Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Жемісті жеті жыл

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Қоғам қауіпсіздігі қадағалана береді

Қоғам қауіпсіздігі қадағалана береді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Профилактикалық шаралардан бастап, заманауи цифрлық технологияларды енгізу, жастармен тәрбиелік жұмыс жүргізу, аудит арқылы мемлекеттік қаржыны бақылау – мұның барлығы өңірдегі қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды бөлігіне айналды.

Дрондар жолды бақылауда

«Заң және тәртіп» тұжырым­дамасын іске асыру аясында, қо­ғам­дық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңдылықты нығайту мақсатында Алматы облысының Патрульдік полиция батальоны­ның қызметкерлері өңір жолдар­ында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша профилакти­калық іс-шараларды жалғас­тыруда.

Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың алдын алу мен оларды тиімді анықтау мақсат­ында полиция қызметкерлері ұш­қышсыз әуе аппараттарын (дрон­дарды) белсенді түрде пай­да­ланып келеді. Атап айтқанда, олар апаттылық деңгейі жоғары жол учаскелерінде қолданылуда.

Заманауи технологияларды қолданудың нақты нәтижелері бар. Биыл жыл басынан бері дрондардың көмегімен 300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды.

Полицияның айтуынша, ұш­қыш­сыз аппараттар заңбұзушы­лықтарды жедел тіркеуге, жүр­гізу­шілердің тәртібін арттыруға және ең бастысы, жол-көлік оқиға­ларының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы ая­сында алдағы уақытта да жалғасын табады. Оның басты мақсаты – өңірдің әрбір елді мекенінде қау­іп­сіз әрі заңға бағынатын ортаны қалыптастыру. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, әрбір жүргізушінің жауап­кершілігі. Сондықтан полиция тұрғындарды жолда сақ болуға, талаптарды орындауға және қоғам қауіпсіздігіне үлес қосуға шақыр­ды. Осындай жүйелі шаралар арқылы өңірде жол-көлік оқиға­ларының санын азайтып, тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін жаңа сатыға көтеру көзделіп отыр.

Құқықтық тексеру нәтижесі жарияланды

Алматы облысы бойынша тек­серу комиссиясы биылғы жылдың 9 айындағы аудиторлық қызметі­нің негізгі қорытындысын жария­лады. Жиында облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қуаныш Есенаманов 9 ай ішінде мемлекеттік аудитпен 197 млрд 467,5 млн теңге қамтылғанын айт­ты. Онда жергілікті бюд­жет қаражаты – 197 млрд 246,4 млн теңге, республикалық бюджет қаражаты – 221,1 млн теңге.

– Қазақстан Республикасы заң­намасының нормаларын сақ­та­мау салдарынан жіберілген бұзу­шылықтар сомасы 23,9 млрд теңге болды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, бұзу­шы­лықтарды анықтау деңгейі екі есеге жуық артты. Аталған қаржы іш­інде қаржылық бұзушылықтар 9 млрд 152 млн теңге, тиімсіз пай­да­ланылған бюджет қаражаты 399,2 млн теңге, тиімсіз жоспар­ланған бюджет қаражаты 14 млрд 372,9 млн теңге, – деді Қуаныш Есенаманов.

Сонымен қатар ол мемлекеттік аудит объектілеріне орындау үшін міндетті 55 тапсырма және 8 ұсы­ныс жіберілгенін атап өтті.

– Аудит жүргізу барысында жі­берілген бұзушылықтар бойын­ша 54 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке және 155 лауа­зым­ды тұлға әкімшілік жауап­кершілікке тартылды, бюджетке жалпы сомасы 16,8 млн теңге айыппұл түсті, – деді ол.

Облыс бойынша тексеру ко­мис­сиясының мүшесі мемлекеттік аудит нәтижесінде процестік шешім қабылдау мақсатында 1 материал құқық қорғау орган­дарына және 2 материал прокура­тураға жолданғанын айтты.

– Сондай-ақ бұрын берілген аудит материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 23 шілдедегі сот үкімі негізінде 4 адам кінәлі деп таныл­ып, әртүрлі мерзімге бас бостан­ды­ғ­ынан айырылды. Бұл – был­тыр Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасында анықталған бұзушылықтар бо­йын­ша шешім, – деді Қуаныш Есенаманов. 

Жалпы, жарияланған қоры­тынды Алматы облысында заң­дылықты нығайтуға, мемлекеттік қаржының дұрыс пайдалануына бақылауды күшейтуге арналған жұмыстардың қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын көрсетті.

Жол-көлік оқиғасын азайту талқыланды

Алматы облысында жыл басы­нан бері жол-көлік оқиғаларының саны артқан. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаң­ында өткен брифинг бары­сында Алматы облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орын­ба­сары, полиция подполковнигі Ер­кебұлан Ахметов мәлімдеді.

Биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша, Алматы облысында 3 020 жол-көлік оқи­ғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш – былтырғы жылдың сәйкес кезеңі­мен салыстырғанда, 22,3 пайызға жоғары. Апаттардың салдарынан 304 адам көз жұмып, 4 539 тұрғын әртүрлі дәрежедегі жарақат алған. Ал былтыр бұл сан сәйкес кезеңде 296 адам қайтыс болып, 3 392 адам дене жарақатын алған болатын. Еркебұлан Ахметовтің айтуынша, жол апаттарының негізгі себеп­терінің бірі – жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін сақтамауы. Осы олқылықтың алдын алу мақ­сатында жыл басынан бері облыс аумағында 16 жедел про­филак­ти­калық іс-шара ұйымдастырылған. Олардың қатарында «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Автобус», «Абайлаңыз, балалар!» сынды акциялар бар. 

– Жол апаты себептерінің бірі – облыс аумағындағы жолдар­дың жағдайы. Қолданыстағы бар­лық жолға 1 423 тексеру жүр­гізілді, кемшіліктерді жою туралы жол жөндеу мекемелеріне ұйғар­ымдар жіберілді. Тексеру нәтиже­сінде 1 682 дана жол белгісі, 6 бағ­даршам объектісі, 51 жол ке­дер­гісі, 1 200 м тротуар орнатылып, 93 жаяу жүргінші өткелі жарықтан­дырылды. 8 308 м2 жол таңбалары сызылды, – деді Еркебұлан Ахмедов.

Полиция департаментінің өкі­лі жол қозғалысын реттеу және жол апаттарының алдын алу мақ­сатында 16 жедел алдын алу іс-шаралары өткізілгенін атап өтті. Бұл жұмыстар аясында жол ере­жесін бұзу деректері анықталды: мас күйінде көлік жүргізу (608-бап) бойынша – 811; қарсы бағыт­қа шығу (596-бап, 3-тармағы) бойынша – 1 299; жаяу жүргіншіге басымдық бермеу (600-бап) бо­йынша – 3 292; жаяу жүргіншілер­мен жол ережелерін бұзу (615-бап) бойынша – 22 183.

Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде заманауи цифрлық бақылау жүйе­лерінің де үлесі зор. Ерке­бұлан Ахметовтің мәліметінше, бүгінде облыс аумағындағы жолдарда 325 автоматтандырылған бақылау кешені жұмыс істейді. Аталған жүй­е­лердің көмегімен жыл басы­нан бері 563 мыңнан астам құқық­бұзушылық тіркеліп, нәтижесінде 7 миллиард 888 миллион теңге көл­емінде айыппұл салынған. Мұндай технологиялар жолдағы тәртіпті күшейтіп, жүргізуші­лердің жауапкершілігін арттыруға мүм­кін­дік беріп отыр.

Бұдан бөлек, патрульдік поли­ция қызметкерлері жол қозғалы­сын бақылау мақсатында 21 жылжымалы бақылау кешенін пайдаланып келеді. Оның ішінде, 11 кешен жасырын режимде жұ­мыс істеп, ереже бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейді. Сондай-ақ, қарсы бағытқа шығу сияқты өрескел бұзушылықтарды анық­тауға мүмкіндік беретін заманауи дрон құрылғылары да іске қосыл­ған. 

Сондай-ақ, Әкімшілік поли­ция басқарма бастығының орын­басары автокөлік жолдары мен жол құрылғыларын күтіп ұстау талап­тарын орындамағаны үшін жол мекемелерінен 350 жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Оларға 22 млн теңге айыппұл салынған.

«Заң мен тәртіп» атты фотокөрме өтті

Алматы облысында полиция қызметкерлері жас ұрпақтың заңға, құқықтық тәртіпке және полицей мамандығына деген құрметін қалыптастыру мақса­тында «Заң мен тәртіп» атты фото­көрме ұйымдастырды. Көр­меге «Жас сақшы» әскери-пат­риот­тық сыныптарының оқушы­лары шақырылды. Оқушыларға экс­курсия ұйымдастырылып, Қа­зақстан Республикасының қалыптасу кезеңдері мен ішкі іс­тер органдарының даму тарихын бей­нелейтін ерекше архивтік фото­суреттер көрсетілді. Соны­мен қатар көрме барысында қа­зіргі кезеңдегі полиция қызметі­нің негізгі бағыттарына және ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтама­сыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіндегі еңбегіне ерекше назар аударылды.

Экспозиция бірнеше тақы­рып­тық бөлімге бөлінген, әр бөлім еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бүгінге дейінгі тарихи кезеңдерді қамтиды.

Ұйымдастырушылардың айту­ынша, осындай көрмелерді облы­с­тың басқа да аудандарында өт­кізу жоспарлануда. Бұл бастама жастардың қазақстандық полиция тарихымен және дәстүрлерімен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді. «Заң мен тәртіп» фото­көр­месі мәдени шара ғана емес, соны­мен бірге патриотизм мен полиция мамандығына деген құр­метті нығайтуға бағытталған тәрбиелік жұмыстың маңызды бөл­ігі болды. Бұл фотокөрме – жастарды құқық қорғау сала­сының мәні мен жауапкершілігіне жақындатудың тиімді жолы. Мұндай іс-шаралар жас буынның кәсіби бағдарын кеңейтіп, қоғам­дағы тәртіп пен қауіпсіздіктің маңызын терең түсінуге ықпал етеді.

Облыста қауіпсіз орта қа­лып­тастыру ісі жаңа мазмұн­мен жалғасып келеді. Соңғы айларда өңірде жол мәдениетін реттеу, жастар арасында жауапты мінез-құлық қалып­тас­тыру және мемлекеттік құры­л­ымдардың жұмысына деген сен­імді арттыру бағытында нақ­ты қадамдар жасалды. Қо­ғамдық қауіпсіздіктің әр саласын қамтитын бұл бастамалар өңірдің басқару жүйе­сін­де алдын алу мәдениетінің күшейге­нін көрсетеді.

Сымбат БЕГІМБАЙ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 05:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see122

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see121

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see119

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see118

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see116

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see115

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see115

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see115

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see115

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see115

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see113

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see113

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see112

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see111

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see111

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see111

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see108

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары