Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қойнауына қазына бүккен аймақ көп: Отандық геологияда жаңа кезең бастала ма?

Қойнауына қазына бүккен аймақ көп: Отандық геологияда жаңа кезең бастала ма?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Елдегі геологиялық карталардың дәлдігі уақыт талабынан қалып қойды. Пайдалы қазбаларға бай өңірлерде жаңа деректерге қажеттілік өсті. Ұлттық геологиялық қызметтің басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев бізге берген сұхбатында карталардың ескіру себептерін, жаңарту жолдарын және цифрлық трансформация қалай іске асатынын кеңінен түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.

– Еліміздегі геологиялық карталардың қазіргі жағдайы қандай?

– Қазіргі карталардың көпшілігі ескі. Әсіресе Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл және Түркістан өңірлерінде, сонымен бірге Орталық пен Оңтүстік аймақтардағы кейбір аудандарда жағдай күрделі. Бұл жерлерде 1960 жылдар мен 1980 жылдары жасалған түсірілімдер әлі күнге дейін қолданылып келеді. Сол себепті, деректердің дәлдігі төмен. Сирек элементтер мен критикалық металдар, тереңдегі көмірсутек құрылымдары, гидрогеологиялық және инженерлік зерттеулер бойынша мәлімет жетіспейді.Бұған бірнеше фактор әсер етті. 1990 жылдардан кейін геологиялық зерттеулердің қарқыны бәсеңдеді. Архивтегі материалдар толық цифрланған жоқ. Заманауи әдістер пайдаланыла қойған жоқ, мысалы үш өлшемді сейсмикалық зерттеу, аэрогеофизикалық түсірілім, спутниктік спектроскопия сияқты құралдар кең қолданысқа енбеді. Сонымен бірге, қаржылық және құқықтық шектеулер болды. Мемлекеттік бағдарламалар толық көлемді картографияны қамтыған жоқ. Әр ведомство деректерді өзінде сақтап, бір орталыққа біріктірілмеді.

– Қай өңірлерді жуық арада жаңарту қажет?

– Орталық Қазақстанда, яғни, Қарағанды және Ұлытау аймақтарында темір, марганец, хром, алтын және сирек металдар көп шоғырланған. Сол жерде толық жаңарту қажет. Батыс аймақтарда көмірсутек қоры бойынша зерттеулерді өзектендіру керек. Оңтүстік өңірлер, яғни, Жамбыл мен Түркістан облыстары фосфорит, барит және уран бойынша терең зерттеуді талап етеді. Шығыс Қазақстанда сирек және түсті металдарға қатысты ақпаратты жаңарту қажет.

– Кез келген мемлекеттің ұлттық геологиялық қызметінде стратегиялық бағыт болады. Бізде 3 бағыт бар дейді. 

– Біз негізгі үш бағытты анықтап отырмыз. Біріншісі – геологиялық ақпаратты толық жинау. Екіншісі – деректерді сақтау және оларды ұдайы жаңарту. Үшіншісі – барлық ақпаратты цифрлық форматқа көшіру. Біз деректерді машина оқи алатын түрде құрылымдап, бірыңғай базаға енгіземіз. Жер қойнауын пайдалануға арналған бірыңғай платформаны жетілдіреміз. Геологиялық үдерістерді бақылау жүйесі де дамиды.Кейінгі 80 жылда 5 миллионнан астам бастапқы материал жиналды. Қазіргі кезде оның 3 миллион 800 мың данасы цифрланған. Бұл – жалпы көлемнің 83 пайызы. 2025 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 97,5 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр. 2026 жылдың соңында архив толық цифрланады.

– Жасанды интеллект пен үлкен деректер базасы қалай қолданылады?

– Біз әртүрлі тарихи материалдарды тану үшін мәтінді автоматты оқыту және машиналық көру технологияларын қолданамыз. Деректерді өңдеу бірнеше кезеңмен жүреді. 2026 жылға дейін бүкіл архивтің 10 пайызы, 2027 жылға дейін 50 пайызы, 2028 жылға дейін 100 пайызы цифрланып бітеді. Осы деректер негізінде үлкен мәліметтер базасы жасалады. Геологтардың жасанды интеллект пен мәлімет талдау технологияларын меңгеру мүмкіндігі артады. Келешекте геологиялық ақпаратты іздеу және түсіндіру үшін арнайы ақылды көмекші әзірленеді.Бірыңғай мемлекеттік кадастр мен цифрлық карта да жандана түседі. Кадастрда 3 блок болады. Біріншісі – барлық пайдалы қазбалар бойынша мемлекеттік есеп. Екіншісі – техногендік минералдық түзілімдер. Үшіншісі – келісімшарттарға қатысты мәлімет. Жоба 2026 жылы іске қосылады. Қазір бірыңғай платформада интерактивті карта бар. Ол мәліметтердің өзара сәйкестігін, дұрыстығын және қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

– Ескі карталардың қандай қаупі бар?

– Экономикалық тұрғыдан қарасақ инвестиция тиімсіз жұмсалады. Барлау жұмыстары қымбатқа түседі. Мемлекет кірісі азаяды. Экология жағынан жер қойнауын дұрыс бағаламау экожүйеге зиян келтіруі мүмкін. Жер асты суларына қауіп туады. Әлеуметтік тұрғыдан жергілікті халық сенбейді, жобалардың сәтсіздігі наразылыққа себеп болады. Кейбір мемлекеттік органдар ақпаратты толық бермей отыр. Бұл инвестициялық тартымдылықты төмендетеді.

– Жаңарту қалай жүзеге асады?

– Біз спутниктік бақылау, үш және төрт өлшемді сейсмикалық зерттеу, жаңа геохимиялық зертханалар және бірыңғай цифрлық платформа қолданамыз. Бұл барлық мәліметті бір жерге жинап, перспективалы аймақтарды болжауға көмектеседі. 2026 жылы жаңа зертханалық кешен салынады. Ол мемлекеттік бағдарламаларды қолдап, жеке компанияларға да қызмет көрсетеді. Бұл саланың ашықтығын арттырады. Жаңарту екі кезеңмен жүреді. 2026 жылы цифрлық стандарттар дайындалады. Арнайы эталон базасы құрылады. 2027 жылдан 2030 жылға дейін пилоттық аймақтардан бастап бүкіл ел бойынша карталар жаңартылады.

– Рақмет!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 21:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары