Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қонаевта Хан Тәңірі , Самғау , Заңғар сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды

Қонаевта Хан Тәңірі , Самғау , Заңғар сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қонаев қаласының мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға жыл бойы табанды еңбек еткен, толағай табысқа жеткен үздік спортшылар, қаламы жүрдек журналистер және өз саласының көшбасшысы атанған жалынды жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олардың бірқатары Алматы облысының әкімі тағайындаған «Хан Тәңірі», «Самғау» және «Заңғар» сыйлығының жеңімпаздары атанып, мерейлері үстем болды.

Марапаттау рәсімінде облыс тұрғындарының кәсіби жетістіктері, әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесі және адам капиталының өсуіне ықпал еткен еңбектері ерекше аталды.

«Бүгін осы залда облысымыздың дамуына үлес қосып жүрген әртүрлі саланың адамдары жиналды. Спортшылар жеңістері арқылы облыстың беделін арттырады, журналистер қоғам мен билік арасындағы ашық әрі адал диалогты қамтамасыз етеді, ал жастар жаңа бастамалар мен шешімдерді ұсынуға талпынады. Сондықтан «Хан Тәңірі», «Самғау» және «Заңғар» сыйлығы – кәсібилік пен табандылыққа берілген құрметтің белгісі. Аталған салаларда еңбек етіп, тер төгіп жүрген азаматтардың әрқайсысының еңбегін бағалаймыз және алдағы уақытта да қолдау көрсетеміз», деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Спорт саласында «Хан Тәңірі» премиясы дәстүрлі түрде жоғары жетістіктер мен спортшыларға қолдау көрсеткен бапкерлер мен мамандардың еңбегін мойындау әрі қолдау ретінде табысталады. Жыл қорытындысында 152 спортшы қаржылай сыйлықпен марапатталды.

«Дене шынықтыру және спорт саласы мемлекеттік саясаттың тұрақты назарында. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмалары аясында өңірде жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға да, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге де жүйелі жағдай жасалуда. Осы жыл Алматы облысының тарихына ірі халықаралық жеңістер, ауқымды жобалар мен спорт саласының жүйелі нығаю кезеңі ретінде нық енді. Өңір спортшылары әлем чемпионаттарында, сурдолимпиада ойындарында және беделді халықаралық турнирлерде жоғары нәтиже көрсетіп, дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді», деді облыс әкімі.

Жыл басынан бері Алматы облысының спортшылары 2140 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 778 алтын, 628 күміс және 734 қола медаль бар.

Салтанатты шара барысында бокс бойынша әлем чемпионатының жүлдегері Ертуған Зейнулинов өзінің қуанышымен бөлісті.

«Боксқа 15 жылымды арнадым. Бұл тек бастамасы ғана. Алдағы уақытта да жоғары нәтижелерге жетіп, алтын медаль жеңіп алуды жоспарлап отырмын. Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлына қолдауы үшін алғыс айтамын», деді ол.

Бұл күні «жегені жантақ, арқалағаны алтын» дейтін журналистер қауымына да ерекше көңіл бөлінді. Үш жылдан соң үзілген жібі қайта жалғанып, сала мамандарына үкілі үміт сыйлаған облыс әкімінің «Самғау» медиа-сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Аймақтағы БАҚ рөлін қолдаудың маңызды белгісі болған бұл бәйгеге баспа, электронды БАҚ, телеарна, цифрлық платформалар мен блогерлер қатысты.

Лауреаттар қатарында «Өлке тынысы» ЖШС-не қарасты Алматы облыстық «Алатау арайы», «Огни Алатау» газеттерінің қызметкерлері бар. Атап айтсақ, қос басылымның қаламы жүйрік, ойы ұшқыр журналистері Болат Мәжит, Жанар Мықтыбаева «Жылдың үздік журналисі» атанды.

«Бұл марапат – команда еңбегінің нәтижесі. Әр материалдың артында әріптестердің қолдауы бар. «Огни Алатау» газеті маған оқырман алдындағы зор жауапкершілік пен журналистиканың мықты мектебін қалыптастыруға ықпал етті», дейді медиа-сыйлықтың иегері, әріптесіміз Жанар Мықтыбаева.

Сондай-ақ медиа-сыйлық иегерлері қатарында «Өлке тынысы» ЖШС-нің директоры Кәдірбек Құныпияұлы, «Хабар-24» телевизиясының меншікті тілшісі Ардақ Қысаев, «Казахстанская правда» газетінің осы өңірдегі меншікті тілшісі Әсет Қалымов, «Үздік фототілші» атанған Аслан Қажеке, «Үздік дизайнер» номинациясының иегері Адина Байбак, басқа да жүйрік журналистермен қатар, Alatau News сайты және «Жетісу» телеарнасы да бар.

Ал жастарға арналған «Заңғар» премиясы 14-тен 35 жасқа дейінгі белсенді азаматтарды қолдауға бағытталған. Жеңімпаздарға дипломдар мен 500 000 теңгелік сертификаттар табыс етілді. «Үздік жас журналист» атанған Alataunews.kz агенттігінің тілшісі Балнұр Асанова бұл марапат облыс әкімі жүргізіп отырған жастарды қолдау және кәсіби әлеуетін дамыту саясатының жемісі екенін тілге тиек етті.

Өңірдегі талантты спортшылар, қарымды журналистер мен жас көшбасшылардың еңбегін бағалауда ерекше форматта өткен салтанатты шара соңы әуезді әнге ұласып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Соңғы жаңалықтар

21 жасқа толмаған 19 мың адам микронесиесін төлей алмай жүр

Қаржы • Бүгін, 17:50

Камбоджа мен Таиланд атысты дереу тоқтатуға келісті

Әлем • Бүгін, 17:22

Павлодарда жол-көлік апатынан екі жүргізуші қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 17:03

Қонаевта «Хан Тәңірі», «Самғау», «Заңғар» сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды

Аймақтар • Бүгін, 16:42

Қазақстанның екі облысында жол жабылды

Ауа райы • Бүгін, 16:33

«Анна Каренина» хореодрама тілінде сахналанады

Мәдениет • Бүгін, 16:18

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жоспары бекітілді 

Есірткі • Бүгін, 15:51

Астанада әлеуметтік саланы кешенді дамытудың басымдықтары талқыланды

Үкімет • Бүгін, 15:39

Жапониядағы жаппай жол апаты: 56 көлік соқтығысып, өрт шықты

Әлем • Бүгін, 15:18

Астанада сауда орталықтарынан парфюмерия ұрлап келген күдікті ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 14:59

Малайзиядағы ең ірі жемқорлық жанжалы: экс-премьер 15 жылға сотталды

Әлем • Бүгін, 14:43

Атырау облысында сталкинг бабы бойынша алғашқы үкім шықты

Заң • Бүгін, 14:30

Бадминтоншы Дмитрий Панарин Даккада дара шықты

Спорт • Бүгін, 14:09

Қарағанды облысында жолда қалып қойған 32 жолаушы құтқарылды

Төтенше жағдай • Бүгін, 13:53

Елена Рыбакина Швентектен ұтылды

Спорт • Бүгін, 13:30

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 19:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары