Қолайсыз ауа райына байланысты жол сақшылары қауіпсіздік шараларын күшейтті
Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Атырау облысында қыс мезгіліндегі қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігі күшейтілді. Қар аралас жаңбыр мен көктайғақ, сондай-ақ қалың тұман жүргізушілер үшін қозғалысты қиындатып, жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырды.
Осыған орай республикалық маңызы бар Ақтөбе–Атырау–Астрахань тас жолында барлық көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, көктайғақ пен тұман салдарынан қозғалысы қиындаған автокөліктерді сүйемелдеп, жүргізушілерге қауіпсіз бағыт-бағдар беруде. Сонымен қатар, ескерту және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді ауа райының күрт өзгеруіне байланысты алдын ала жолданатын 112 арнасының хабарламаларына назар аударуға, жолда барынша мұқият болуға және қауіпсіздікті бірінші орынға қоюға шақырады.
Бүгін, 10:53
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:65
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 10:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















