Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Жемісті жеті жыл

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Қос ішектің қоңыр үнімен ғұмыр кешкен Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл

Қос ішектің қоңыр үнімен ғұмыр кешкен Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Таңдайдан басталған тағдыр 

Көрнекті күйші 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Таңдай ауылында дүниеге келген. Өнер қонған әулеттен шыққан ол жастайынан домбыраға жақын болып өсті. Алғашында басқа мамандықты таңдағанымен, жүрек қалауынан аттай алмаған Қаршыға Ахмедияров 1965 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дайындық курсына түсіп, өнер жолына түбегейлі бет бұрды.

Күй шебері Қаршыға Ахмедияров 1972 жылы өнер ордасындағы оқуын аяқтаған. 1967-1994 жылдарда Қазақтың халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейін­нен концертмейстр, жеке домбырашы және дирижер қызметін атқарды. 1977 жылдан бастап Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында педа­го­гикалық қызметпен де айналысты. 1986-1988 жылдарда Мәскеу қаласында Н.Осипов атындағы академиялық оркестрдің стажер-дирижері болды. 1994 жылдан профессор, кейін домбыра кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Қаршыға Ахмедияровтың «Махамбет. Шашақты найза, шалқар күн», «Махамбет күйлері», «Құрманғазы. Сарыарқа», «Дәулеткерей. Жігер», «Төремұрат», «Дина. Әсем қоңыр», «Күйші Қали» атты күйлер жинағы елден жоғары бағасын алды. 1998 жылы күйші Меңдігерей Әшеновтың көп жылдар бойы жасырулы болған «Алаш аманаты» күйін нотаға түсіріп, жарыққа шығаруы да үлкен жетістік.

«Нар баласын қарпып сүйер»

Шығармашылығы қазақтың алтын мұрасы боп есептелетін Қаршыға Ахмедияровтың өнерде өнегесін айтып, білгенін үйреткен шәкірті көп. Солардың бірі, күйші, ҚР Мәдениет қайраткері, профессор — Сәлімгерей Садықов. Ол ұстазымен алғаш рет 1996 жылы танысқан. Қаршыға Ахмедияров шығармашылықта шыңдалуына көмектесіп, 2 жыл оған ғылыми жетекші болған.

— Талапшыл тұлға болды. «Нар баласын қарпып сүйер» деп жиі айтатын. Өзі биік орындаушы болғандықтан, шәкірттерінің мықты болғанын қалап, қатал болды. Алға қойғаң мақсатына жетпей тыным таппайтын еді. Өнінде де, түсінде де күймен өмір сүрген адам. Демалып жатқанның өзінде де қасында домбырасы тұрады, — деді Сәлімгерей Садықов.

Шәкірті Сәлімгерей Садықов Қаршыға Ахмедияровтың күйлері әр емтихан мен іс-шараларды үнемі ойналатынын айтады. Күйшінің туындылары — өте күрделі. Дегенмен қызығушылығы басым жастар шеберлікті талап ететін шығармаларын меңгеріп жатыр.

«Қаршыға мектебі» — күй өнеріндегі жаңа белес

Қазақтың күй өнерінде мектеп қалыптастыру — қиынның қиыны. Орындаушылықтың 10 дәстүрлі мектебі бар. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Қазанғап, Маңғыстау, Сыр бойы, Арқа, Қаратау, Жетісу, Алтай-Тарбағатай. 11 мектеп болып Мағауия Хамзинның мектебі қосылған.

— 12 мектеп — Қаршыға мектебі. Зерттеушілер де, ғалымдар да мұнымен келіседі. Айтып та жүр. Қаршыға ағамыздың мектебінің өзіндік формасы бар. Мектептің ерекшелігі күйдің құрылымына байланысты. Бізде төкпе күйде екі форма қалыптасқан: буындық және төкпе күйде екі форма қалыптасқан: буындық және транспозициялық. Құрманғазы атамыз екі форманы араластырып, үшінші форма ойлап тапты. Қаршыға атамыз да шертпеден төкпеге шығып кетеді. Бір күйде екі бағытты қамтиды. Мұндай қазақта бұрын болмаған. Оның саусақ басу тәртібі бөлек. Бір сөзбен айтқанда, ешкім жасамаған шеберлікті жасап, үлкен мектеп қалыптастырды, -деп пікір білдірді Сәлімгерей Садықов.

Дәулескер күйі шертпені де, төкпені де академиялық деңгейде орындаған. Дәстүрлі бағытты да, кәсіби бағытты да тамаша меңгерген.

— Дыбыстың таза болуына аса мән беретін. Қаршыға атамыздың оң қолы қағыс қаққанда қақпаққа тимейтін. Қақпаққа соқпай, тап таза қылып ойнайтын. Бұл оның ерекше қасиеті еді. Артық дыбыс болмайтын. 150-ге тарта күй шығарды. 10-ға жуық ән шығарды. Көп күйін оркестрге түсіріп, әріптестері оркестрлік бағытта насихаттап, жұмыстанды. Шет жағасын өзі де көріп кетті, -деп қосты шәкірті.

Ол шығармашылығы тақырыбы және стилі жағынан әртүрлі. Оның ішінде жақын, сүйікті адамдарына арнаған «Қайран әке», «Ақ қайың», «Сағыныш», замандастарына «Ғазиза», «Би», «Қуаныш», «Шамғон Ақжелең», «Нұрғиса», өткеннің өр тұлғаларына арналған «Абай толғау», «Құрманғазы», «Ақжелең» күйлері бар.

— Композиторлардың шығармашылығына көңіл бөліп, ізденісте жүретін. Жыл мезгілдері тақырыбында ойланып, 12 айға 12 күй шығарды. Циклды күйлер болды. Қазақтың дәстүрі бойынша біріншісін наурыз айынан бастады. 12 ай ақпаннан аяқталған. Әр айдың алатын орны, адамның сол айдан алатын әсерін туындыларында тамаша суреттеген. Әр айдағы іс-шараларды, жағдайлары да шығармаларында қамтыған. Мысалы, «Қаңтар» деген күйі. Ол күйі ауыр, қайғылы шығарма. Себебі, үш жасында осы қаңтар айында Қаршыға атамыздың анасы көз жұмған. Сағыныштан туған шығармасы деуге болады, -деді ҚР Мәдениет қайраткері, күйші Сәлімгерей Садықов.

Мақсаты — қазақтың қара домбырасының деңгейін көтеру

Қаршыға Ахмедияров домбыраның деңгейін скрипкаға теңестіруге барын салған тұлға. Камералық музыканы насихаттауға, дыбыстың жұмсақ болуына, қоңыр, таза, жұп-жұмыр болуына көп жұмыстанды. Студенттер күйшінің қасында жүріп, өнерді меңгеруге ынталы болды. Олардың барлығын қамтуға мүмкіндік бола бермеген. Бұл мәселені «Домбырашылар ансамблі» пәнін ашу арқылы шешуге тырысқан. Сол сабаққа өзі жетекшілік етіп, 1-2 курс студенттеріне тәлім берген.

Дүниежүзін қастерлі күй әуеніне бөлеп, құлақ түргізіп, талайларды тума талантымен тамсандырған Қаршыға Ахмедияров бұрынғы Одақ көлемін айтпағанның өзінде, АҚШ, Жапония, Норвегия, Италия, Финляндия, Франция, Швеция, Швейцария, Марокко тағы басқа көптеген елде оркестр құрамында және жеке концерттік сапарлармен болып, күй мұрамыздың абыройын асқақтатты.

Көзі тірісінде төл туындыларынан құралған бірнеше кітапты оқырманымен табыстырды. «Атырау», «Шынар», «Табыну», «Күй-ұран», «Мәңгілік сарын», «Домбыра думан» күй жинақтарын жарыққа шығарды. 500-ден астам күйі Қазақстан және Қытайдың радио-телеарна мұрағатында сақтаулы. «Қазақ музыкасы антологиясының» 7 томдығы авторларының бірі және «Қазақтың 1000 күйі» жобасының жетекшісі болды.

Күйшінің шығармалары өміршең. Өңірде 3 жыл сайын «Күй-ұран» атты халықаралық жеке домбырашылар және халық аспаптарында орындаушылар байқауы ұйымдастырылып жүр.

— Әр облыс, әр филармония ағаның рухын көтеріп, шығармаларын насихаттау мақсатында танымдық, еске алу, шығармашылық кештерін дәстүрлі түрде өткізуді қолға алса дұрыс болар еді деп ойлаймын. Себебі, ол кісінің шығармашылығы тек Батысқа емес, қазаққа ортақ. Әр өңірінде күйлерін орындап, жас домбырашылардың қалыптасуына үлкен көмегі тиер еді. Қаршыға ағаның 20 мың домбырашының басын қоссам деген арманы болатын. Соны түсірсек екен деген ойы болған, — деді шәкірті Сәлімгерей Садықов.

Өнердегі еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ол Қазақстанның Халық әртісі атанып, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды, «Парасат» орденімен марапатталды. Сонымен қатар, Атырау облысы құрметті азаматы атанды.

Күйші 2010 жылы дүниеден өтті. Дегенмен, оның өнері мен мұрасы халық жадында мәңгі сақталады. Бүгінде туған жері Таңдай ауылындағы мектепке оның есімі беріліп, арнайы сынып ашылған. Атыраудағы Нарын оркестрі де күйшінің атымен аталады. Атыраудың орталығында орналасқан ескерткіші де алыстаң « мен мұндалап» тұр.

— Атырауда Қаршығаның 8 метрлік ескерткіші бар. Байқсаңыздар, ол ескірткіште Қаршығаның бір қолы жоғарыда тұр. Мен ескерткіш авторымен байланысып, «Қаршығаның қолын түсіресін бе, айналайын?!» дегенде ол бұл шешімін былай түсіндірді. «Артындағы ұрпаққа мен осылай домбыраны биікке көтеріп кеттім, сендер енді сол биіктен түсірмеңдер» деген мән бергенін айтқан еді, -деді жұбайы Нұрбике Жұмағалиқызы.

Қаршыға Ахмедияров — күй өнерінің ғана емес, тұтас қазақ руханиятының символына айналған тұлға. Оның домбырадан төгілген күйлері — ұлттың үні, тарихтың тынысы.

Бұған дейін екі ғасырдың куәгері, үш дәуірдің үнін естіген жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай есімінің тарихы жөнінде жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Наурыз 2026 11:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see148

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see147

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see147

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see146

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see145

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see142

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see141

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see141

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see140

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see140

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see140

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see139

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see138

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see137

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see137

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see135
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары