Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Қолжетімді баспананы қандай ипотекамен алуға болады

Қолжетімді баспананы қандай ипотекамен алуға болады

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қазақстанда жеңілдетілген ипотеканы бірнеше бағдарламамен алуға болады. Бүгінде ең тиімді шарттарды Отбасы банкі ұсынады. Дегенмен басқа банктерден де қолжетімді баспананы рәсімдеуге мүмкіндік бар. Sputnik Қазақстан арзан ипотекаға қатысты ұсыныстарды зерделеп шықты.

2 проценттік ипотека кімге беріледі

Бұл ипотеканы баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтар ғана рәсімдей алады. Олар:

ардагерлер, оларға теңестірілген азаматтар және басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер;

жетім балалар;

Алтын алқа және Күміс алқа иегерлері;

мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

І және ІІ топ мүгедектігі бар адамдар;

жесір әйелдер (тұл ер адамдар).

Ипотека 20 жылға беріледі. Бірақ 10 процент көлемінде алғашқы жарна салу керек. Ал отбасының орташа табысы әрбір мүшесіне шаққанда соңғы 6 айда 5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2026 жылда - 254 255 теңге) аспауға тиіс.

5 процентпен қалай алуға болады

Әлеуметтік осал топқа кірмейтін және баспана кезегінде тұрған басқа азаматтар осы ипотеканы рәсімдей алады. Дегенмен, тұрғын үйдің 70 проценті алдымен осал топтар арасында таратылады, қалғанын рәсімдеп алуға мүмкіндік бар.

Отбасы банкі арқылы тура сондай шарттармен 7 проценттік ипотека да беріледі. Екі бағдарлама да 20 жылға есептелген, алғашқы жарна – 10 процент.

Бүгінде баспана кезегінде тұру үшін әлеуметтік осал топқа кіру міндет емес. Кезекке тұрғызу талаптары:

соңғы 5 жыл ішінде республика аумағында тұрғын үйдің болмауы;

жалғыз тұрғын үйдің апатты деп танылуы;

Астана, Алматы, Шымкент қалалары үшін соңғы 3 жыл тұрақты тіркеуде болу қажет.

Айта кетері, бүгінде баспана кезегінде тұрғандардың саны 900 мың адамға жақындады. https://sputnik.kz/20261104/baspana-kezeginde-turgandardyn-sany-900-myn-adamga-zhaqyndady-68216690.html

Лимитпен берілетін ипотека

Отбасы банкінде лимитпен берілетін ипотекалар бар. Мәселен, жақында әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекалық бағдарламасына екінші траншпен 20 млрд теңге бөлінген болатын. Оны бір күннің ішінде 850 адамға таратып берген. https://sputnik.kz/20261103/umay-bagdarlamasy-otbasy-bank-850-otinim-qabyldady-68199165.html

Бағдарлама шарттары:

пайыздық мөлшерлеме – 14,4% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15,4%-дан 16,4%-ға дейін);

кредит сомасының 50%-ы жиналғаннан кейін мөлшерлеме 3,5–5%-ға дейін төмендейді (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 3,6%-дан бастап);

бастапқы жарна – 15-20%;

кредит сомасы – 50 млн теңгеге дейін;

кредит мерзімі – 6 айдан 10 жылға дейін.

Баспана бастапқы немесе қайталама нарықтан сатып алуға болады. Сонымен қатар бағдарлама аясында тұрғын үйді жөндеуге кредит алуға мүмкіндік бар. Жөндеуге берілетін қарыздың ең жоғары сомасы 15 млн теңгеден аспайды.

Сол сияқты "Наурыз-Жұмыскер" бағдарламасымен ипотека лимитпен рәсімделеді.

"Наурыз" ипотекасы

Бағдарлама аясында тұрғын үйді алғашқы нарықтан, ал моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде екінші нарықтан сатып алуға болады. Зайымның ең жоғарғы мөлшері Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін, қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.

Ипотека шарттары:

алғашқы жарна - 20%;

тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме - 7%;

азаматтардың барлық санаты үшін несие бойынша мөлшерлеме - 9%;

несие мерзімі - 19 жылға дейін.

"7-20-25" бар ма

Бүгінде банктер ұсынатын ипотекаға тікелей құрылыс компанияларынан және қолданыстағы тұрғын үйлерден баспана сатып алуға болады. Ал ондай ипотеканың жылдық сыйақы мөлшерлемесі 20 проценттен асады.

Бірақ екінші деңгейлі банктер арқылы "7-20-25" ипотекасын рәсімдеуге мүмкіндік бар.

Бағдарлама талаптары:

өтінім берген адамның басқа баспанасы болмауы керек;

ипотека тек жаңадан салынған үйлерге беріледі, құжаты да болуы шарт;

баспананың бағасы шекті сомадан аспауға тиіс (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау мен Шымкентте – 30 миллион теңге, Қарағанды мен Түркістанда – 25 миллион, басқа аймақтарда 20 миллион теңге);

7 проценттік ипотеканы бір рет қана алуға болады.

Бұл бағдарлама бойынша келесі жылдың лимиті өзгерген жоқ. Бір жылға – 100 млрд теңге. Оны тоқсан сайын 25 млрд теңгеден банктер арқылы таратып отырады.

Бағдарламаға қатысатын банктер:

ЦентрКредит банкі;

Freedom Bank;

Halyk;

RBC Bank;

Altyn bank;

ForteBank;

Еуразиялық банк.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:62
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2026 13:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see138

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see133

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see131

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see131

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see131

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see129

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see127

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see122

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see121

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see120

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see120

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see118

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see117

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see116

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see114

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see114

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see114

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары