Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Қонаев қаласына 300 ден астап шетелдік инвестор мен бизнес өкілдері жиналды

Қонаев қаласына 300 ден астап шетелдік инвестор мен бизнес өкілдері жиналды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алматы облысында халықаралық Alatau Investment Forum 2025 өтті. Форумға көрші мемлекеттерден 300-ден астам инвестор мен бизнес өкілі қатысып, нәтижесінде жалпы құны 776 млрд теңгеден асатын 16 меморандумға қол қойылды. Бұл өңірдің Қазақстандағы жетекші инвестициялық орталықтардың бірі екенін тағы дәлелдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жиында облыстың бос өндірістік аймақтары, индустриалды зоналары, логистикалық хабтары және ірі жобаларды қабылдауға дайын инфрақұрылымдық мүмкіндіктері таныстырылды. Қатысушыларға өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу және туризм бағыттары бойынша ұсыныстар жасалды.

Форумды ашқан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде инвесторларға қолайлы жаңа экономикалық кезең басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, облыстың ашықтығы мен инвестиция тартуға дайын болуы — нақты қолдаумен бекітілген стратегиялық бағыт. Әкім өңірдің қарқынды дамып жатқанын, заманауи инфрақұрылым, 7 жұмыс істеп тұрған және 9 құрылу кезеңіндегі индустриалды аймақ, логистикалық парктер, ГЧП тетіктері және «Бір терезе» форматындағы цифрлық сервистер іске қосылғанын айтты.

«Бүгінде инвесторлардың сенімі нақты сандармен көрініс табуда. Біз жалпы құны 6,2 трлн теңгені құрайтын 216 жобаны бақылауда ұстап отырмыз. Олардың жүзеге асуы 80 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 72 жоба шетелдік капиталдың қатысуымен іске асуда, құны — 3,9 трлн теңге. Бұл — халықаралық компаниялардың облысты ұзақ мерзімді даму алаңы ретінде таңдауының айқын дәлелі», деді Марат Сұлтанғазиев.

Форум қорытындысында жалпы құны 776 млрд теңгеден асатын 16 меморандумға қол қойылды. Құжаттар өнеркәсіп, агросектор, логистика, энергетика және туризм бағыттарын қамтиды. Келісімдер аясында халықаралық құрылыс компаниясының жобасы, LED-экрандар өндірісі, трактор шығаратын зауыт, ірі индустриалды-логистикалық кешен және заманауи көтерме-тарату орталығы іске асырылмақ.

Бұл келісімдер өңір экономикасын жаңғыртатын нақты инвестициялық шешімдер болып саналады. Жаңа өндірістер ашылып, қайта өңдеу саласы күшейеді, ауыл шаруашылығы жаңарып, туризм инфрақұрылымы дамиды, энергетикалық жобаларға серпін беріледі.

Форумға Қытай Халық Республикасының Циндао қаласы әкімінің орынбасары Гао Цзянь, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық корпорациялар мен ірі инвесторлар қатысты. Гао Цзянь Алматы облысымен әріптестікті кеңейтуге үлкен мүмкіндік барын айтып, Циндаоның Қытайдағы ірі порттық, өндірістік және логистикалық орталықтардың бірі екенін еске салды. Оның айтуынша, екі өңірдің артықшылықтары бірін-бірі толықтырып, автомобиль жасау, жоғары технологиялық жабдық, жасыл энергетика, биомедицина, сауда және логистика салаларында бірлескен жобаларға жол ашады.

«Алматы облысымен ынтымақтастық бірнеше перспективалы бағытты қамтиды. Біз бірге жаңа өндірістер ашып, заманауи технологиялар енгізіп, көлік дәліздерінің тиімділігін арттыра аламыз», деді ол.

Соңғы жылдары Алматы облысы инвестициялық өсімді тұрақты көрсетіп келеді: 2022 жылы — 614 млрд теңге, 2024 жылы — 1 трлн теңгеден жоғары, ал 2025 жылдың 10 айында 834 млрд теңге игеріліп, физикалық көлем индексі 116% болды. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 1,3 трлн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Өңірде соңғы жылдары бірнеше ірі нысан іске қосылды. Атап айтсақ, «Focus Logistics» логистикалық паркі, «Алтын Таға» бетон зауыты, «LC Waikiki» көтерме орталығы, «КегенМясПром» ет комбинаты, «Шин-Лайн» балмұздақ фабрикасы және кеңейтілген «Қапшағай Бидай Өнімдері» агрокомплексі. Жыл соңына дейін «MP Solution», «Kusto Logistics», «Еуразиялық логистикалық парк», «Imagine Apple Logistics» сияқты А класындағы жаңа логистикалық кешендер пайдалануға беріледі. Соның арқасында өңірдің заманауи логистикалық қуаты 16 есеге өсіп, 7 мыңнан 111 мың шаршы метрге дейін ұлғайды.

Тамақ өнеркәсібінде экспортқа бағытталған өндірістер де күшеюде: «Galanz Bottlers», «QAZAQ GLOBAL FOOD» және «Прима Құс» соның дәлелі. Барлық іске асып жатқан жобалар мен форум аясында жасалған келісімдер Алматы облысының инвестициялық картасын жаңа деңгейге шығарып, өңірді ел экономикасының негізгі драйверлерінің біріне айналдырып отыр.

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 02:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары