Айман Шопаева, Александр Белый, сондай-ақ Әзербайжан Жасыл құрылыс кеңесінің директоры Фуад Багиров пен құрылыс материалдарын сертификаттау жөніндегі сарапшы Виктория Глущенко болды. Іс-шараға Азия даму банкі, BI Group, Bazis A, Sat NS, Отбасы банк, Satbayev University және ЕҰУ сияқты ұйымдар қатысты.

 Игі іс-шараның маңызды сәттерінің бірі жасыл құрылыс саласындағы үздік жобалар мен компанияларды марапаттайтын Green Awards рәсімі болды. Марапат иегерлері қатарында Sat NS, OKS Group, Kanfar Building, АДБ, Нұр Астана құрылыс, Nest Stroy, Satbayev University, «Эргономика» ғылыми-өндірістік фирмасы және басқа ұйымдар бар.

KazGBC директоры Данияр Азымханов он жылдағы қиындықтар мен жетістіктерге тоқталып, «тұрақты әрі дамушы жүйе қалыптастыру – бүкіл команданың еңбегі» екенін айтты. Ал атқарушы директор Александр Белый «Қазақстан нарығы экологиялық трансформацияға дайын, жасыл құрылыс экономикалық өсімге де, бәсекеге қабілеттілікке де әсер ететін факторға айналды» деді.

Әзербайжан Жасыл құрылыс кеңесінің директоры Фуад Багиров Орталық Азия – Каспий – Кавказ аймағындағы серіктестік жасыл құрылыс бойынша бірлескен жобалар әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, KazGBC өңірдің жасыл құрылыс трендтерін қалыптастырып, көрші елдер үшін тәжірибе орталығына айналып отыр.

Қазақстан – өңірлік жасыл құрылыс орталығы

Green Build Central Asia 2025 форумы тәжірибе алмасудың, кәсіби байланыс пен бірлескен жобаларды бастауға арналған алаңның маңызын көрсетті. Практикалық шешімдердің таныстырылуы, OMIR әдістемесін жетілдіру бағыттарының белгіленуі мен үздік компанияларды марапаттау еліміздің жасыл құрылыс бойынша өңірлік көшбасшы ретінде орныға түскенін дәлелдейді.

KazGBC форумның қорытындысында «Он жылда тұрақты құрылыс идеяларын нарық дамуының бір бөлігіне айналдырдық. Бүгінде еліміз Орталық Азиядағы жасыл құрылыс көшбасшысы болуға толық мүмкіндігі бар», деген тұжырым айтылды.

Бұл форум тұрақты инфрақұрылым құруға бағытталған жаңа жобаларға жол ашып, елдің жасыл экономикаға көшуіндегі маңызды қадамдардың бірі болды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 21:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары